Салтанат! Салтанат!

Бұл әннің аты «Білем, білем жаным». Ән авторы Алмас Биғазыұлы Фазылов. Бұның алдында өзінің орындауындағы нұсқасын салған едім.
Енді міне, «До-мажор» тобы мен Салтанат Құдайбергенованың орындауындағы нұсқасын ұсынып отырмын. Алмас бір сөзінде әнді «До-мажорлықтарға» бергенін айтқан еді. Жаман шықпаған секілді.
ә, айтпақшы...«неге Салтанат?» дейтіндер болса.Бұрынырақта "Әнші балапан" атты телевизиялық балалар байқауы бар болатын. Сол байқауда Ерболат Құдайбергенов «Салтанат, Салтанат, Салтанат деп ән айтад ағаң сенің Ерболат» деп әндеткені бартын…
До-мажор & Салтанат Құдайбергенова — Білем жаным (2012) [www.kazprime.com]

Әрі қарай

Компьютеріңіздің жай жасау себептері

Бұл мақалада компьютер не себептен жай жасайтыны туралы жазылмақ. Компьютердің жай жасау себептері алуан түрлі, сондықтан біз осы мақалада көп жағдайда компьютердің жай жасауына алып келітін себептерді жазуды жөн көрдік.

1. Температура. Көп қоданушылар процессерінің температурасы қандай екенін біле бермейді. Ал оны «Everest» деген бағдарламамен білуге болады. Бағдарламаны қосасыз да, ашылған терезеден «Компьютер» дегенді таңдайсыз. Сосын «датчик» дегенді басасыз. Егер процессордың температурасы 50 градустан едәуір жоғары болатын болса, кішкене ойға түсіп, неге жоғары температура деп қиналсаңыз болады.
Жоғары температураны төмен түсіру үшін кулерді шаңнан тазалап, дұрыс айналып тұр ма, соны тексеру керек. Кулер мен процессордың ортасына термапаста жағыңыз.

2. Реестр. Компьютерге көп бағдарламаларды қондырып және сол бағдарламаларды кетіріп жатамыз. Бірақ кетірген бағдарламаларымыздың қалдықтары реестрде қала береді. Сөйтіп уақыт өте Реестрде керек емес қоқыстар жинала береді. Кетірілген бағдарламалардан қалған қалдықтарды «CCleaner» деген бағдарламаның көмегімен тазалауға болады. «CCleaner» бағдарламасы қолдануға оңай.
Бағдарламаны қосамыз да, «Реестр» деген бөлімді таңдаймыз. Барлығын белгілеп «поиск проблем»-ді басамыз. Бағдарлама керек емес файлдар мен қателерді табады. Табылған қателердің барлығын таңдаймыз да, «исправить»-ті басамыз. Сол кезде бағдарлама кетіретінін кетіріп, қателерді жөндеп береді.

3. Егер компьютеріңізде жедел жадының аумағы кішкентай болатын болса, компьютеріңіз жие қатып қала беру мүмкін. Сондықтан «мой компьютер» үстінен тышқанның оң жағын басамыз да, сосын «свойства» → «дополнительно» → «быстродействие» → «параметры» → «дополнительно» → «виртуальная память» → «изменить» → «особый размер»-ге кіреміз, жобалап «1500 – 2000»-дай аумақты жазамыз да, бірнеше рет «ОК» басамыз.

4. Автозапуск. Компьютерге кейбір бағдарламаны қондырғанда «Автозапуск»-ке де жазылады. Ондай бағдарламалар компьютер қосылған кезде автоматты түрде қосылады. Егер сондай бағдарламалар көп болатын болса, компьютер жие қатып қала береді. Себебі компьютердегі жедел жадының аумағын көп қосылып тұрған бағдарламалар алып отырады. Ондай бағдарламаларды «Автозапуск»-тен алып тастау үшін «пуск» → «выполнить» бамасыз, содан кейін «msconfig» жазамызда, «ОК» басамыз.
Ашылған терезеден «автозагрузка»-ны таңдаймызда, сол жердегі керек емес бағдарламалардан белгілерді(галочки) алып тастаймыз. Бірақ абай болыңыз, системаға қатысты және антивирусты автоматты қосылудан алып тастап жүрмеңіз. «применить» басамыз, сосын «ОК» басамыз. Содан кейін компьютерді сөндіріп қосамыз. Қосылғанда жүйеде өзгеріс бар деген терезе шығу тиіс. Келесі қосылғанда қайталап шыға бермеу үшін сол терезеден белгіні(галочка) алып тастаймыз.

5. «Жұмыс үстелі». Егер жұмыс үстелінде үлкен аумақты файлдар болатын болса, ол ескі компьютерлердің жие қатуына алып келеді. Сондықтан жұмыс үстелінде үлкен аумақты файлдарды немесе папкілерді сақтамаған жөн. Тағы жұмыс үстеленді немесе «Мои документы»-дағы файлдармен папкілер аумақты Операциялық жүйе тұратын С дискісінен алады, сондықтан Операциялық жүйе тұратын С дискісін толтырмау үшін улкен аумақты файлдарыңызды немесе папкілеріңізді басқа бөлімдегі дискілерге сақтаңыз.

