Амазонкалардың мекені – Қазақстан!


Мифология мен археологияның талас тудыратын сұрағы “Амазонкалар өмірде болған ба?” сұрағына америкалық археолог Дэвис Кимбол жауап береді: “Иә, олар өмірде болған. Бірақ, аңыз әңгімелерде айтылатындай Түркияның Самсун аймағында емес, Қазақстанда болған”. Кимболдың жаңа кітабында Алтын Адам туралы да қызық мәліметтер бар…

Жауынгер әйелдер – Амазонкалар
Доктор Джаннин Дэвис Кимболдың бұл кітабы дәстүрлі археологиялық кітаптарға ұқсамайды. Тарихшы ғалымдардың келіспейтін, талас тудыратын тұстары көп. Бұлар ғылыми платформада айтылатын нәрселер. Біз тек кітап туралы ғана айтайық.

1929 жылы туған Кимбол археологияға өте кеш келген. Үш рет тұрмыс құрып, алты бала туғаннан кейін барып осы мамандықты таңдаған. Бұған дейін Калифорнияда медбикелік, аурухана басшысы, Боливия мен Испанияда мұғалімдік және Оңтүстік Америкада ірі қара шаруашылығында жұмыс істеген. 49 жасында Калифорния Мемлекеттік Университетінің Тарих факультетіне түсіпті. Антропология саласында білім алған және Месопотамия мәдениетін зерттеген. Осы зерттеулер кезінде бұл жерлерден Еуразия көшпенділерінің заттарын көрген кезде таң қалыпты. “Месопотамия патшалықтарының терең иерархиясын және патшаларын зерттеп жүргенімде қызығушылығым еркіндікті өмір салты ретінде ұстанған, түрлі өнер туындылары жасаған Шығыстағы көршілеріне қарай ауды” дейді автор.

Дала тарихы және Советтер елі (ол кезде тарамаған еді) өзінің жеке қызығушылық алаңына айналады. Бұл тақырыпта докторлықты да қорғайды. Израильдегі Тел Дор аймағындағы археологиялық қазу жұмыстарынан кейін бұл іс ұнай бастайды.

Бірақ, табылған нәрселерге жасалған пікірлер ұнамайды. Мысалы бір мазарда қанжар табылса, бірден ол мазардың еркектікі деп саналуы.

Әйелдерге тарихта да орын жоқ
Жалпы тарихта әйел тақырыбында жұмыс істеген тарихшы немесе археологтардың да болмауы авторды қынжылтады. Осы тақырыпта жұмыс істеуге бел буады, тапқан нәрселерінің нәтижесінде ол жауынгер әйел Амазонкаларға дейін жетеді.

1980-ші жылдардың аяғында инженер һәм саяхатшы жұбайының арқасында 2 рет Өзбекстанға саяхат жасайды. Қазақстанға сапарлары ішінде КГБ, Коммунист партия басшысы бар шытырман толы детектив фильмдеріндей болады. Яғни, ол жақтарда ол кезде жұмыс істеу өте қиын болады. Қазақ археолог институтынан ортақ жұмыстар өткізуге шақыру алады. Алайда өз жағын, Калифорния Университетін көндіре алмайды.

Текті жауынгер әйелдер
1991 жылы орыс археологтармен бірге Сарматтар туралы археологиялық қазу жұмыстарына қатысады. Одан кейін Орал тауларындағы Покровкада жалғастырады.

1994 жылы Қазақстанда өте қызық жағдай болады. Қазу жұмыстары жасалған қорғанда табылған сүйектердің көпшілігі әйелдердікі! Садақ жебелері, етіктер, сырғалар, тұмарлар… Сүйектер және заттарға қарайтын болсаңыз барлығы әйел адамның заттары. Сондай-ақ ол әйелдердің текті адамдар болғаны байқалады. Бұл мазарлардың құрылымына қарап та байқалады.

