Музейдегі түн-2011: Біздің қоғамда дәстүрге айналып келе жатқан жаңа мейрам

Музей қызметкерлерінің күні осылай аталады. Алматының Ұлттық музейінде өткен биылғы «Музейдегі түн» де жаңа қырларынан көрінуге тырысыпты. Мен осымен үшінші жыл қатысып отырмын. Концерт, түрлі көрмелер, қолөнер бұйымдары — жылдағыдай адамдарды топ
Әрі қарай

Ең нашар газет сайттары

  • KazNET
сурет: Азаттық радиосы
сурет: Азаттық радиосы

Қазір қазақ сайттарының басым көпшілігі ақпараттық, яғни БАҚ өкілдері сайттары. Оның ішінде газет сайттары. Бүгін сол газет сайттарының ішіндегі ең жамандарынан бір жинақ жасап отырмын.
Әрі қарай

Ауылыма барып келдім



Кешегі өткен үш күндік демалысты пайдаланып ауылыма барып келген едім. Кеше суреттерін ұмытып кетіппін, бүгін соны көрсетейін. Ауылға барып балалық шаққа оралғандай тамаша әсер алып демалып қайттым. Әрі отбасыма оқыған мектебімді, класымды
Әрі қарай

Рухани мүгедектер



Құрылтайдың бірінші түнінде осында жарияланған реніш толы бір мақала басқалардың да жүйкесін жұқартты. Орыстардың бір платформасында жарияланған бір мақала туралы болатын ол. Бұл мәселе үлкейіп кетпес үшін бұл тұрғыда өз ойымды айта кетейін.

Ең алдымен ол мақала қайда және кім жариялады, оны қолдағандар кімдер?
Мақала орыстардың блог платформасында жарияланды, жазған да қолдайтындар да орыстар. Олар үшін өздерінен басқаның бәрі мәмбеттер. Құрылтайға қатысқандар да, сондағы тірліктер де, тіпті логотиптің өзі мәмбеттерше жасалған. Өйткені интернет қазақтарға жат нәрсе деп санайды, өздерін мықтымыз деп санайды. Гаста айтпақшы менің ойымша бұл комплекс. Олар былай қарасаң не орыс емес, не қазақ емес. Орыстарға еліктеп, Рунет «заңдары» бойынша жүргілері келеді. Рунеттің Қазақстандағы бір бөліктері екенін түсінбейді. Орыстарға қатты еліктесе де олар бәрібір орыстар үшін мәмбет екендерін білмейді. Олар рухани мүгедек, жарымжандар.

Неге рухани мүгедек?
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 03 маусым 2017 эфирінде - жүргізушілер ойнаған арнайы жобада қойылған сұрақтар

Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 03 маусым 2017 эфирінде - жүргізушілер ойнаған арнайы жобада қойылған сұрақтар
Нхл тархында Горди Хоу “Мистер Хоккей” атымен
атақты, ал бір қызық хет — трик аты осы мистердің
атымен аталады. Мундай хет-трик иелери Сидни
Кросби, Джером Игинла, тіпті ең атақты хоккей
джентельмені Павел Дацюк-та болган. Горди Хоу
хет-тригін жасау үшін гол салу, нəтижели пас жане не істеу
қажет?

Сұрақ оңай, сізден жедел жауап күтеміз: Теңіз пілі,
дернəсіл, қарт адам. Шың аты Homunculus loxodontus
(Хомулункус Локсодонтус), осы үшеуін біріктіретін
затты бір сөзбен атаңыз.

Соңғы жылдары азаматтық соғыс, аштық сияқты
дағдарыстардан көз ашпаған, əлемдегі ең кедей
елдердің бірі Сомалидің халқы өз депутаттарына
мынадай уəж айтады: олар халықтың айтқанына құлақ
аспайды, халық арасына келіп біздің мүшкіл
жағдайымызды көрмейді, парламентте біздің
проблемаларымызды көтеріп, сөз сөйлемейді. Бір
қызығы 2006 жылы осы елде шығарылған
коллекциялық монеталарда түп негізі жапон
фольклорынан келген, қазір бүкіл əлемге белгілі
символдар басылып шыққан болатын. Оларды
атаңыз?

Европалық автомобиль шығаратын бір компанияның
Ресейдегі өкілдері 2017 жылдың басында өз инстаграм
парақшасына жарнама ретінде машина емес, бір
фильм постерін еш өзгертпей сол күйде жариялады.
Бұл компанияны атаңыз

Бұл танымал спорт жұлдызы, өз қарсыластарына
қарсы дөрекі сөздерді ұйқастырып (рифмалап)
қолданғаны үшін қазіргі «рэп» жəне «хип-хоп»
стильдерінің қалаушыларының бірі болып саналады.
Өз спортының ең мықты шеберлерінің біреуі ол, əнші
ретінде екі «Грэмми» жүлдесін алған, бірнеше
бейнефильмдерде тіпті Бродвей мюзиклінде де роль
алған. Бұл кісі кім?

