Түбі қайырлы болсын
Жұмыстамын. Еш настроение жоқ. Біреулер бізді қасқыр дейді -ау, қазіргі түрімді көргенкісі жаураған мысықтан да жаман дер, бәлкім. Кейбіреулердің алдында кезінде белсеніп шықпағаным үшін (бәлкім дұрыс жасаған да болармын), біреулердің алдында қазір бейшара күй кешіп отырғаныма жыным келіп отыр. Доменімізді біреу сатып алып, кері сатпақ ниетпен біраз ақша сұрап отыр. Кезіндегі қателік, осыдан бес-алты жылдай бұрынғы ау деймін, сайт керек болып, бір мекемеге жасатады. Сәкесінше ол мекеме хостинг және домен береді. Доменді біздің мекеме атына тіркейді, ол жағы дұрыс. Бірақ ол мекеме регистратор емес. Күні кешеге дейін домен мерзімін ұзартып, соңғыда біз регистратор емеспізге салып, ұзартпай қойды. Домен казникте тіркелген, казниктен счет келді. Тіпті болмайтын нәрсе. Казникпен арада келісім шарт болмағасын төленбеген екен. Сонымен солай болды. Кезіде сайтты қолыма алған кезде ұсыныс жасағанмын, бүйтейік-сөйтейік деп, бірақ ешкім құлақ аспағасын мен де қызыл кеңірдек болмай-ақ қояйыншы деп едім. Енді міне аласапыран уақытта (бастық ауысып), талапкерлердің құжаттарын қабылдау қайнап тұрғанда, министрлік сайттарың болғаны абзал деп рекемендеп (бұйрық райда) тұрғанда істемей қалды.
Қол байлап тұрған мемлекеттік сатып алу туралы заң. Жүгіріп барып сатып ала алмаймыз екен.
Сүгірет мекені мына жер
Қол байлап тұрған мемлекеттік сатып алу туралы заң. Жүгіріп барып сатып ала алмаймыз екен.
Сүгірет мекені мына жер
Күлмей қара, күтіп жүріп қағып кетіп отырғанда ептілер. Біз еще name.kz деген домен керек деп лот қойсақ, оны епті ИПшниктер қағып кетеді ғо 2500 теңгесіне.
Түсіндіріп көр общым. 2500 теңге үшін сотталатын жағдай жоқ екенін түсініп отырм, күлкім де, жылағым да келіп отыр.
Дегенмен жүгірмек админ үйіне кетіп қалып, жаңа доменді хостқа байлау дүйсенбіге қалып отыр.
Біздің саппорт осындай.