"Командная строка" немесе "cmd"

Cmd — көптеген мамандардың көмегіне келетін, көп деген бұйрықтарды беруге болатын шағын ғана бағдарлама.
Бірақ бұйрықтардың көп болғандығынан, мен ішінен күнделікті өмірде көп қолданатын бұйрықтарды ғана теріп жазамын.

Енді «Командная строка»-ны шығару үшін «Пуск» басамыз.
Содан кейін «Выполнить». Ашылған терезеге «cmd» деп жазамыз.


Сол кезде «Командная строка» терезесі ашылады.

Төменде бұйрықтар тізімi


ap — кез келген бағдарламаны белгіленген уақытта іске қосу

attrib — Файлдардың және папкілердің атрибуттарын өзгерту

blastcln — құрттарды кетіруге арналған утилити

cd — папканы көру немесе өзгерту. Мысалы: cd С:\

copy — бір немесе бірнеше файлдарды көшіру

cls — cmd-ның терезесін немесе экранын тазалау

chkdsk — қатқыл дискті тексеру

cipher — Файлдардың шифрлеу бағдарламасы

date — қазіргі күнді көру және жаңасына өзгерту

del — Бір немесе бірнеше файлдарды кетіру

dir — Файлдардың немесе папкілердің тізімін шығару Мысалы: dir С:\

defrag — дефрагментатор

expand — қысылған файлдарды шығару

format — дискіні форматтау

help — түсіндіруді қажет етпейді

ipconfig — IP туралы ақпарат. Ал егер қасына /all қосатын болсаңыз толық мағлұмат аласыз.

logoff — сеансты аяқтау

msg — хат жіберу

net send — хат жіберу

pathping — pingпенен жол іздеуге арналған бағдарлама Мысалы: ping 127.0.0.1

ping — Көрсетілген мекенжайға пакеттердің жіберуі Мысалы: ping 127.0.0.1

proxycfg — проксиді жөндеу

shutdown — компьютерді сөндіру немесе қайта қосу

systeminfo — Жүйе кескіні туралы ақпарат алу

taskkill — процесті күшпен тоқтату

time — уақытты көрсету және өзгерту

tracert — Көрсетілген түйіннің жолын көрсету Мысалы: tracert 127.0.0.1

winver — Windows-тың версиясы туралы ақпарат

Мақала мына сайттан алынды.
Бөлісу:

8 пікір

edige
Әшейінді жырп-жырп етіп шығып тұратын, керек кезінде «Орындаудан» /выполнить/ таппай қалаверем… неге?
Karlen
Пуск-тан кейін бірден сол выполнить тұрады
edige
оның басқа да жолы бар ғой. сұрайын дегенім коммандалар толық шықпай қалады…
bazuka
Windows логотипі бар перне+R=выполнить
edige
тура осыдан кейінгі «командалар»/ағылшынша қалай ед.../, «бұйрықтар» шықпайды?
bazuka
%appdata% бар Application Data папкасында орналасқандарды қарау үшін, арасында қолданатын болғандықтан осыны білем, жоғарыда біразын көрсетіп қойыпты інішек)
asaubota
бұлар не үшін керек?
Karlen
Бір қарағанда керек емес сияқты. Бірақ chkdsk — қатқыл дискті тексеру мысалға керек. shutdown-менде белгілі уақытта компьютерді автоматты сөндіруге болады.