Бензіннің летірі 18 теңге...
"Қай жақта?"-деп отырған жеріңізден атып тұрмай-ақ қойыңыз. Баяғыда, жайлауда естіген әңгімем ғой бұл. Үлкендер өзара әрнені қыртысып отыр. Бір кезде біреуі«Бензіннің летірі 18 теңге болды, 20-ға барғанда жаяу жүретін шығармыз...» деді. Содан бері әжептеуір уақыт өтіп, бензін бағасы да әжептеуір өзгеріске ұшырыпты. Бірақ, машинасын қаңтарып қойып жаяу жүріп жүрген бірі жоқ.
Мотоцикліңде бензин бітіп қалса, «ох білә, нақ» деп міндетсіп, жолдың бойында тұрасың. Кез-келген жүк мәшинесі тоқтайды да, үндемей шланг ұсынады. Мәшиненің багынан мотоциклдің багын аузы-мұрнынан толтырып аласың да, үндемей шлангын қайтып бересің. Рақмет те айтпайсың, темекіге рақмет айтуға болмайтын сияқты жазылмаған заң еді.
Жұрт мына қаладан ана қалаға бензинсіз шығып кете беретін, «тігейін, жолда біреуден құйып алам» деп.