Салтанат! Салтанат!

Бұл әннің аты «Білем, білем жаным». Ән авторы Алмас Биғазыұлы Фазылов. Бұның алдында өзінің орындауындағы нұсқасын салған едім.
Енді міне, «До-мажор» тобы мен Салтанат Құдайбергенованың орындауындағы нұсқасын ұсынып отырмын. Алмас бір сөзінде әнді «До-мажорлықтарға» бергенін айтқан еді. Жаман шықпаған секілді.
ә, айтпақшы...«неге Салтанат?» дейтіндер болса.Бұрынырақта "Әнші балапан" атты телевизиялық балалар байқауы бар болатын. Сол байқауда Ерболат Құдайбергенов «Салтанат, Салтанат, Салтанат деп ән айтад ағаң сенің Ерболат» деп әндеткені бартын…
До-мажор & Салтанат Құдайбергенова — Білем жаным (2012) [www.kazprime.com]

Бөлісу:

12 пікір

Abilakim
ән тыңдап, салыстыра отырыңыздар
asaubota
сол баяғы Салтанат қайда екен деп ойлайтын едім, ол да әнші болған екен ғой. Ерболат әкесімен бірге Тамашада да ойнап жүрді ғо
alisha
Иә, қазір бейшара бала екінші некесін заңдастыра алмай әлек боп жүр деседі
mercedes
тоқал?
alisha
Бәйбішесінен айырылғысы жоқ, айы-күні жетіп отырған «тоқалына» да заңды күйеуі болғысы келеді. Заң рұқсат етпейді, бала дал… Асхат Садырбай жазды блогына жақында
mercedes
Дұрыс қо алса алсын
Abilakim
әкесі алқаш адамның рөлін ойнады ау деймін…
Gulistan
Ол әкесінің бауыры, қатты ұқсас болған соң әкесі деп шатастырып жатады екен елдер.
sammita
өткен аптада Хабарға шықты Құдайбергеновтар отбасы. Салтанат үлкен қыз болған. Тағы бір ұл бар екен Ерболаттан кейін.
asaubota
ол ұл қасында домбыра тартатын емес пе?
Abilakim
ол немере інісі ғой
sammita
басқа. Отбасымен музыка саласында екен.