Автор сол аймақты да зерттей бастайды. Көшпенді қазақтардың тұрмыстарын зерттегенінде б.э дейін 4-ші ғасырдағы сәндік бұйымдардағы стильдің әлі қолданыста екенін, әдет-ғұрыптардың сақталғанын байқайды. Жергілікті халықтың келбетінің де сарылау екенін көреді және әйелдері де атқа жақсы мінеді. Қорғанда табылған әйел ДНК-сы мен сол аймақтағы кішкентай сары қыз Мейрамгүлдің ДНК-сын салыстырады. Ұқсастық 99,99%! Яғни 2400 жыл бұрын өмір сүрген жауынгер әйел қазіргі қазақ қызы Мейрамгүлдің жақын ағайыны.

Алтын киімді әйел
Автор кітабында тағы бір аңыз туралы айтады. Есік маңында табылған әйгілі Алтын адамның еркек емес әйел екенін айтады.

Алдымен бұл сүйек еркек үшін кішкентай. Басындағы Өмір ағашы символы да, құстар да мықты әйелдерді бейнелейтін символдар. Биік бас киім де құнарлылықтың, туудың белгісі. Алтын адамның жанында сырғалар және моншақтар да табылған.

Доктор Кимбол өз кітабында тарих бойынша әйел гегемониясының қалай көшкендігі туралы, туу, көбеюдің символы биік бас киімдердің кейін қалай мыстандардың бас киіміне айналып кеткені туралы, Кельттерден Моңғолдарға дейін Жібек жолында ел басқарған әйелдер туралы, барлығы 330 беттік саяхат жасайды.

Гүлай Алтан
aksam.com.tr
Бөлісу:

7 пікір

Beisek
Мен бұны бiлгем. Қазақтың арғы атасы сақтар кезiнде Тұмар патшайымның бiрнеше түмен әйел-әскер болған. Томирис роман кiтабынан оқыдым. Тұмардың өзi де әкесi Спаргапистен соғыс айласын үйренген. Ал алтын адам туралы шынымен шок!!!
asaubota
бізге жаңалық емес әрине. мені қызықтырғаны бұл кітапты шетелдік ғалымның жазуы.
ken
алтын адам туралысына сене алмадым. ол кездегі адамдар мен қазіргі адамдардың бойы/дене бітімі арасында айырмашылық бар. мысалы, қазіргі кәрістердің бойылары осыдан жүз/екі жүз жыл бұрынғы кәрістердікінен бірнеше сантиметрге ұзын екен. оның себебін қазіргі кәрістердің тамақтану рационы бұрынғылардыкімен салыстырғанда әлдеқайда жақсы деп түсіндіріпті.
ал алтын адам екі жүз емес, тіпті екі мың жыл бұрын өмір сүрген.
бас киімінің үшкірлігіне келсек, тиграхауда сақтарының барлығы үшкір қалпақ киген. сол замандағы Персияның астанасы Персеполистің қазіргі қирандыларында сарай қабырғаларында түрлі халықтар бейнеленген суреттер табылған. сонда үшкір қалпақты сақтар да бейнеленіпті.
Басындағы Өмір ағашы символы да, құстар да мықты әйелдерді бейнелейтін символдар
дәйексіз мәлімет.

сосын алтын адам киімінің кеуде жағы әйел төсіне бейімделіп жасалмаған ғой. әлде бұл реставрация барысында кеткен қателік пе?)
asaubota
Алтын адам туралы жәй өзіндік ойы ғой. нақты ештеңе жоқ. бірақ жауынгер қыздар садақ тартқан кезде ыңғайсыздық танытпау үшін бір емшектерін күйдіріп тастап жүрген деген де риуаят бар.
Beisek
менiң iздестiргенiм бойынша амазонкалар еркексiз қауымда өмiр сүрген. бала туу керек болса, еркектер тұратын ауылға барып, еркектерiн зорлап екi қабат болатын деп. кейiн қыз туса өздерiне, ұл туса еркектерге апарып беретiн әдетi болған деп… бiрақ мұндай қауым тек аңызда ғана мүмкiн сияқты. себебi бәрi бiрден бала көтерiп қалса, косяк қо)))
Beytanis
Садақ артып жүргенде кедергі етпесін деп кесіп тастаған-мыс дейді ғылыми ортада…
ruben
Қоғамдық санаға тікелей жолданған мәтін ғой мынау. Бітті, елде енді матриархат орнайды