Ауылыма барып келдім
Кешегі өткен үш күндік демалысты пайдаланып ауылыма барып келген едім. Кеше суреттерін ұмытып кетіппін, бүгін соны көрсетейін. Ауылға барып балалық шаққа оралғандай тамаша әсер алып демалып қайттым. Әрі отбасыма оқыған мектебімді, класымды көрсетіп бір жасап қалдым :) Ал енді әңгімені созбай суреттерді ұсынайын:
Менің мектебім
Ауыл парады
Мынаны көргенде толқыдым. Осы ескерткіш жанында дәл осылай, тек айырмашылығы қызыл пилотка қызыл галстукпен мен де тұрғандықтан балалық шағымда :)
Ең алғашқы ұстазым Айна апайым
Отбасыммен ұстазыммен біргемін
Парадтан соң ауыл клубында мерекелік концерт жалғасты. Осы концертте алдында пост жариялағанмын естеріңізде болса, ауылға арналған кітабымызбен таныстырып, зейнеткер ұстаз Мұхит ағайға ұсындым:
Ұлы Отан соғысына арналған қойылым
Анасын бала, баласын дала
Жоқтамасын мәңгілік! — деп шырқады балалар
Мектеп асханасына ауылдың жанашыр азаматтары жеке кәсіпкерлер Жұма мен Әділ ағаларымыз дастарқан жайып қарттар ықыласына бөленді:
Жігіттер қарттардың дастарқанында ән салып көңілін көтерді
Жұма мен Әділ ағаларымыздың жұбайлары Жұмагүл мен Индира жеңгейлер ет асып табақ тартуда
ъ
Қашанда ауылда мерекелердің басты демеушілері болып жүрген ағаларға разымын!
Мерекеге орай футбол, волейбол, тоғызмалақ спорттық ойындарынан сайыс өткізілген екен. Сол сайыстың жеңімпаздары
Сахнадағы Ұлы Жеңіс плакатында 65-ті келесі жылы 67-ге өзгертуге келмейтін шығар, ә:))