USB модем және Linux роутер

Тың игеру: USB модем және Linux роутерАуылда интернет қатық, әрі қымбат. Қазақстанымыздың түкпір-түкпірлеріне кең жолақты интернет жетті деп ауыз толтырып, көкірек соғатын қазақтелекомға қаладан бес шақырым жердегі ауылға интернет түгелі жай телефон әкеле алмай отырғаны үлкен сын. Бірнеше рет барып, табалдырықтарын тоздырғам, биылғы жоспарға қосамыз деп шығарып салды соңғыда. Дегенмен телеком қашан келеді деп отыра берген де болмайды, қазтранскомға да жазғам. Олар кетәрі емес тек қымбат, неге дегенімде қасыңдағы үйлерге өзің таратып, пайда көрмесең деп қысқа қайырды.
Әрі қарай

Ирямек Құрысын. Стархана

"… Мен сендерді жек көремін. Әрқайсысыңды.

Қымбат косметиканың, пластикалық операциялардың арқасында ілініп-салынып әрең тұрған беттеріңді жалаңаштар ма еді… Маскаларыңды дыр-дыр жыртып… Қулық-сұмдыққа, аярлыққа толы, ертең Құдай алдына барғанда шыжғырылып тұрып күйдірілетін шынайы жүздеріңді қазір-ақ елге көрсетер ме еді, а..?

Міне, Адамстар, жоқ, Топастар отбасы келе жатыр..."

— Ооо, Мики! Балақайларыңды құшақтап келіп қалыпсыңдар ғой!
— Ой, тыныш, тыныш, Том, біздің Агоның маған бөтен еркек сөйлесе қалай үріп, мазаны алатынын білесің ғой!
— Сәлем, Джорд, қал қалай? Астына түспейсің бе, презентация басталып қойды дейді.
— Ә, жоқ, Мики, мен осында тұра тұрайын.
— Қалауың білсін.
Әрі қарай

17-ойыншы. Педритодан Педроға дейін

Діттеген мақсатынан адаспау үшін адам алған бағыттан таймауы керек. Ол өзін әрдайым жетілдіріп, ештеңені назардан тыс қалдырмағаны жөн. Міне, бұл нағыз мақсат!

(Ямамото Цунэтомо, «Хагакурэ»)


PedroХамелеон түсін өзгертеді демесеңіз, ағаштан ағашқа секіріп жүретін белсенділер қатарынан емес. Тұрған орнында сағаттап қимылдамастан құрбандығын күтумен болады. Ал сәті келгенде тілін жып еткізіп, жемтігін аулай қояды. «Барселона» клубының шабуылшысы Педро дәл осы хамелеон секілді. Ол ешқашан жарқырап көзге түскен емес. Голды да көп соқпайды. Әйтеуір командаға ойнайды, каталондық клубтың ДНК-сы бар демесеңіз, алып бара жатқан таланты да жоқ. Тек хамелеон секілді керек кезде, дәл уақытында қимылдайды.

Жетістікке жету үшін 1 пайыз талантың мен 99 пайыз еңбек керек деген сөзді бүгінгі біздің кейіпкеріміз дәл келеді. Педроны ешкім талантты деп есептемеген, әлі күнге дейін көптеген жанкүйерлер әлі сондай пікірде. Месси, Роналду, Бэйл, Неймар секілді «жұлдыздар» тұрғанда, Педро олардың көлеңкесіне қалып кетеді. Ол тіпті қорғаушымен жеке дара шыққанда алдай алмауы мүмкін. Бірақ, оның шыдамдылығы мен толассыз төккен тері ақталды.
Әрі қарай

Жирен шаштылар жайлы "аңыздар" және дәйектер.

Неліктен біз жирен шаштылар (қызғылт, күрең деуге келіңкірейтін түс) жайлы әңгіме қозғап отырмыз. Себебі, арамызда жирен шашты адамдар көп емес. Бұндай шаш иелеріжер шары бойынша шамамен 100 адамнан 2 көрсеткіші бойынша кездеседі екен. Сонымен:
1. Көне гректер жирен шашты адамдар өлгеннен соң вампирге айналады дегенге сенген екен.
2. Орта ғасырлардағы ағылшындар арасында жирен шашты балалар анасының етеккірі келіп жүрген кезіндегі жыныстық қатынас әсерінен туған деген түсінік қалыптасқан. Қызық үшін тексеріп көрулеріңізге болады))))
3. 7-8 ші ғасырларда (рим цифрларымен жазғым келмеді) сиқырға қатысы бар жандарды аулаған тұста алдымен осы жирен шаштылар ұсталған екен.
4. Көне Римде жирен шашты құлдар басқа құлдарға қарағанда қымбатырақ сатылған.
5. Жирен шаштар бірінші сарғайып, содан кейін барып ағарады екен.
6. Паркинсон ауруымен ауыруға басқаларға қарағанда екі есе бейімдірек.
7. Жирен шашты әйелдер қызуқандылау болып келеді.
8.Жирен шаштылар арасында жүргізілген сұрау бойынша олардың 71 пайызы өздерін батылмын деп есептейтіні анықталды.
9. 19-шы ғасырда өмір сүріп, тұнбалар мен қайнатпалар жасаудың хас шебері атағына ие болған Джордж Чепмен күшті удың құрамында жирен шашты адамның майы болу керек деп есептеген.
10. Нерон, Елена Троянская, Клеопатра, Елизавета Iханшайым, Наполеон, Оливер Кромвель, Эмилия Дикинсон, Антонио Вивальди, Томас Джефферсон, Винсент Ван Гог, Марк Твен, Джеймс Джойс, Уинстон Черчилль, Галилео Галилей сынды жирен шашты адамдар тарихқа өз атын жазып кеткен.

