Оятқышымды зар қақсатып барып, ұйқымнан әрең оянып, төсектен зорға көтерілетін мен бүгін таңда сергек оянып, жұмысқа томпаң-томпаң етіп, тез-ақ жеттім. Күттай кешіктім енді, ештеңе етпес
Достарым, достарым! Барлық күнім дәл бүгінгідей тамаша өтсінші!
Сенбі болғандықтан ба, бес күндік жұмысқа үйреніп қалғандықтан ба, жұмыс істеуге аса зауқым болмады. Маужырап, ұйқы қысып, қызық күйде отырдым.
Айналам қоңыр түске (күзді айтам) боялып жатқанда әр құбылыстан позитив іздеуге көштім. Адамдардан, әр әрекеттен, тіпті орын алған сәтсіздіктің өзінен қуаныш күткім келеді, жақсылық көргім келеді.
Арылмас әдетке айналдырып алуға болатын мұндай қасиеттің қаныма сіңіп кеткенін қалаймын.
Маған сәттілік тілей отырып, күн сайын бірнеше позитивтен жеткізіп отыруға тырысатын 100 күнімде сіз де менімен бірге өзгеруге тырысарсыз… бәлкім…
Көзім жеткені, қандай көңіл-күймен ұйықтасаң, сол көңіл-күймен оянасың. Осы жобамды бастағалы ұйықтар алдында күні бойына орын алған позитивтерді еске түсірем де, шаршағанымды да, басқасын да ұмытып кетем. Көтеріңкі көңіл-күймен ұйықтап, сол сезіммен сергек оянып жүрмін. Бұл маған ұнайдыыыы