Қытай тілінде сөздер арасында бос орын (пробел)
болмайды екен, сол үшін 2007 жылдан бастап
Қытайлықтар бұл таңбаны арнайы бір мақсатпен
қолданатын кезде сөздің алдында да, сөзден кейін де
жазатын болды.
Ең алғашқы рет бұл таңба қазіргі функциясымен 2007
жылы Сан Диего орман өрт кезінде қолданылған. Қай
таңба?

Ресей фильмдерінің критикі, BadComedian каналының
авторы кезекті роликтерінің бірінде бас кейіпкер
атылған оқтардан жұқа қаңылтырмен қорғанатын
көріністі көріп отырып «Оқ маған атылды, бірақ ол X-қа
тиді» деген цитата қолданады. Грек тілінен шыққан X-ті
табыңыз

Кеңес заманындағы көркем суретші Сергей
Григорьевтің картинасының бір бөлігінде екі
портфельді көруге болады. Суреттің бас кейіпкері нені
жіберіп алмауға тырысып бағуда?

Американ жазушысы Стивен Кинг бірде былай депті:
«Менің сюжетім бойынша қылмыс жасаған адамдарды
екі рет жазалауға болады. Бірінші рет — қылмысы үшін,
екіншісі — ...» Стивен Кинг фразасын аяқтаңыз.

«X» сөзі — Чех тіліндегі "қинап, еріксіз жұмыс істету"
мағынасы бар етістіктен шықты. Алғашқы рет «Х» сөзі
1920 жылы Чехияда «Р.У.Р» атты пьесада
қолданылған. Ал соңғы екі-үш жылдың ішінде «Х»
негізінде жаңа дисциплина пайда болып трендке
айналды, тіпті Қазақстанның мектептерінде де кең
еңгізіліп жатыр. «Х»-ті атаңыз.

Джаспер Форденің бір шығармасында контрабандистер
шекарадан бір өнімді (тамақты) жасырын алып өтеді.
Олардың емін-еркін əрі-бері өтіп жүргеніне қарап
жазушы шекараны да осы өнімге (тамаққа) теңейді.
Шығармада қандай өнім (тамақ) туралы айтылады?

Қола дəуірінде кен орны болған, Бозшакөл
археологиялық ескерткішіндегі археологиялық
қазбалар көрсеткендей, бұл жерде шындығында
БІРІНШІ. Ал ЕКІНШІНІҢ негізі 1954 жылы қаланған.
БІРІНШІ немесе ЕКЕНШІНІҢ кез келгенін атаңыз
Әрі қарай

Кірді жала, микробты сүй! (97+)

ЕСКЕРТУ! БҰЛ 97+ МАҚАЛА!
Менде бір керемет сюжет бар...: Кірді жала, микробты сүй! (97+)97-ДЕН АСҚАН ҚАРТТАР ҒАНА АТА-АНАЛАРЫНЫҢ РУХЫМЕН ОҚУҒА БОЛАТЫН МАҚАЛА!

Қадірлі ата-ана немесе бала тәрбиесіне жауапты кез келген тұлға (өгей әке, өгей шеше, интернат тәрбиешісі, балабақша директоры, аға, әпше, әжесс, т.б.)!
Әрі қарай

Уайтхиллдық Уайтмәунтейнде

Oral B қаласы (көктем) / Орал қаласы (life)
Уайтхиллдық Хэтроуда (қыс)
Уайтхиллдық Уайтхиллда (қыс) / Жаздың соңғы түні

Енді міне, Ақтау.

Иса пайғамбардың кезекті 2015 жылдығына берілген 4 күндік демалыста Каспийдің толқынын көрем деп шештім. Естеріңізде болса, дәл 1 жыл бұрын Атырауда болғам. Қолдан келгенше, қалтам көтергенше демекші, жыл сайын Қазақстанның өзім үшін жаңа облыс орталықтарында болуды мақсат еткенім рас. Ал негізгі мақсат — Қазақстанды визуалды құшақтау, ойша игеру. Үнемі гастрольде жүретін өнер иелері не кәсіпкерлер секілді немесе командировкада жүретін өзге де мамандық иесі болмасам да, бұл мәселені уақытынан бұрын шешем дегенім шығар бәлкім. Қазақияның кез келген қаласын атай қалғанда, басты көшелері мен орталықтарын еске түсіріп ойша қорытып жібергеннің пайдасы болмаса, кедергісі қанша?!) Оның үстіне жаңа таныстықтар.
Әрі қарай

