Фатмагүлдің кінәсі не? 41 бөлімі



Вуралдың өлімінен кейін абақтыға жабылған Керим Ылгаз өмірдің небір тауқыметін бастан кешуде. Фатмагүл екеуінің өзара ынтызарлығының бұл аса күрделі кезеңі.

Керимнің басына түскен нәубеттерді естіп, шалғайдан сюрприз бір іздеушісі келеді… Ал Яшарандар Мелтемнің әкесі үшін бір қырсық ойластыруда. Әркім өз басымен әлек.

Мерием апа кафелеріне үйсіз-күйсіз студент баланың еңбек етіп, нан табуына, сол жерді мекен етуге оңай рұқсат береді. Өз құшағына кімді қысып жатқаны әзірге белгісіз.

Ал сол кезде, Мұстафаның басына қара бұлттар үйіріле бастайды…



Бөлісу:

22 пікір

Nurgisa
Сүйікті сериалдарыңыздың кезекті сериясын қабыл алыңыздар.
asaubota
өткен серияны әлі қарай алмай жүрмін, уақыт болмай. осы демалыста нетермін.
Nurgisa
Осындағы ВебРед деген қолданушының сериалды аударушыларға қатысы жоқ па екен осы…
bazuka
40-шы бөлімде фатмагүлдің керимге баратын жері күшті шыққан, сезімге толы.
Nurgisa
Жыладың ба?
bazuka
Жылағам жоқ.
satibaldi
Неге?
bazuka
Әдетімде жоқ жылау. Мүмкін қатігез, тасжүрек кісімін.
satibaldi
Бәлкім фильм нақышына жеткізе боздата алмады.
P.S. Егін қалай биыл?
bazuka
жоға фильм жақсы, актерлерінің ойындары жақсы.
Егін жақсы сияқты, диқаншылардың езулерінде күлкі үйіріліп жүр еді.
John
Осындай «херняларға» уақыт бөліп қарайтындар да бар екен ғо.
meirzhan
Сен не қарайтын едің?
Aizhantabyn
блииииииииин, сериалдан да шығып кеттім уже((( Гюмуштан бастап Листопадқа шейін көріп, қазір че то уақыт болмай жүр…
satibaldi
Бұл мәлімдемеңіз Түрік киноиндустриясына ауыр соққы болуы мүмкін, о не дегеніңіз, уақыт тауып қараңыз бірдеңе қылып.
Xansha
қайда болватр жалғасы???
П.с.: «махаббат пен жазаны» да осылай қысқартып тастай ма? «күзгі жапырқтар» да аяқсыз қалды. Бұлар не боп кеткен өзі?
asaubota
Түркияда екінші сезоны болып жатыр.

сериалдар қысқартылмайды. сезон сезон болып түсіріледі. Фатмагүлдің бізге бірінші сезоны көрсетілді.
Xansha
ал жалғасын қайдан, қашан, қалай қарай аламыз?
asaubota
осы сайттан қара, түрікшесін. қазақша және орысшасын бірнеше айдан кейін отыз бірінші канал көрсететін шығар.
Xansha
ммм, рааахмет. Бір арнадан көрсетіп, өткізіп алдым ба деп қалсам. Ал түрікше қараған қызық емес қой. Тілді білмеген соң толыққанды әсер ала алмаймын, өз басым.
asaubota
аудармашы тауып ал

мен әйеліме аударып беріп отырамын. бұрынғы бірінші сезонын күнде күтіп отыруға нервымыз жетпей интернеттен бірден бәрін түсіріп алып, бір күнде бірден бірнеше сериясын қарап отырдық.
Xansha
Аудармашы жоқ қой сол.… Сонда да, «не то» сияқты ғой.
Nurgisa
Бір сәйкессіздікті байқадым
Осы серияның бірінші бөлімін қараңыздар. 44:07 мен 44:15 тегі Керимнің жанындағы ана кісінің үстіндегі көйлек екі түрлі. Бір түрлі екен өзі