Астанада «Белсенді азамат» акциясы өтеді



Астанада «Белсенді азамат» акциясы аясында ашық есік күні өтеді, оған барлық қалалық басқармалардың басшылары қатысады. Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, қалада тұру сапасы мен жайлылығын арттыру мақсатында инфрақұрылым жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізе алады.

Басқармалардың басшылары өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, биылғы жылға арналған жоспарлармен бөліседі. Қала тұрғындары өз сұрақтарын ауызша және жазбаша түрде жолдай алады.

«Біз елорда тұрғындарымен жеке кездесіп, елорда әкімдігінің ресми сайтындағы (www.astana.gov.kz) «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары арқылы келіп түсетін сұрақтарға жауап береміз», – деп атап өтті Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Е. Каналимов.

Тұрғындарды кездесуге қатысуға және өз сұрақтарын жолдауға шақырамыз.

Халықпен есеп беру кездесуі 2016 жылғы 10 ақпанда Конгресс-холлда өтеді. Басталуы сағат 10:00.

Алдағы уақытта қала тұрғындарымен және басқа да мүдделі тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болу үшін осындай кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады.
Әрі қарай

Муха Мухырлыч. "Мразь"

Тарихқа сенім жоқ. Тарихшы сәбидей бейкүнә болуы мүмкін, бірақ ол жазған, түзеткен, күзеген тарих бәрібір сайқалданып, қысқа күнде өңі қырық құбылып, я тұрысатын жері жоқ, я нық сеніммен берген бәтуасы жоқ бірдеңе. Тарих «сықылды-тәрізді» деген тұжырымдарға көнбейді дегенімізбен, тамыры бәрібір сол — «сияқты-шығарлармен» тұр.
Әрі қарай

Дінін өзгерткен жұлдыздар

Біз қазақ мұсылман болғандықтан әлемге танымал адамдар исламға өтсе, төбеміз көкке жете қуанамыз. Бұл жазбам дәл сондай сезімде болған индуизм, сайентология, буддизм, каббала және православ діні өкілдері жайлы болмақ )
Әрі қарай

Бизнес форумда айтылған 3 үздік старт-ап

  • KazNET
Желтоқсанның 3-4 Павлодарда «Білім және бизнес» форумы өтіп жатыр. Еліміздің 4 аймағынан келген студенттер, «Енактус» ұйымының мүшелері. Алғашқы күні тренингтер мен кездесулерден құрылды. Кездесулердің ішіндегі үздік деген, нақты жұмыс жасап жатқан
Әрі қарай

