Шетелде блог арқылы ақша тауып жүргендер көп

Қазақтың оқу-білімге құштар жастары екі мыңыншы жылдар тұсында шетелге қарай ағылып, білім алуды бастады. Сол кезде Түркияның атақты Анадолы университетін туризм және қонақүй менеджменті мамандығы бойынша оқып жүрген Аршат Мұратұлы ақпараттық технологияға деген құштарлығы мен бейімі арқылы сайт ашуға ден қоя бастаған-ды. Әуелі футболға, әлемдік үздік әнші Шакираға арнап жеке сайттар ашқан Аршаттың қазақ жастары арасында резонанс тудырғаны – 2002 жылы ашылған КерекИнфо сайты болатын. Сол арқылы қазақ топырағы мен шетелдегі қазақтарды таныстырып, оларды ортақ ұлттық мүддеге қызмет етуді үндеген жас 2004 жылы еліне оралып, қазақтың ақсап жатқан сайт және блог жасау ісін қолға алды. Қаншама сайттың авторы, бүгінде «Егемен Қазақстан» газеті сайт әкімшісі Аршат ОРАЗОВПЕН сырласудың сәті түскен еді.




Кешегі Ұлы отан соғысы жылдарында Доссор кен орындарынан атқылаған қара майды, еш химиялық айырмастан бірден майшиналарға құйғанын айтып, бүгінде сол Доссор мұнайына 100 жыл мерейтойын дүркіретіп өткізіп отырған Атырауда кешеден бері жанар жағар май жоқ. Аи 92,95 маркалы бензин баяғы кеңес дәуіріндегідей талон жүйесімен жіберілуде. Кей жанар-жағар май бекеттерінде Аи95тің литрі 150 теңгеден, ол да тапшы халық талап әкетіп жатыр. Қаладағы бензин тапшылығы едәір білініп тұр,

