М-1: Федор Емельяненко - Педро Хиззо

Кеше ғана Федор Емельяненконың Педро Хиззомен кездесуі болып өтті. Алдын ала жазба жазамын деп ойлап жүрген едім, бір шаруалармен қолым жетпегені үшін кешірім сұраймын Сонымен, Интернетке видеолары да шығып үлгерді. Жекпе-жек туралы жазып, дәмін кетірмей-ақ қояйын. Өздерің тамашаларсыңдар
Бөлісу:

4 пікір

omarbirat
Бұл — Федор Емельяненконың үш рет жеңілгеннен кейінгі үшінші жеңісі екенін пернетақтаға тиек ете кетейін.

Осы кездесу оның соңғы жекпе-жегі дегендей бір әңгіменің шетін оқып қалған едім. Дәлелім жоқ бірақ. Ондай жағдайда әдемі кету деуге болатын шығар. Болмаса, Соңғы Императордың оралуы
omarbirat
Сыбыс расталды. Федор Емельяненко енді ММА жарыстарына шықпайтын болыпты. Енді тек ММА шараларында қонақ ретінде көретін шығармыз. Соңғы кездері дінге беріліп жүргені бар. Не болса да, үш соңғы жеңілісін (баяғыда тыйым салынған соққыдан алған жарақатына байланысты жеңілді деп есептеліп кеткенін қоспағанда) соңғы үш жеңіспен нөл де нөл қылып әдемі кетіп бара жатыр.

Кету себебін Федор былай деп түсіндіріпті:
Кететін уақытым келді деп ойлаймын. Алдымда әлі жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты бар. Кету туралы шешім шығаруыма отбасым ықпал етті. Қыздарым менсіз өсіп жатыр, сондықтан кететін уақытым болды
Қайта оралу мүмкіндігі туралы былай депті:
Мен ешқандай фантастикалық ұсыныстармен қызықтыра алмайсың. Ал Вердуммен реванш өткізу мүмкіндігіне келер болсақ, оған басым ауырмайды. Қазір ешқандай келісімдер жоқ. (Сондықтан) Бұл туралы айтатын ештеңе жоқ.
Abilakim
Әдемі төбелес болған екен. Рингтен кететін жасқа да келіп қалды ғой расында да. «Жас өспей ме, көкейіңді теспей ме» дегендей ертең бір жас баладан таяқ жеп жатса атына сын.
Меніңше Федя біздің Төлегенмен кездесіп қалмас үшін кетіп барады рингтен.
omarbirat
Меніңше Федя біздің Төлегенмен кездесіп қалмас үшін кетіп барады рингтен.
Мүмкін, мүмкін. Боб Саппты анау-мынау адам сабай бермейді

Негізі, жасының қатысы болмауы керек. Федяны нокаутқа жіберген Дэн Хендерсонның жасы қырықтан асты. Әлі бабында.
Босаңсып кеткен шығар. «Единая Россияның» буы күшін алып қоюы мүмкін ғой