Қырсықтым
Әңгіме былай, жер лай емес. Очм, әшкиім сынып қалғанына біраз уақыт болған. Қайта барып тапсырыс беруге қол тимеді.(Өтірік, мойын жар бермеді). Сонымен бүгін түскен таман жаңасын алмақшы болдым. Алдымен 4 шағын ауданда орналасқан «Оптика»-ға бас сұқтым. Негізі бұрын да келіп тұратынмын бұнда әшкиді жөндету үшін. Сондағы орыс қатынға қояр притензиям жоқ. Қазақша сөйлей алмаса да айтқаныңды түсінеді. Бұл жақтан өзіме ұнайтын әшки таба алмадым. Бәрі бір сарынды. Кейбірі қымбат, өз бағасына татымайды да. Жақсы болса мейлі ғой бағалысының. ГарриПоттеріңдіссс.
Содан екі өкпеммен бірге жүрегімді қолыма алып, 6 шағын аудандағы «Садыхан» деген дәріханаға барайын. Қарсы алдымда тағы орыс қатын. Сыпайы түрде әшки іздеп келгенімді айттым. Қазақша түсінбеймін деп бетіме маңқиып қарап тұр. Бозымбаевыңдыссс. Жыным ұстасын әлгі жерде өзінен-өзі. Әйтеуір өзімді әреңдеп жатып сабырға шақырып, қарай бастадым. Бұнда да айтарлықтай жақсы біреуін таба алмадым. Тек біреуі ғана ұнады. Алмақшы болып едім, направлениесіз бермейміз деп тасымды жеді. Амалсыз өз тасымды өзім құшақтап 7-ауданға жылжыдым.
Бұнда тағы бір оптика дүкеніне кірдім. Тағы орыс қатын. Бірақ бұл жолғысы жастау, әрі пигурасы ниче екен. Амал қанша бұ да қазақша білмейді екен. Бұтағымды шайнағыр, орысша сөйле керек болса дейді. Уопшым қаным тасыма шапты. Бірақ бетіне деп қарап тұрып, «мен орысша білмеймін» дедім. Қаптаған очкидің ішінен өзіме ұнаған бір әшки тауып едім. Алғым келмей қалды жаңағы сөзінен кейін. Өздері ар жақта қазақ андай, мындай деп жамандап қояды.
Одан кейін тағы бірнеше көзілдірік сататын жерде болдым. Бәрі орыс, қазақша түсінбейді. Әрі өзіме ұнайтын әшки таба алмадым. Очм, бүгін менің сол таяғыммен тұрған күнім болды-ау шамасы.
Содан екі өкпеммен бірге жүрегімді қолыма алып, 6 шағын аудандағы «Садыхан» деген дәріханаға барайын. Қарсы алдымда тағы орыс қатын. Сыпайы түрде әшки іздеп келгенімді айттым. Қазақша түсінбеймін деп бетіме маңқиып қарап тұр. Бозымбаевыңдыссс. Жыным ұстасын әлгі жерде өзінен-өзі. Әйтеуір өзімді әреңдеп жатып сабырға шақырып, қарай бастадым. Бұнда да айтарлықтай жақсы біреуін таба алмадым. Тек біреуі ғана ұнады. Алмақшы болып едім, направлениесіз бермейміз деп тасымды жеді. Амалсыз өз тасымды өзім құшақтап 7-ауданға жылжыдым.
Бұнда тағы бір оптика дүкеніне кірдім. Тағы орыс қатын. Бірақ бұл жолғысы жастау, әрі пигурасы ниче екен. Амал қанша бұ да қазақша білмейді екен. Бұтағымды шайнағыр, орысша сөйле керек болса дейді. Уопшым қаным тасыма шапты. Бірақ бетіне деп қарап тұрып, «мен орысша білмеймін» дедім. Қаптаған очкидің ішінен өзіме ұнаған бір әшки тауып едім. Алғым келмей қалды жаңағы сөзінен кейін. Өздері ар жақта қазақ андай, мындай деп жамандап қояды.
Одан кейін тағы бірнеше көзілдірік сататын жерде болдым. Бәрі орыс, қазақша түсінбейді. Әрі өзіме ұнайтын әшки таба алмадым. Очм, бүгін менің сол таяғыммен тұрған күнім болды-ау шамасы.
Өткенде Оптиканың жанынан өтіп бара жатып, көзілдірікке 50 + 30 % тағы бірдеңесіне жеңілдік жүріп жатыр екен. Іштей көзілдірік кимейтініме өкініп қалдым
1) Орысша сөйлеу керек; (үйрену)
2) Қырсығу мен жалған намысты қою.
Бұл постты оқысақ, байқайтынымыз, сатушылар емес, автор өз-өзіне мәселе жасап, жапа шегіп отыр. Сатушыларға ештеңесі кетпеді. Керісінше тонкий троллинг жасаумен мәз болған шығар.