Шыңғыс Есенамановпен сырласу

Футбол, тек қана футбол!: Шыңғыс Есенамановпен сырласуҚазіргі заманда қыз баланың араласпайтын шаруасы жоқ. Әмбебап болғаннан ешкім зардап шекпеген шығар, енді. Сол себепті ара-арасында футболға да қызығамыз. Сіздерге ескіріп кеткен жаңалықпен бөліспекпін. Шамамен 1 ай бұрын, үй тапсырмасы ретінде, республикалық деңгейде жүлделі орын алған бір спортшыдан сұқбат алу керек болды. Бәріміз жанталасып іздей бастадық. Сөйтіп, менің кейіпкерім кім болды? Қызық болса, сұқбатыма көз жүгіртіп өтіңіз! ^=^
Футбол, тек қана футбол!: Шыңғыс Есенамановпен сырласу
Шыңғыс Есенаманов — «Тұлпар» футбол командасының бұрынғы капитаны, Қазақстан құрамасының вице-капитаны, қазір "Қайрат" мини-футбол клубының ойыншысы. 2012 жылы маусымның ең үздік ойыншысы атанып, араға үш жыл салғаннан кейін қайтадан осы номинацияның жеңімпазы болды.
Шыңғыс, естуімше, сіз Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің (КЭУК) түлегісіз. Не себепті қаржыгер емес, футболист болуды таңдаңыз?
— Балалық шақтан бері футболға құмармын. Қарапайым балалар сияқты алаңдарда ойнап жүрдім. Ақырында қалай кәсіби спортшыға айналып кеткенімді білмей қалдым. Қазір футболсыз өмір, өмір емес. Ол — өмірімнің үлкен бір бөлшегі.
— Қазір физиотерапиялық ем қабылдап жүрсіз. Инстаграм парақшаңызда «аздаған жарақат алдым» дегенсіз. Қашан және қалай жарақат алып жүрсіз? Қандай жағдаяттарда?
— Бізде енді онсыз болмайды. Көбіне дайындықтар мен жарыстардан аламыз. Иә, шынымен ем қабылдап жүрмін. Жаттығу кезінде аздап буындарымды зақымдап алдым. Қазір, шүкір, бәрі жақсы. Жаттығуларға да бәріне қатыса аламын.
Ең бастысы — денсаулық! Сізге тезірек жазылуыңызға тілектеспін. Жазда маусымның ең үздік ойыншысы атаныпсыз. Құттықтаймын! Бұл сүйінші хабармен sport.kz интернет-порталымен бөлісіпсіз. Сонда «Хочется что-нибудь выиграть» дегенсіз, ойға алған мақсатыңызға жеттіңіз бе?
— Рақмет, бұл тосын жаңалықтардың бірі еді. Иә, іштей сездім. Бірақ осы маусымның ең үздік ойыншысы болатынымды естігенде қуанып кеттім. Жоқ, әлі армандаған мақсатыма тек шындалудамын. Бар ынтамды салып, болашақта жүзеге асырсам, нұр істіне нұр болар еді. Бәрі өз уақытымымен болады. (жымиды)
Сонда қандай арманға шындалудасыз?
— Менің арманым Қазақстанның чемпионы болу. Негізі, егер Бразилияға ұтылып қалмағанда, бәрі оңай болушы еді. Бірақ ештен кеш жақсы демекші. Әлі талай жеңісті күндерімізді көп болатына сенемін!
-Білуімше, сізде екі кішкентай ұлдарыңыз бар. Болашақта оларды Қазақстан құрамасының ойыншылары ретінде көре аламыз ба?
— (Езу тартып, күлді) Иә, ұлдарым бар. Негізі қалай жауап берерімді білмей тұрмын. Себебі, үлкен ұлым боксты жақсы көреді. Кішкентайым, әлі ештеңеге қызықпайды. (жымиды) Бірақ әлбетте олардың футболист болғандарын қалаймын. Егер басқа спортқа қызықса да қарсы болмаймын.Олардың қалауы бәрнен маңыздырақ.
Әлбетте, балалардың орны әрқашан бөлек болған, ғаламторда бір қызық пікірге көзім шалынды. Осы пікірге қалай жауап берер едіңіз?
Футбол, тек қана футбол!: Шыңғыс Есенамановпен сырласу
— Енді бұл жерде ешкімді кінәлауға болмайды. Себебі егер Тұлпарда бұрынғы ойыншылар қала берсе, жастар не істейді? Талай талантты жас футболшылар бар. Оларға да өздерін көрсетуге мүмкіндік беруіміз керек.
— Сізбен толық келісем, ал енді Тұлпардан кеткеннен кейін қазіргі жаңа тобыңызбен қарым-қатынастарыңыз түзу ме?
— Аллаға шүкір, бәрі де жақсы. Олардың іштерінде де Қарағандының адамдары бар. Бір-бірімізді қолдап жүреміз. Басында аздап қиын болса, қазір бір отбасының балаларындаймыз.
— Кейде бәрін тастап кеткіңіз келеді ме?
— Пенде болған соң әр түрлі жағдайларға тап боламыз, бірақ ешқашан өмір бойы жиған-тергенімді тастап кетуге дайын емеспін. Ондай күндерім болмады десем де болады.
— Ал, енді, ең соңғы сұрағым. Шетелде болған ең қызық, ыстық естеліктеріңізбен бөлісе кетсеңіз.
— Футболдың арқасында көптеген елдерді араладым. Бір қызығы оларды бөліп жармаймын, өткізген әр сәтім ыстық естеліктерге толы. Әр ойыншыға ең бастысы — туған еліне жеңіспен оралу. Бұл ұмытылмас шақ. Міне, осы ойындардың арқасында қызықты жайттарға кезігіп жүреміз. (Күлді)
Шыңғыс, алтын уақытыңызды бөліп, сұқбат бергеніңіз үшін мың да бір алғыс! Бұл алғашқы сұқбат емес деп сенемін. Болашақта ойға алған армандарыңыз орындала берсін! Амандықта жолығайық!
P.S.: Шыңғысты тек футболист ретінде танитынмын. Оның өзі сырттай ғана. Ал, сұқбатасудан кейін, ойым мүлдем өзгерді. Бір ескеріп кететіні спортшылар тұйық болып келеді. Менің кейіпкерім іштегі бар ойын жасырмай ақтарып салды. Сұрақтарыма толық жауап берді. Көпшілігіне ойнау шеберлігімен көзге түссе, мен оны қамқор әке, адамгершілігі мол, өте қарапайым адамның бейнесінде тани білдім.

Таныс болайық?

Кеш қайырымен болсын, КИлықтар! Бұрынырақ тіркелгеніммен, пост жазар жерді әрең таптым-ау! Ендеше таныс болайық? Есімім-Құлпынай. Тегім-Жасарал. Сыр өңірінде туылған қызбын, Руым-Әлімнің Қаракесегі. Жасым он жетіде болғанымен, Қарағанды Мемлекеттік Университетінің 2 курс студентімін. Журналиспін болашақ. Өмірлік ұстанымым-шынайылық пен ізденіс. Артынан таяқ жегізетінін біле тұра,үнемі шындықты айтуды жөн көретін жанмын. Өнерден де құр алақан емеспін. Әкемнің қызымын. Біреудің айтқанымен жүрмеймін. Кім не айтса да, бәрін керісінше жасайтын жаман қасиетім бар. Бар болмысым-осы! Сынау да басқасы да өз еркіңізде, оқырман. Дегенмен құшақ жая орталарыңызға қабылдайды деп сенемін!
Блог - KulpynaiZh: Таныс болайық?

Астана - Атлетико Мадрид 0:0 (видео)



Астана — Атлетико (Мадрид, Испания) 0:0
Ескертулер:
Постников 44, Джолчиев 60, Жуков 84
«Астана»: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Кетевоама, Мужиков (Жуков 78), Каньяс, Джолчиев (Бейсебеков 90), Кабананга (Щеткин 80)
Әрі қарай

Астанада қандай температурада сабақтың тоқтатылатыны белгілі болды

Астана жаңалықтары: Астанада қандай температурада сабақтың тоқтатылатыны белгілі болды
Қалалық Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен бірге қысқы маусымда ауа райының қолайсыздығына байланысты білім ұйымдарындағы сабақты тоқтату шарттарын ұсынды.

Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сабақты тоқтатудың мынадай параметрлері бекітілді:

  • 1-4 сыныптарда минус 25 градус және одан төмен ауаның температурасында;
  • 1-9 сыныптарда минус 30 градус және одан төмен ауаның температурасы болғанда;
  • 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін минус 35 градус және одан төмен ауаның температурасы сабақ тоқтатылады.
Әрі қарай