Дереккөз
Әрі қарай

Сайт ашқыңыз келе ме? Тегін әрі әдемі, тез әрі сапалы сайт иесі болудың жолы

Естеріңізде болса, алдынғы тақырыпта Сайттың не екенін, оның құрылысын, хостинг және домен не екенін, CMS деген не екендігі жайлы жазған болатынмын. Бұл пост, сол сайттың иесі болу үшін не істеу керек екендігі туралы болады.
Демек, сізге сайт керек: жеке блог, қызығушылығыңыз туралы сайт, өз компанияңыз сайты, интернет дүкен т.б. неше түрлі мақсаттарға арналған сайт. Ол сайтқа қол жеткізу үшін сізде екі түрлі жол бар:
1. Веб студияға немесе жеке веб мастерге ақша төлеп жасату.
2. Өз қолыңызбен жасау
Бірінші жолы жайлы бұл постта әңгіме қозғамаймыз. Бәріміз білетіндей бұл жол оңай, бірақ қандай да бір қаражатты талап етеді.
Бізді қызықтыратын екінші жол. Яғни өз күшімізбен жасау. Сайт жасауды өте оңай деп айтуға болмайды. Сайт қиын болғаны сайын оның сапасы да жақсы бола береді. Ал біздің алдымыздағы мәселе, көп уақыт және қаражат жұмсамай сапалы сайт жасау. Бұл жердегі сапалы деген сөзге сәйкес болу үшін, сайтымыз мына шарттарды қанағаттандыруы керек:
Әрі қарай

Алматы жолдары

«Жлъямаш, нах», — дерсіңдер, бірақ 2 жылға жуық жүргізушілік тәжірибемде алған әсеріммен бөлісуді жүн санадым. Әңгіме Алматы көшелері жайында.

Өзім машинаны адам ләззат ала отырып айдауы керек деп есептеймін. Қажеттілік немесе мәжбүрлік арқылы «көтензорлықпен» айдасаң — жақсылыққа әкелмейді. Ескі «Пассат» айдағанда оны жақсы сезінгенмін. Бұндайда ойың сан-саққа жүгіреді: «машина жолда бұзылып қалмай ма?», — деп бір уайымдайсың, бұзылған жағдайда әрі қарайғы әрекеттеріңді болжап тағы уайымдайсың, көлігіңнің қалыптан тыс бір дыбысына назар аударам деп тағы көңілің бөлінеді, сөйтіп жүріп жүрген жолыңды да ұмытасың, пробкаға тұрмаудың амалымен баламалы жолдар іздеуге арналған ми бөлігің де істемей қалады. Жолда сөйтіп тормозить етіп тұрғанда айналаңдағылар «бепілдетіп» тіпті мазаңды алады. Сөйтіп әйтеуір А пунктінен Б пунктіне аман жеткеніңе шүкіршілік етіп жүре бересің.
Әрі қарай

Амазонкалардың мекені – Қазақстан!


Мифология мен археологияның талас тудыратын сұрағы “Амазонкалар өмірде болған ба?” сұрағына америкалық археолог Дэвис Кимбол жауап береді: “Иә, олар өмірде болған. Бірақ, аңыз әңгімелерде айтылатындай Түркияның Самсун аймағында емес, Қазақстанда болған”. Кимболдың жаңа кітабында Алтын Адам туралы да қызық мәліметтер бар…

Жауынгер әйелдер – Амазонкалар
Доктор Джаннин Дэвис Кимболдың бұл кітабы дәстүрлі археологиялық кітаптарға ұқсамайды. Тарихшы ғалымдардың келіспейтін, талас тудыратын тұстары көп. Бұлар ғылыми платформада айтылатын нәрселер. Біз тек кітап туралы ғана айтайық.
Әрі қарай

Салмақты әзілдің жеңісі - "Экспресс" 2012 чемпионы

  • КВН


Биылғы ҚазКВН чемпионы ақтөбелік «Экспресс» командасы. Жоғары лигаға биыл ғана шыққан команданың финалға жетуінің өзін жетістік көріп, финалда көп ешкім жеңіс күтпеген еді. Алайда «Экспресс» 5 қарсыласын артта қалдырып, биылғы жылғы чемпиондықты жеңіп алды.

«Экспресс» салмақты, ойландыратын әзілімен ерекшеленген команда. Осы жеңісті салмақты әзілдің жеңісі деп бағалаймын. Арзан әзіл жеңілді. Бұл оқиға қазақша КВН-ға революциялық әсер береді деген ойдамын. Бұдан кейін командалар жеңіләзілдікті қойып, әзіл сапасына көңіл бөледі деген сенімдемін.

Жеңістерің құтты болсын «Экспресс»!

сурет: instagram.com/p/Sf8o--mby2/
Әрі қарай