Мына пост ұлтаралық араздық туғызады екен. Бар мәселе — автордың өзінен!
Жалпы маған ҚР-сында 2 мемлекет бар сияқты көрінеді. Бірі — көп ұлтты, толерантты Казахстан, екіншісі — моноұлтты тәуелсіз Қазақ елі. Біріншісінде ресми тіл үстем, екіншісінде — мемлекеттік тіл. Менталитеттері, көретін бағдарламалары, оқитын БАҒы, қонйыстайтын сайттары, әр-түрлі. Екі бөлек әлем дерсің. Жоғарыдағы әңгімеде екі әлемнің өкілдері кездесіпті. Екі идеология, екі менталитет, екі көзқарастың қақтығысуы. Практика жағынан жеңіс кімде — сатушы жағында.
Үш қой, мен осылай елдер секілді айқайлап емес, қолымнан келгенше қазақша сөйлеуге тырысамын әрқашан. Төрт қой, болашақта мен секілді адамдар көбейгенде амалсыз арттарын қысады орыстар. Әйтпесе олар біздің көнбістігімізді пайдаланып алған
Басқа жұмыс жоқ па
Туғаннан қазақша сөйлейсің ғой енді. Тілің орысша шығып, қазақ тілін кейін есейе келе саналы түрде үйренсең арқаңнан қағушы едім. Ал былай… Қазақша сөйлеуің — қалыпты жағдай.
Көбейетініне кепілдік жоқ.
ИМХО: бизнес, экономика, әскерлік қатынастарда — ұлтшылдық, қырсықтық деген жүрмейді. Бұнда ең бастысы — табыс пен кіріс. Пайда алу үшін зулустар тілінде де сөйлеуге болады.
Бұл жерде пост авторы — клиент болғандықтан, клиент тұрғысынан жазып отырмыз. Факт неде? Клиенттің ұтылғанында. Сатып алмақшы затынан құр қалуында.
Егер пост авторы — сатушы болса, «сол үшін сатушы тауырын өткізіп, пайда тапқысы келсе, тұтынушы қай тілде сөйлейді, сол тілде жауап беруге тиісті» деп дәріс оқып беруші ек. Алайда шағымданып отыhttp://www.kerekinfo.kz/blog/reality/6751.html#рған сатушы емес, клиент екенін ескерейік
Екі жаққа да қатысты айтылды. Ұтылған жақ — клиент екенін есепке алғанда, сол клиентке бұл сөзі қаперге алу керек-ау деймін.
Егер Оптикадағы сатушы қазақ бола тұра, орысша жауап қататын болса, түсінбегенін ишара етсе, онда қырсықтықты көмекке шақыруға әбден болар еді.
Сонан соң (жоғарыдағы оқиғадан кейін) қазақ тілінің жай-күйі күрт өсе түседі деу де қисынсыз.
Абай, керісінше өзің үш бірдей дәріхананың есігін жаптың.
осы жазбаны оқыса оптика қожайындары, клиенттен айрылғаны үшін деп қатаң сөгіс берер еді, еңбек кітапшасына жазып.
«Ничего личного, только бизнес» деген сөз болушы еді. Мұнда пост авторы керісінше, сауда орнында бизнесті ысырып қойып, қырсығып, жекеге шығып отыр.
Ана тілге деген құрмет — дүкенде қырсығып қазақша сөйлеу емес. Басқа да керемет жолдары бар.
Осыдан шығып отыр ғой бәрі. Бұл қырсығу не үшін? Ана тілге деген құрмет пе? әлде өзіне қолайлы тіл болғаны үшін бе?
Сен сенбеді екен деп, жалыны жаһаннамның салқындамас деген еді бір ақын. Сол секілді сен көбейетініне сенбей ақ қой. Сені сендіруге тырыспаймын да.
ИМХО-ңа. қай мағынада айттың? Егер тікілей болса микроэкономика сол ұлттың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Яғни, кез-келген мемлекет экономикасын біреуді асырау үшін емес, өз ұлтын асырау үшін дамытады. Мүмкін, қырсықтық жүрмейтін болар. Бірақ, сол қырсықтықтың кейде пайдасын тигізетіні бар.
Тек табыс пен кіріске бағытталған экономика өзге факторларға бағынбайтын болса онда ол бірден құрдымға ұшырайды. Алысқа тереңдемей ақ қоялық, әлемдік дағдарыстың шығу да осы тек табысты ойлаудың нәтижесі. Мысалы дағдарыста дағдармаған organization-ді айта аласың ба? Ол тек Ислам банктері. Олардың шарттары бар өзінің. Демек олар пайда табу үшін зулустар тілінде сөйлемейді. Очм, экономика ас үйде отырып, сыра ішіп анау дұрыс, мынау бұрыс дейтін ілім емес.
