Күл-қоқыс жәшігіне жолдама

Менің үйде тұрмыста тұтынбайтын артық заттардың болғанына жаным қас.«Керек боп қалар» деген қағидатты ұстанбаймын, өзіме ненің керек екенін білемін.Еміс-еміс үйді ескі-құсқы нәрселерден арылтып тұрамын, осыдан жаным кәдімгідей рахат табады. Бүгінгі бітірген ісім де осы болды. Үй жинастыра жүріп, екі дәу пакетке күл-қоқыс жәшігіне «жолдама» жазып бердім. Екі пакет ауылдан қатынаған біреу-міреуді күтіп шкафта тұр, ішіне баламның сыймай қалған киім-кешектерін толтырып қойдым. Ауылдағылар оны «гумпомощь» дейді. Фэн-шуйда пайдаланылмайтын ескі-құсқы бұйымдардың жағымсыз энергия бөлетіні туралы айтылады. Қысқасы — бүгін үйдің аурасын біраз қалыпқа келтіргендей болдым.
Бөлісу:

9 пікір

sigma
Фэн-шуйша өмір сүрем дем, лифт жасамай қалған кезде сүйген жарыма үйдегі қоқыс жәшігінің ішіндегілерді даладағы қоқыс жәшігіне табыс етуді жолдап жүрмін де…
bazuka
фун шуйді нетпим екен, бірақ үйде ескі нарселерді құртуға құмармын)))
alisha
мен де әуестенбеймін, тек ол ілімнің де осыны құптайтынын айтып жатқаным ғой;)
bazuka
бәсе солай деңіз, әйтпесе айдан анық ғой фун шуйсыз ескі нәрселердің шаң тб нәрселерді бойына жинап тұратыны)))
sammita
мен де тура осындаймын. Ұнамай қалған киім-кешек, заттарды ауылға аттандыру үшін жинап қоям. Үйде де тыныш отырмай «мынау керек емес қоя, ия?» деп әрнені ұстап тексеріп жүрем. Үйдегілер менен қорқады-ау деймін, әркім өз затын қызғыштай қорып жинап жүреді:) Мусор шығарарда байқатпай ішін көзбен шолып шығады еще. (Өткенде айтып ем ғой, бір бума газетті лақтырып жіберіп, ішінде көліктің құжаттары кетіп қалғанын.(
alisha
иә-иә)))мұның салдарының қаншалықты қауіпті екенін бір жерде талқыладық қой…
sigma
Естеріңде ме баяғыда макалатура деп қағаз жинайтынымыз. Сәбет үкіметі құлағалы бері сол газит-жорналдарды тоннасымен ауылға отқа жағады деп аттандырушы едік. Енді міне газ келді оларға да. Ошым Газит керек болса хабарласыңдар