Түскі шай-пай))
Бүгін, бүгін ғана емес күнде, біздер жұмыста шай ішеміз))) Міндетті түрде сағат 11-лерде, сосын түстен кейін сағат 4-терде (сәйкесінше он бірдің шайы, төрттің шайы деп аталады)дастарханды гүлдей жайнатып жібереміз (екі жерден қант, екі жерден нан деген сияқты). Онсыз шекеміз тырысып қалады.
Мә, саған ұсақ әңгіме, керек болса!
Пы сы: Ұмытып барады екем, шайдың үстінде телепон шылдырлап, кісі келіп қалса, кайп бұзылады.
Әрі қарай
Мә, саған ұсақ әңгіме, керек болса!
Пы сы: Ұмытып барады екем, шайдың үстінде телепон шылдырлап, кісі келіп қалса, кайп бұзылады.

Содан он минут күттім жоқ. Қайта звондадым. Ар жақтан орыс келіншек «міне, міне кеп қалды»дейді. Дауысынан көңілді адам екені көрініп тұр. Жоқ. Қайта звондадым.Сізге баратын машина ауысты «Форд»серый" деді. Тағы бес минөт күттім. Шыдамадым қоңырау шалдым. Ойлы-қырлы орысшаммен (жазғанда да қатырмаймын) «Форд, серый с квадратными колесами да?» деп сұрадым. Анау «Да, да, что подехал» деді де күліп жатыр.Сәл шыдауымды өтінді.содан қайта қоңырау шалдым,«Я знаю почему Вас „Астаной“ называли» дедім, анау неге екенін сұрады «Потому что вы машину с Астаны отправляете» дегем күліп жатыр «Шыдаңыз енді» деп. Ана таксистте мен тұрған жерді таба алмай жүрсе керек.Не керек 30 минөттен артық тостырып келді ғой такси.Содан диспетчер келіншек звондады қайтадан.«Сізді көп күттіріп қойғандықтан айыбымызды жуу ретінде біздің офиске келіп шай ішіп кетіңіз.Сосын тегін апартамыз»дейді. Оған рахметімді айтып, асығыс екенімді білдіріп үйге бірақ тарттым.
Жұмыстамын. Еш настроение жоқ. Біреулер бізді қасқыр дейді -ау, қазіргі түрімді көргенкісі жаураған мысықтан да жаман дер, бәлкім. Кейбіреулердің алдында кезінде белсеніп шықпағаным үшін (бәлкім дұрыс жасаған да болармын), біреулердің алдында қазір бейшара күй кешіп отырғаныма жыным келіп отыр. Доменімізді біреу сатып алып, кері сатпақ ниетпен біраз ақша сұрап отыр.

Құпиямды ашайын. Кешеден бері не жүріс дегендерге (келіншегім оқып отырса — дұғай сәлем!). Үкіметтік Емес Ұйымдардың мәжілістерінің біріне, Вашингтон Университетінде (жақшаның ішіне АҚШ деп көрсетпей кетсем ше, хых-хых-хых)… қазақ тілінен(!) сабақ беретін Талант Мауқанұлы деген маман келеді деп еді.Профессор, үш тілді жетік меңгерген (қалған екеуі: қытайша мен ағылшын). Қазақ тілінен сабақ беретін адам көрмей жүрсің бе деме: брошюрада оның, сабақтарды оқытуда мультимедиалық тәсілдер қолданады деді ғой! Ал мультимедиалық технологиялар енді — менің «кәйпім» (егер мультимедиалық технологиялар біреудің әйелі болса, мен оны алып қашар едім, ал керек болса тіптен! ). «АҚШ қатты озып кеткен жоқ па?» деген күдік те бар баяғы.