"Керек тілші" репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды

Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды

КерекИнфо сайтында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен репортаждар конкурсы аяқталды. 4 апта бойы блогерлер өз өңірлеріндегі жаңалықтарды репортаж форматында бөлісті. Сайысқа Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, ШҚО, СҚО, Атырау, Қарағанды облыстарынан барлығы 15 блогер қатысты. Блогерлер 1 ай ішінде Салауатты өмір салты, Қоғам, Кәсіпкерлік, Мәдениет тақырыптары бойынша 39 жазба жазды. Репортаждарда қоғамдағы мәселелер, тұрмыстық тақырыптар, түрлі іс-шаралардан фоторепортаждар, сұхбаттар, қала көріністері орын алды. 4 жюри тарапынан бағаланған блогерлердің қорытынды рейтингі мынадай:

  1. ademi_alem — 37,75
  2. Aya — 35,25
  3. tomarlik — 34,25
  4. qonyrbai — 29,75
  5. NazerkeAbibulla — 24,25
  6. Basic — 23,25
  7. AydosRymkul — 21,75
  8. ErbolAliaskaruly — 13,75
  9. tauewki — 7,25
  10. Maqta_qyz — 7
  11. FaraOn1 — 6,50
  12. AlmasNakhypbek — 5,50
  13. Sunshine — 5,00
  14. Kuralayka — 4,00
  15. DinarNahypbek — 1,50

4 турлық Мини-блогиадада ең көп ұпай жинаған жүлдегерлер:

1-орын: Зарина Долатаева (Шығыс Қазақстан облысы)
2-орын: Ая Өміртай (Астана қаласы)
3-орын: Нұрлыхан Қалқаманұлы (Қарағанды облысы)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

«Керек тілші» сайысының қорытындылау 11 желтоқсан күні, сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясы ғимаратында өтеді. Жарыс жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады, белсенділік танытып ондыққа кірген блогерлерге арнайы диплом және естелік сыйлықтар беріледі.

Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды
Астана, Д.Қонаев к., 12/1
Әрі қарай

Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы

Қоғам деп тұтас адамдардың бірлестігін, жиынтығын, бір-бірімен байланысын айтамыз.Қоғамда ең басты рөлде адам тұратыны даусыз.Адамдардың әр түрлі болуы, мысалы:
1)Жынысына байланысты — ер мен әйел
2)Жас өлшеміне байланысты — балалар, жастар, егде адамдар,қарттар
3)Материалдық игіліктерге байланысты-жоғары тап, орта тап, төменгі тап болып бөлінуі;
4)Біліміне байланысты — орта біліммен шектелген не жоғары білімі бар,ғылым жолына бағыт алғандар;
5)Қызметіне байланысты — жұмыссыздар мен жұмысшылар;
6)Мүмкіндігіне байланысты — дені сау, он екі мүшесі түгел жандар мен мүмкіндігі шектеулі жандар
және осылай бөлініп кете береді.
Ал мен бүгін қоғамдағы өз орны бар және мемлекет пен қоғамның қолдауын аса қатты қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандардың, соның ішінде қос жанарынан айырылған зағип жандар тұрмысын қозғамақпын.Себебі 13 қараша " Халықаралық зағип жандар" күні болып бекітілген, бұл жыл сайын атап өтіледі.Сол себепті Астана қаласынан зағип жандар барып тұратын қоғамдық орындарды іздедім.Астанада зағип жандарға, яғни зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған мамандандырылған кітапхана жұмыс істейді екен, мекен-жайын алып, сабақ біте салысымен құрбым екеуміз жаяулатып Таха Хусейн көшесі 2/1 мекен-жайына жол тарттық.Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Жол-жөнекей адамдардан сұрастырып, кітапхананың қайда орналасқанын білмек болып едік, кездескен адамдардың барлығы жақын маңда кітапхананың жоқтығын, тіпті біз айтқан мекен-жайдың барын білмей шықты.Адасып жүріп үйлердің арасынан әзер дегенде кітапхананы тауып алдық.Біз күткендей биік ғимаратта орналасқан, жаңа кітапхана болып шықпады.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Жұмыс кестесі - дүйсенбі-жұма таңғы 9-дан 17:00-ге дейін жұмыс жасаса,сенбі,жексенбі күндері демалыс
.
Кітапхана ішіне кірдік, бізді осында жұмыс атқарып келе жатқанына 4-5 ай шамасы болған кітапханашы — Ғалым Нұрланов деген кітапханашы қарсы алды.Біз өзіміздің не себепті келгенімізді түсіндіре кетіп, кітапханашыдан кітапхана тынысымен таныстыруды сұрадық.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Кітапханада 29 000-нан аса материалдар бар.Бұл материалдарға арнайы «брайль» жүйесі бойынша жазылған кітаптар, аудиокітаптар, дискілер және газет-журналдар жатады.Кітапхана бір оқу залынан, және екі бөлмелі абонементтен тұрады.Мұндағы кітаптардың көп бөлігі «Брайль» жазу жүйесімен жазылған кітаптар болғанымен, көпшілігі орыс тіліндегі кітаптар.Ғалым мырзадан қазақ оқырмандары мен орыс оқырмандарының айырмашылығын сұрағанымызда, екеуі де бірдейкітапханаға келетіндігін айтты.Алайда біздің аңғарғанымыз,«Брайль » жазу жүйесінде қазақтың төл әріптерінің жоқтығы еді.Сіз өз Отаныңызды жазу үшін "Қазақстан" емес «Казакстын» немесе «кітапхана» емес «китапхана» деуіңізге тура келеді.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Ғалым мырза бізді кітаптармен қатар арнайы аппараттармен де таныстырды.Мұнда арнайы
шетелден кітап қаріпін үлкейтіп көрсететін аппараттың барын, оның қалай жұмыс жасайтынын көрсетті.Сонымен бірге арнайы лупалар, жазу құралдары, сонымен бірге А4 форматындағы қағазға кәдімгі әріппен көрсетілген мәтіндерді оқитын аппаратпен таныстырды.Кітапханада оқырмандарға арналған екі компьютер жұмыс істейді, интернет желісіне қосылған, дегенмен біз тексеріп көргендей интернет желісі нашар жұмыс істейді екен.Зағип және көзі нашар көретін адамдарға арналған кітапханада арнайы қысымдарын өлшеуге арналған құралдармен қамтамасыз етілгендігін атап өткім келеді.Және кітапханаға келген оқырмандарға шахмат ойынын ойнауға да мүмкіндіктер қарастырылған.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Кітапхана қызметкерлерінің жалпы саны 7-8, олар келген оқырмандарға қызмет етумен қатар, тыңдағысы келген кітаптарын оқып береді, мұндағы оқырмандарды тыңдайды емес, оқиды деп айту керек екен.Сонымен қатар арнайы бір бөлме зағип жандардың шығармашылықпен айналысуына арналған екен.Бірақ та заманауи техника мен жаңа жиһаздардан құр қалған бұл кітапхана шырайына көлеңке түсіріп тұрған секілді көрінді.