6. «Вирустар». Түрлі вирустар компьютеріңіздің жие қатуына себтігін тігізеді. Сондықтан антивирустық бағдарламаларыңызды жие жаңартып, аз дегенде күніне бір рет тексеріп отырыңыз. Флешкілерді ашудан бұрын тексеріп жүріңіз. Тағыда «доктор веб»-тің шағын бағдарламасын қолдансаңыз болады. Бағдарламаның аты «DrWebCureit»

Енді соңында айтарым компьютеріңізге кез келген қоқыстарды жинай бермеңіз. Ғаламтордан жүктелген файлдар мен бағдарламаларға сақтықпен қараңыз.

Мақала мына сайттан алынды.
Әрі қарай

"Командная строка" немесе "cmd"

Cmd — көптеген мамандардың көмегіне келетін, көп деген бұйрықтарды беруге болатын шағын ғана бағдарлама.
Бірақ бұйрықтардың көп болғандығынан, мен ішінен күнделікті өмірде көп қолданатын бұйрықтарды ғана теріп жазамын.

Енді «Командная строка»-ны шығару үшін «Пуск» басамыз.
Содан кейін «Выполнить». Ашылған терезеге «cmd» деп жазамыз.
Әрі қарай

D тобы


Украина Еуропа чемпионатына бірінші рет қатысайын деп отыр. Англияның соңғы үлкен жеңісін көргендер қазір елудің үстіне шықты. Шведтерден чемпиондық күту ұят сияқты. Ал, француздар болса 1998-2000 жылдардағы ғажайып күйінен адасып қалды.
Әрі қарай

C тобы


ИИИХ… Түшкіргем жоқ. Бұл С тобының аббревиатурасы.  Мұнда фаворит анық, аутсайдер де бірден танылатын сияқты. Бірақ, бәрі тым қарапайым деуге болмас.
Әрі қарай

Фотожұмбақ(қарағандылықтар жауап бермесін)

Әр қалада әр түрлі ескерткіштер, әркімдерге қойылған ескерткіштер болады. Тіпті кейбірі қаланың символына да айналып кетеді.
Мынау ерінбеген құстардың барлығы басына саңғырып кеткен, қанаты талған құстардың сәл демалып алатын ескерткіш-бюстті кімдікі деп ойлайсыздар?
Әрі қарай

Қажығұмар Воркута. "Қызметкерлер"

Бұл бұққан сайын, басекең де тыға берді.

— Ал мысалы, мына буманы алайық. Сайра Макнамара. 1988 жылы туылған, тфьуй епті — күшік қой мынау? Оқуы — аяқталмаған жоғары! Өзің ойлап қараш: елдің жартысы үш дипломмен бөтелке тапсырып жүр; ал сен аласың да — аяқталмаған жоғары «білімді» адамды жұрт 35 жыл бойына қолы әрең жететін — комитет хатшылығына дүңк еткізесің? Тырыссам — ар жағында жемқорлық пактісі болғанын да анықтай алам! Айтшы өзің? Неге қаршадай қыз — кенет осылай ұша жөнелді? Кадрлық саясат наққа кеткен заман боп тұр ма бұл өзі?

Қияметдин Уинстоннан шып-шып суық тер шықты.

— Басеке, әлгі, баяғыда мен келгенде де, Сіз…

— Не? Не болып еді сен келгенде? Жақсы, жақсы! Мені әдейі тиісіп отыр деп ойлап тұрсың ғой
Әрі қарай

Қара киімділер: Өткенге ұмтылыс


Айдың бетінде салынған құпия түрмеге тоғытылған Борис (Джемейн Клемент) есімді өзгепланеталық келімсек агент Кейден (Томми Ли Джонс) есе қайтаруды ұзақ күткен еді. Міне, сол күн де келіп жетеді. Түрмеден қашып шыққан Борис, Жерге келіп өткен шаққа оралады дағы, тарихты түбегейлі өзгертіп жібереді. Ол агент Кейді өткен шақта өлтіріп тастап, адамзатқа қауіп төндіреді. Серігін құтқармақ болған агент Джей (Уилл Смит) де өткен шаққа оралып, бәрін орнына қоюға тырысады.
Әрі қарай

Гиппократтан сұрақ

Сен жедел жәрдем қызметкерісің. Шұғыл бір науқасқа шақырту алдың. Белгіленген жерге жетпей жолай есінен танып жатқан (биш емес, норма киінген адам, мейлі екіқабат әйел обшым сондай мүскін жан)адамды көрдің. Қайсысына көмектесесің?
Әрі қарай