Қажығұмар Воркута. "Қызметкерлер"

Бұл бұққан сайын, басекең де тыға берді.

— Ал мысалы, мына буманы алайық. Сайра Макнамара. 1988 жылы туылған, тфьуй епті — күшік қой мынау? Оқуы — аяқталмаған жоғары! Өзің ойлап қараш: елдің жартысы үш дипломмен бөтелке тапсырып жүр; ал сен аласың да — аяқталмаған жоғары «білімді» адамды жұрт 35 жыл бойына қолы әрең жететін — комитет хатшылығына дүңк еткізесің? Тырыссам — ар жағында жемқорлық пактісі болғанын да анықтай алам! Айтшы өзің? Неге қаршадай қыз — кенет осылай ұша жөнелді? Кадрлық саясат наққа кеткен заман боп тұр ма бұл өзі?

Қияметдин Уинстоннан шып-шып суық тер шықты.

— Басеке, әлгі, баяғыда мен келгенде де, Сіз…

— Не? Не болып еді сен келгенде? Жақсы, жақсы! Мені әдейі тиісіп отыр деп ойлап тұрсың ғой сен, а? Жоқ, ептібайымайд! Өзің алып берш кез келген портфолионы!

Қияметдин құлықсыз бір буманы бере салды.

— Мінеки! Ал жақсы, мінеки! Ламадоржы Гярай, 1989 жылы туылған! Не дейд нақ: иә-иә, жоғары білімді екен, бірақ — ихтиология институтын бітірген! Қияметдин, сен өзің деген нағыз оңбаған боып тұрсың ғой а, шынымен?! Ау епті-ау, жұмыссыз юристерді о дүниеден келетін шалғышы ажалдың өзі алуға жиіркеніп, құсқойватқан заманда, балықшың не сенің? Лібә, 89 жылғы бала өзі жалпы бірдеңе түсіне ме? Бұл қалай баспасөз хатшысы болды? Ал айта ғой?

— Жоға басеке, баяғыда ше, осылай мен де осы мекеменің табалдырығын аттағанда…

— Сен тура жауап бер! Тағы да сұрақ: 1989 жылғы балақан — қалай біздің баспасөз хатшысы болды?

— Басеке, басынан бастап түсіндірсем деймін. Жұмысқа алу принципін жеке өзім былай түсінемін:…

— Жап аузыңды!.. Мәссаған мынаны қара, Жұмат Хендрикс, қаржы бөлімінің есепшісі… 1993 жылғы!!! Тап шешеңңді сенің, мында кел нақ! Бері кел лібәдтың баласы!

Басеке жұдырығын сайлап, орнынан түрегеле берген кезде, Қияметдин жалбарына жөнелді:

— Басеке, олардың барлығы қазір осында отыр! Кірсін бе, а? Өзіңіз көріңізші!

— А? Шақыр мұрынбоқтарды, басқа жұмыс іздеуді үйретжіверейін нақ!

Сол-ақ екен, бөлмеге алдымен Сайра Макнамара кірді. Жап-жасыл көздерінің аспанмен астасқан көкпеңбек қарашығының өзі бір әлем екен. Кіршіксіз, пәк мына көздерді көріп, басекеңнің аузына құм құйылды. Одан кейін кірген Ламадоржы Гярайдың қоңыр қой көздері де елжіретті. "Әділеттің ақ туын желбіретіп, өмір бойы жарқабақ жартас боп өтем!" деген нағыз еркектің айбынды көзқарасы дерсің, шіркін! Ал Жұмат Хендрикстің дүниеден баз кешкен, қияли әрі ойлы көздері тіпті ерекше екен. Тап қазір жұлып алып, өзіңе салып ал да — кез келген өтірікті сыдырта бер: барлығы сенер еді! Себебі мынадай көздердің иесінің өтірік айтуы — тіпті мүмкін емес!

— Еее, Қияметдин айтпайсың ба, көздері сұлу демейсің бе бірден — деді басекең жібіп.

Шынымен, олардың көздері сұмдық сұлу еді…
Бөлісу:

9 пікір

Abilakim
көзіңді қайтем қарайтын маған ұрлана…
a63a1
көзге тояттайтын жақсы бастық екен.
qisyq
кхм… Муза шешейдің настры болмай, жөндеп бермеген-ау деймін шабытты…
FaraOn1
аналар кіріп келген тұсқа келгенде әрі қарай Қияметдинді герой қылып жіберетін шағрсың деп ем)))
типі шығармашыл, білімді, бірақ боқ жоо да оқығысы келмейтін, немесе ҰБТ тапсырамын деп мамандығымен адасып кеткендерді жинап ап жұмыс беріп отыр екен ғой деп қалдым почемута.
konvict
Еркекке де, қызға да қарап бітіретін қос жынысты екен кейіпкерің Қарасақалыссстың
edige
елдің жартысы үш дипломмен бөтелке тапсырып жүр
Тап шешеңңді сенің, мында кел нақ! Бері кел лібәдтың баласы!
ашуы қатты екен
жақсы аяқталғаны жақсы болды
GulL
«За красивые глазки» -дің кері ме деп қалдым
кейіпкерлердің аты ұнады
Сайра Макнамара