Ататын болсан озге улттан баста, орыс кашпас.
Бүгін азанда жергілікті элекртарату компаниясына құжаттар өткізгенмін, техникалық шарттар алу үшін. Барлық арыз-өтінішімді қазақ тілінде жазып. Қабылдап отырған құлағының түсі ақ келіншек өзінше маған «жаны ашығансып» қазақ тілінде өтініш жазсаң, қазақ тілінде аласың техникалық шартты (кейін сосын орындауы қиын болып, өтінішіңді қайта жазуың мүмкін) дейді. Тәте рахмет, «жан ашырлығыңызға», бірақ өз тілімде жазылған шартты орындай алмасам маған сын, қорықпай-ақ қойыңыз деп басу айтып, өткізіп кеттім қағаздарымды.
Жалпы айтарым өзіміз дамытпасақ тіліміздің өрісін, «жан ашығыштарға» сенетін жағдай жоқ.
Қазіргі кезде дәл осындай пост жетіспей отыр еді, жақсы болды ғо. Жанарбек жалғыз емес Жағдай жақсарды, бәрі тыныш, енді ұлтараздыққа шақыруға болады. Әйтпесе не, іш пысты, соғыс керек, а то алдыңғы жағдай тез бітіп қалды да
«ссс»-ті қосса да, қоспаса да әркім біледі ғой. Жалпы қыздарда да «сгин»-ді білдіретін «ссс» әрпін кеңінен қолданғасын, ұлдарға қайтып сын таға алармыз
Қазақ тілін промоут еткіңіз келе ме, етіңіз! Бірақ, еш негативсіз! Дәріханада тұрған кісінің ұлты орыс екенін білемісіз анық? Жоқ, мүмкін ол украин шығар, болмаса поляк! Орыс қатын деп, ол сіздің қатыныңыз ба еді? Өз келіншегіңізге айтарсыз олай.
Сіздің посттарда негатив пікір білдірсем, ол сіздің өз еңбегіңіз сондай негатив пост жазған.
Қазақша білмейтін жастар көп деп айтудың да қажеті жоқ, орысша білмейтін жастар да жеткілікті.
Осыдан жарты жылдай бұрын Мәдениет министрлігінің заңға өзгеріс енгізіп, тілді міндеттеуге қадам басқандағы жағдайды еске түсірелік. Қазақстандағы орыс тілді БАҚ пен түрлі қоғамдық ұйымдар дүрлікті, ал қазақ тілді бақ пен зиялы қауым, т.б. бұл министрліктің орыс тілділермен теке тіресі қайда барады екен деп бақылап қана отырды.
Өзге тілде сөйлейтіндер түмінбейтін қазақ тілінде мемлекеттік тілді неге білмейсіңдер деп зарлай бергенше нақты ұйымдасқан түрде қадам жасамайды ешкім. Қатты кеткенде ашық хат жолдайды, бітті. Өзің айтпақшы флэшмобтарды пайдалануға болушы еді.
Тек НЕРВке баспай жәмен, жәймен үйрету керек. Үйренеді.
Талай жағдайларда мысалы, жұмыссыз қалған кездерде де таныс-жолдастардан қарызға ақша сұрасаң, көбіне орыстар беріп жатады, қашан қайтарсаң да өзің біл деп жүре береді. Қазақтарда үнемі «жоқ, жоқ».
Өмірде жалпы ондай мысалдар жетерлік. Жалпы қоғамда өзін-өзі ұстау, мәдениетті сөйлеу секілді этика-эстетика ұстанымдарына келгенде орыстар қазақтардан әлдеқайда дамып кеткен. Қазақтар да соны көре тұра оларды басып озудың орнына, кері тартып, оларды жамандап, күндеп жүреді. Егер шынымен өзіңді олардан артық санасаң — мойындатсайш шынымен артық екеніңді. Олардан биік екеніңді ашу, тіл тигізумен емес — әрекетіңмен, мәдениетіңмен көрсет.
Негізі мойындау керек, қазақша сөйлеуге намыстанатындар көп. Бір рет Аршаттың бір постта мынадай пікір айтқаны есімде, қазақ тілдің дамуына әдемі қыздардың сөйлегені үлес қосады деген. Сол айтпақшы, қазақшаға әдемі, гламурный киініп алған, тілі мәдениетті жігіттер де атсалыса алады дегенді қоса кеткім келеді. Так что, Абай алға!!! Алған бетіңнен қайтпа! Анладын мы?
Қазақша тапсыруға болмай ма не? десем болады дейді.
Енді? десем күледі.
Өз басым қайда барсамда қазақша сөйлеймін, орыстар түсінбей қиналып кеткенде ғана солардың тіліне амалсыз көшемін.
Зиг хайл! (әлі жеңіс емес, бірақ бір күні жеңіс келеді)