Қабір араладым

Очм, бүгін түс қайта қолым бос болғасын Тараздың шет жағында орналасқан Тектұрмасқа барып қайттым. Тектұрмас — біздің Көктөбеміз. Ол жаққа баруымның себебі қабір аралап көру еді. Әрі, өзімді-өзім сынап көргім келді. Типі, қорқамын ба, қорықпаймын ба? Көзіме әруақ көріне ме, мүмкін біреуі көрінен тұрып «вааа» дейтін шығар деген ермек іздеп, аралап кеттім. Еріккен сарт е***ін уқалайды деген секілді болды-ау деймін менікі.
Әрі қарай

Ауылда өткен 1 күн

Бүгін ауылда ас берілді. Ауыл дегенім-Жантас ,Өскеменнен 80 шақырым жерде, таулардың ортасында, Тарғын өзенінің бойында орналасқан шағын кент.Жақында нағашыларым үлкен іс бастады: ферма сатып алды,ірі-қара мал, жылқыларының санын көбейтті.
Әрі қарай

Керекшілермен боулинг ойнадым

«Осылай жиналып тұрайық, 3-4 ойыннан кейін қиналып тұрайық» © Нұрғиса

Астаналық керекшілер кездеспегелі біраз болып еді, кеше соның сәті түсті. Кездесуге Аршат, Бекжан Толыбай, Нұрғиса, Саммита, Қарақыз, Айдосик, Жанасыл келіншегімен және
Әрі қарай

"Керекинфо" сорпасы. Арнайы бойдақтарға және уақытша әйелсіздерге.



Ең тез және оңай жасалатын тамақтар сериясынан «Керекинфо» деп аталатын сорпа. Бұл аз бюджетті тағам бойдақтар немесе уақытша әйелсіз қалған еркектерге арналады.
Әрі қарай

Қазақ үшін - ӨЛ!

футбол қарамаймыз поқу футболға, елімізді қолдаймыз тек © asaubota

Кеше Қазақстан-Аустрия арасында ойын болып өтті.
Қазаққа жанкүйер болудан керекшілер де қалыс қалған жоқ.

Алғашқы баннер: «ФУТБОЛ БОЛАДЫ ДЕГЕН СОҢ КЕЛДІК!».
Әрі қарай

Қырсықтым

Әңгіме былай, жер лай емес. Очм, әшкиім сынып қалғанына біраз уақыт болған. Қайта барып тапсырыс беруге қол тимеді.(Өтірік, мойын жар бермеді). Сонымен бүгін түскен таман жаңасын алмақшы болдым. Алдымен 4 шағын ауданда орналасқан «Оптика»-ға бас сұқтым. Негізі бұрын да келіп тұратынмын бұнда әшкиді жөндету үшін. Сондағы орыс қатынға қояр притензиям жоқ. Қазақша сөйлей алмаса да айтқаныңды түсінеді. Бұл жақтан өзіме ұнайтын әшки таба алмадым. Бәрі бір сарынды. Кейбірі қымбат, өз бағасына татымайды да. Жақсы болса мейлі ғой бағалысының. ГарриПоттеріңдіссс.
Әрі қарай

Атыраудағы кезектен тыс @satibaldi оқулары

Осыдан біраз күн бұрын (алдыңғы күні) Атырауда керемет жиын болды. Таңертең Атырауға гастаның келуінен басталды. Бағдарлама бойынша, 9.40 вокзалда Гастарбайтерді күтіп алу, 9.55 жәймен әңгімелесіп, парковкадағы машинаға келу.
Әрі қарай

Алғашқы дәнекерлік тәжірибем

Әуесқой дәнекерші жабдығын («сварка») сатып алғалы бері алғашқы еңбегім.
Қағаз бен «клаваны» балға мен орақ қылып жүрген маған шынымды айтсам дәнекерлеу кәсібін үйрену қиынға соқпады. Әрине, әлі біраз үйрену керек.


Міне держакты қолыма алдым, ішіне электрод салдым. Қысқашын бір кесек темірге бекіттім. Тоққа қостым. Қараңғылатқыш пен қолғапты кидім.
Жұмыстағы сварщик шал үйреткендей, әлгі кесекке бір екі рет ұрып көрдім.

Сатыр-сұтыр жарқышақтар. Артым дір ете қалды. Белгісіздік үрей ұялатады, бірақ тәуекел мен жас баланың қызығушылығы басым. Тағы да бір-екі рет жүргізіп өттім.
ӘРі тызылдатып, бері тызылдатып, арасында атыңнан айналайын ютубтан видеосабақтарды қарап, жарты қорап электродты боқтан өзгеге жаратып, ақыры меңгеріп алғандай болдым.
Әрі қарай