(Төмендегі фотолар кітапхана мұрағатынан алынды)
Кітапханаға студент жастарда келіп тұрады, мысалы 12 қараша күні колледж студенттері келіп, зағип жандардың қалай кітапты оқитындығымен,қандай аппараттардың барын және қалай жұмыс жасайтындығымен танысып кеткен болатын.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Біз барған күні оқырмандарды көре алмадық, оның себебін Ғалым мырза былай деп түсіндірді:
— Қыс мезгілінде оқырмандар сирек келе бастайды, себебі оларға мұнда келу оңайға соқпайды.Бірақ бізде сол жандардың үйіне арнайы кітап апарып беру немесе оқып беру қызметі қарастырылған.Және де зағип жандарға арнайы көлік те қарастырылған,-деді.
Шағын ғана кітапхана оқырмандары 1000-ға жуық екен.Бірақ та мамандандырылған кітапхана жағдайы көңілімізден шықпады.Себебі:
1)Кітапхана тым ескі, жөндеуді соңғы рет қашан көргені белгісіз
2)Тым тар, мүмкін жаңа ғимаратқа көшу керек те шығар
3)Есіктері де кішкентай, мұнда арбамен келетін жандар да бар
4)Пандустың жоқтығы, бұл үлкен проблема
5) «Брайль» жүйесінде қазақ қаріпінің болмауы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Бұл қоғамдық орынның бақылау көрмегені көзге ұрып тұр.Жихаздары да, аппараттары да ескі.Кітапхана аумағы тар, орналасқан жері де ыңғайсыз.Зағип жандардың бәрібір көзі көрмейді ғой деген сияқты, бұл кітапханаға жоғарғы орындардан ат басын бұрып, тіршілігін көріп жатқандар жоқтың қасы секілді.Кәдімгі көзі көретін, дені сау адамдар егер де осындай олқылықтардың барын көрсе, дер кезінде басшылыққа шағымданатын еді.Бұған кітапхана қызметкерлерін кіналаудан аулақпыз, себебі олардың қолдарынан өз қызметтерін жасаудан басқа ештеңе келмейді.Жаңа аппараттар сатып алуға үлкен қаражат керек,ғимарат орнын ауыстыру мәселесі де бар.Біз мүмкіндігіміз бар бола тұрып, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудан тыс қалып жатамыз.Олар қоғам көмегіне зәру, сол себепті осы кітапхананы басшылар өз көзімен көріп, көмек көрсетсе деймін.Өйткені зағип жандар демалатын қоғамдық орындардың санаулы екені, соның бірі осы кітапхана екенін айтқым келеді.
Әрі қарай