"Каспий" тобы - Жаз не деді?!
Ұйқыдан көңілсіз тұратын таңдар болады ғой… Күн жексенбі болса да, көл көсір қуаныштан гөрі еңсе езген мұң бар… Балконға шықсам, аспанын бұлт бүркеген, Күнсіз Астана қарайды маған, бозарып… Сұрықсыз сырттан сырғақсып, ішке асықтым… Түнде телефонға да хат келмеген екен.
Әрі қарай


Иә, кейбіріміздің есімізде кинолар арқылы, кейбіріміздің есімізде Майк Тайсонды ринге шақыруы арқылы қалған Боб қой. Әйтеуір жаңалықтарда оның жеңілгені жайлы айтып өтті. Кішкене бейнесюжетері де болды. Өз басым толық көрмеген соң әлгі көріістен оның жеңілгеніне сене алмадым.Жасы келген Бобтың әйтеуір көп жерде шоу жасап жүргені анық.
Біздің халқымызда «меңдуана шайнағанбысың?» деген тіркес бар. Миға кірмейтін іс-әрекеттер мен сөздерді айтқан жанға қаратыла айтылады. Пушкин ертегісіндегі шал да кемпіріне «Ты что баба, белени обьелась?!» дейтіні де осындай жағдайдан соң ғой.