Шымкенттік қарақшы журналистер

Көптен бері ұры журналистер туралы ләм-мим демей кетіп едім. Пернетақтам қышып қалыпты бүгін
Сонымен, қарақшы газеттерді әшкерелеудің екінші маусымын ашық деп жариялаймын.

Оңтүстік Қазақстан облысында шығатын «Замана» атты облыстық газет бар. Оқуға-тұрарлық және тұрмайтын мақалақалалар мен емші-бақсыларды пиарлайтын мақалаларды жиі жариялап тұрады. Бүгіндікке сол газеттің Интернеттегі сайтынан қарақшылық жолмен алынған үш мақаланы таптым. Бұрынғы блогта жазған мақалам және кейін «Мәліметтер» мен «Ана мен бала» сайттарында жарияланған мақалаларымыз аздап өзгертіліп, өңделіп, басқа авторлардың атынан жарияланып кеткен.
Әрі қарай

Атырау-Маңғыстау пойызы



Бүгін таңғы сағат 5терде Құлсары қаласынан 18 шақырмдай жерде Атырау-Маңғыстау бағытындағы пойыз қар құрсауында қалып қойды.

Поезд жарты сағат тұрғаннан кейін Құлсары қаласынан шығып 469-шақырымда рельстердің қардың астында қалуы себепті тоқтап қалды.
Жолдарды қардан тазалауға қазір шамамен 90 адам мен арнайы техникалық жабдықтар жұмылдырылған.
Мінеки тағы да фотолар. Осыған қарағанда жоғарыдағы фото монтаж емес
Әрі қарай

Мен ұсынатын бір ән. Пибігүл

Қазіргі заман жастары дікс — дікс даңғаза, әсіре қызыл, жарқыл, жұрқыл әндерге үйір болып алған нақтар кілең. Құлақтан кіріп бойды алған қайда сол бір ерекше әуендер, -деп тасым езіліп жүргенде, Рождество мерекесінің қарсаңында, Мазари Шаймердендегі Ұлықпан Паваротти атындағы опера театрында керемет бір концерттің куәсі болудың сәті түсті нақтың. Сіздермен бөлісуді жүн көріп отырм.
Қарсы алыңыздар Пибігүл Кабалье!!!
Әрі қарай

Мейлі (Қайрат Нұртас)

Әні мен сөзі: Ержан Серікбаевтікі

Сені іздедім мен құстар өткенде
Сені іздедім мен самал өпкенде
Іздеп аппақ қардан да
Жоқсың баққа барғанда
Айналдың ақ арманға

Қайырмасы:

Мейлі, болса да алыс арамыз
Түссе де салқын қара күз
Бірге бүршік жарамыз!
Мейлі, мұңды боп өтсін түндерім
Сені іздеп өтсін күндерім
Қиялыммен біргемін!

Сені іздедім мен заңғар көктерде
Сені іздедім мен келер деп көктемде
Арман жырым бір менің
Өзің деп көз ілмедім
Қайдасың сені білмедім?!
Әрі қарай

Нағыз КАПИТАН!

Жақында Семейде еліміздің футболдан алты дүркін чемпионы,Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, футболдан тағыда бірнеше атақ иегері,«Ақтөбе» футбол клубының капитаны Самат Смақов атындағы футбол мектебі ашылды! Мұнда жас жеткіншектер тегін тәрбие алатын болды.
Әрі қарай

Керектің Саяси Болжамдар Орталығы. Мүшейра-2

Сұрақ: Парламент Сайлауынан кейін Премьер-министр кім болады?

Алғашқы дұрыс жауап иесіне сыйлық — өзі көрсеткен оператордың 5 000 бірлігі.

Бір қолданушының тек бір ғана болжамы қабылданады. Дұрыс болсын, бұрыс болсын, бірақ қызықты
Әрі қарай

Халықтар арасында...

Суреттің жылы орыны
26 желтоқсан күні орыстың халықтық күнтізбесінде Евстрат деген атпен ежелден белгілі екен. Ауа райын болжаушыларға бұл күннің өз ерекшелігі бар. Халық арасында осы Евстрат күнінен бастап 12 тәулік бойы келер жылдың әр айларындағы болатын ауа райының өзгерістерімен құбылсытарына сәйкестендірген екен: бүгінгі ауа райы қаңтар айының райын көрсетсе ертеңгі күн яғни 27 желтоқсан қаңтардан кейінгі айдың райын көрсетпек…
Әрі қарай