Керектің Саяси Болжамдар Орталығы. Мүшейра-2
Сұрақ: Парламент Сайлауынан кейін Премьер-министр кім болады?
Алғашқы дұрыс жауап иесіне сыйлық — өзі көрсеткен оператордың 5 000 бірлігі.
Бір қолданушының тек бір ғана болжамы қабылданады. Дұрыс болсын, бұрыс болсын, бірақ қызықты сараптама, логикалық тұжырым иесі кішкене арнайы сыйлығымыз бар. Орысша ресурстардан аударып салған қолданушыны Масқара Тақтасына іліп, лағынет айтамыз.
Мүшейра жаңа премьер-министрдің кәндәлеттігі ұсынылған/қарастырылған тұста бітеді. Президент, Парламент бекіткен-бекітпегенін күтпейміз: қаззақтарда ондай болып көрмеген, жүрегіміз ұшып кетіп жүрер нақ.
Бастаңыздар! Нелерің кетті, ұра беріңдер!

Қысқасы, Мәсімов қалады!
Бір косяк жасап қоймағанынша, әрине.Орнын ауыстыратын адам да байқалмайды. Көлеңкеден біреудің қуыршағы атып шығып келмесе.
Егер түссекороче, фиг их поймет!
Е, қойшы, Саясат Бақытгерейч барда не қам бар? Рахат, елімнің саяси тағдыры туралы ойланып басымды қатырмаймын.
Көрдің қадір құдыретін,
Білсін даю сұңғатын,
Мұстапаның үммәтін,
Мұндағы ташырық қылдия
Деген өлең жолдарында көрініс табады емес пе ,Қилеке?
Әсет Исекешов.
kaz.gazeta.kz/art.asp?aid=117393
Бір табан жақындай түсті.
Қай тұрғыдан алсақ та Жаңаөзен оқиғасы қоғамға жаңа леп әкелді деп ойлаймын. НАН Үкіметті, жергілікті меморгандарды халықпен жұмыс істей алмайды деп жығып берді. Келесі жасақталатын Үкімет Мәсімовтің командасынан гөрі халыққа бір табан жақын болуы енді заңды болатын болды. Материалда Масимов кетеді деген астарлы сілтеме бар деп ойламайсыздар ма?
Келімбетов пен Ахметов сияқты. Мүмкін Тасмағамбетов? БҚО басшысыз отыр, оған кім баратынын…
Ал Тимур Құлыбаев келетін болса, президенттің ұстанған «саясатын» қазбаламай-ақ қойсақ та жеткілікті.
Қысқасы, Тасмағанбетов орынтаққа ие болады.
Болашақ президент ретінде де мен сол кісіні көргім келеді, сол себепті де әр қаланың әкімі болып жүргеннен, премьер-министр болғанын құп көрдім. Оған қоса, сәуегей ақ шашты деп айтып қалған, Иманғали қара шаштылардың қатарынан емес қой деп осындай болжам жасалынды
Үкіметке сенім білдіріпті ғоооойй…