8 наурызға сыйлық таңдаймыз


Жігіттер мінекей көктем келді ал көктем келді дегеніміз қыздардың мерекесі де ойламаған жерден сарт ете түсті деген сөз. Біреу “8-март болды жігіттерге шарт болды”-, деген екен.1910 жылы Клара Цеткинаның әсерінен мерекеге айналған бұл күні кез-келген еркек атаулы футболды, газет оқуды ұмытып, жұмысты кейінге қалдырып сүйіктілеріне сыйлық іздеп жүгіреді. Жалпы бұл күні әйелдердің бәрі сұлу, бәрі бақытты, өйткені олардың бір жыл бойы асыға күтетін мейрамдары, мінекей дәл осы күні. Ендеше қалтаңыз қалың болмасада жақын қыз-келіншектерді қуантуға бекем бел байлаңыз.
Әрі қарай

Еркеш Ериков-Анажан

Админнің ұсынысын ертерек қабылдай берсек болатын шығар. Қарағандылық жас әнші Еркебұлан (Еркеш) Еріковтың орындауындағы «Анажан» әні.
Мәтіні-Таубай Сақтағанұлынікі
Әні-Ахмедияр Есмұхановтікі

kiwi.kz/watch/hw4v1e11eepz/
Әрі қарай

«Оскар» лауреаттарының алғашқы сөздері



«Оскар» алған лауреат сахнадан шығып бірден журналистер отырған баспасөз бөлмесіне тап болады. Барлық БАҚ-тың көзқұртына айналған бұл бөлме масс-медиа үшін таптырмас жер, себебі, дәл осы орында жеңімпаз алғашқы таза әсерлерімен бөліседі, шынайы бейнесін көрсетеді, қуанышын жеткізеді. 2012 жылғы Оскардың лауреаттары айтқан алғашқы сөздерді назарларыңызға ұсынамыз.
Әрі қарай

Ұрланған мақалалар: "Шипа" газетінің 14-ші саны (2011 ж.)

Блогшы Ақзеренің талай редактор мен арамтамақ журналистердің отбасын асырауға көмектескенін біразымыз білеміз. Сондай мысалдың бірі Алматыда шығатын «Шипа» газетінде орын алған. 2011 жылы жарық көрген 14-шісанында Ақзеренің "Иықтан шашың төгіліп жерге" атты мақаласы блогынан көшірілген, ешқандай сілтеме жоқ. Бұл газеттің сол санында «Ана мен бала»сайтынан да бір мақала ұрланып жарияланған екен.
Әрі қарай

1300 бөлмесі бар, бірақ дәретханасы жоқ

Рас, айтам. Парижден 20 шақырым жерде орналасқан атақты Версаль сарайының 1300 бөлмесі бар екен. Бірақ, әлгі сарайда дәретхана жоқ көрінеді. Деректерге сүйенсек осындай екен. Әрине, сарайдың ертеректе салынғанын ескерсек дәретханасы болмаса болмаған шығар, бірақ қазір мұндай үлкен ғимаратта дәретхана жоқ дегенге сену қиын. Бәлкім кейін дәретхана жасаған шығар, оны білмейміз.Бұл қызықты дерек болған соң жаздым. Іш пыспасын деп.
Әрі қарай

Мәдени жаңалық

Ақпан айының бірінші жұлдызынан бастап Оман сұлтандығының астанасы Мускатта (Масқат) халықаралық шығармашылық фестивалі өтіп жатыр. Бұл фестиваль ақпанның 25-ші жұлдызына дейін жалғасын таппақ. Осы шара аясында Қазақстанның атынан Қарағанды облысының мәдениет басқармасына қарасты Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі және «Аққу» хореографиялық би ансамблі, дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы ретінде ҚР мәдениет қайраткері Дәуренбек Аркеновтар барып қайтты. Шетелдіктердің біздің елдің киімі мен халық аспаптарына қызығушылықпен қарайтындығы осы фестиваль аясында тағы да белгілі болғандай.
Әрі қарай

2012 қазақ сайттарының жылы болады

  • KazNET
Биылғы жылға болжамым осындай. Биыл қазақша сайттар көбейеді.



Біріншіден, елімізде интернет қолданушы саны көбейді. Төмендетілген тарифтер, GSM операторларының USB модемдері қолданушы санының тез өсуіне әсер етті. Қолданушы көбейген сайын сұраныс та артуда.

Екіншіден, сайттың да бір БАҚ сияқты құрал екенін адамдардың түсінуі. Сайт арқылы да ақпараттық соғыс жасауға болатынын және сайттағы пікірлер арқылы да жағымды / жағымсыз атмосфера қалыптастыруға болатынын Үкімет те басқа ұйым, топтар да түсініп отыр.
Әрі қарай

Поколение "П" немесе "Ауызкөттер Теориясы"



Кеше «Поколение „П“» фильмін көрдім.
Мақтаулы кітаппен айырмашылығы жер мен көктей болса да, былай түсінікті, айналасын жұмыр етіп шығарған.
Боғауыз көптігінен кинотеатрларда көрсетпеген сияқты. Өз басым экранизацияның прокатқа шыққанын екі ай бұрын ғана естіп, оны жазып алатын уақыт болмай жүрді.
Әрі қарай