Алматы жолдары
«Жлъямаш, нах», — дерсіңдер, бірақ 2 жылға жуық жүргізушілік тәжірибемде алған әсеріммен бөлісуді жүн санадым. Әңгіме Алматы көшелері жайында.
Өзім машинаны адам ләззат ала отырып айдауы керек деп есептеймін. Қажеттілік немесе мәжбүрлік арқылы «көтензорлықпен» айдасаң — жақсылыққа әкелмейді. Ескі «Пассат» айдағанда оны жақсы сезінгенмін. Бұндайда ойың сан-саққа жүгіреді: «машина жолда бұзылып қалмай ма?», — деп бір уайымдайсың, бұзылған жағдайда әрі қарайғы әрекеттеріңді болжап тағы уайымдайсың, көлігіңнің қалыптан тыс бір дыбысына назар аударам деп тағы көңілің бөлінеді, сөйтіп жүріп жүрген жолыңды да ұмытасың, пробкаға тұрмаудың амалымен баламалы жолдар іздеуге арналған ми бөлігің де істемей қалады. Жолда сөйтіп тормозить етіп тұрғанда айналаңдағылар «бепілдетіп» тіпті мазаңды алады. Сөйтіп әйтеуір А пунктінен Б пунктіне аман жеткеніңе шүкіршілік етіп жүре бересің.
Жо-жоқ, бұлай болмайды, нақ. Оны жаңа машина алғанда анық түсіндім. Көлік айдағанда ештеңе де сені алаңдатпауы керек: машинаңның ахуалы тем более. Әйтпесе біреудің артына кіріп кетуің де ғажап емес.
Жаңа машина мінгенде алдымен жолға көңіл бөлесің, ой-шұңқырға түсіп кетпеуді қадағалайсың, көлік тығындарын айналып өту жолдарын қарастырасың. Бірақ Алматы жолдарымен жүрген адамға оның өзі қиындау екенін түсіндім. Ол қалай? Ол былай:
Қыс
Қыста Алматыда қар өте көп жауады. Қар жауса — жүргізушілердің берекеті кететіні рас. Екі жолақты жол 1 жолаққа айналады. Жер тайғақ болады. Жолда ұзақ тұруға мәжбүр боласың. Жол бойында авария болып, бөгеп тастаса — тіптен қиын. Қыста жол күн энергиясының көмегімен тазаланатынын ескерсек, бір жауған қардың азабын 1-2 апта тошно көресің. Қардан құтылдым-ау дегенде сразу тағы қар жауады.
Көктем
— Көктемде машина айдау жеңілірек қой, ыхы-ыхы, — дерсіңдер сендер? Қателесесіңдер. Қар мен мұздан арылған жолдар шұңқыр мен жыраларға айналады. Тетрис ойнағандай күй кешесің: жолдың тегісін таңдаймын деп зайыбың шығып кетеді. Бірақ бәрібір бірнеше шұңқырды іліп кетесің.
Жаз-күз
— Жазда не қиындық бар? — деп сұрайтын шығарсыңдар. Мамыр айынан бастап қарашада алғаш қар түскенге дейін Алматыда жол қазу және жол көму акциясы жүреді. Онсыз да көшеге сыймайтын машиналар үлкен тасжолдар жабылғаннан кейін, жөндеу жұмыстары әлі жетіп үлгермеген (кейбіреуі тіпті жөндеуді мүлдем көрмеген) тап-тар көшелер арқылы жүруге мәжбүр болады.
Алматыға өзге қалалардан машинамен келіп қыдырамын десеңдер — нәтижесі шамалы тірлік болады. Парковка да Алматының басты проблемаларының бірі. Дүкенге кіріп сусын алып шығу үшін жарты сағат бойы бос орын іздейсің. Көлікпен жүруге аса қолайлы кезеңдердің бірі кешкі 8-ден таңғы 8-ге дейінгі аралық. Сондықтан да шығар, түнде апаттар көп болады: күні бойы пробка мен аңы шыққан жолдардан шаршаған автоәуесқойлар түнде бой жазып алайын деп ойлауы мүмкін.
Бұл менің байқағандарым мен түйгендерім, сәйкесінше субъективті пікір екенін ескеріңдер. Мүмкін осындай жағдайдың өзінде-ақ машина айдаудан ләззат алып, лобовойына бітіріп жүргендер бар шығар, кім біліпті.

Не көшенің бәрін қайтадан қазады, не быт-шыт көшелерде жүретін боламыз — екеуінің бірін күте беру керек, опшым