#8 күн - "Жүрейік жүрек ауыртпай"



Эхх, достарым, бұл бір қызық күн болды. Эмоцияға, контрастқа толы күн болды

Жұмысқа, ұят-ай, кешігіп келдім


Тәттіні көөөп жеп, мәз болдым. Тым тәттіқұмармын ше


Күннің қақ ортасында болмашы нәрсеге жылап алдым. Жүрегім нәзік, тым сезімтал адаммын ғой мен


Бұлт жәйттің позитивті тұсы мен ол адамға артық сөз айтпадым, жасыммен іштегінің бәрін шығарып, жеңілдеп қалдым. Ешкім байқаған жоқ менің жылағанымды, көрсетпедім ешкімге


Іште реніш, өкпе, ыза, кек сақтамай, шығарып тастау керек. Оның өзінде де, сөзбен емес, осылай жаспен шығару керек. Тостаған бір суланады да, қояды. Есесіне, достыққа, сыйластыққа сызат түспейді

Көңіл-күйім құбылып барып, орнына келген сияқты. Жұмыстан шығып, киноға бардық. Гравитация — көруге тұрарлық фильм. Әсіресе, мен сияқты комментарий айтып отырып көргенге күшті

Ғарышқа ұшып барған топтың ішінде бір әйел ғана тірі қалады. Көктегі қиындықтарды жеңіп, жерге жеткенде тұншығып өліп қала ма деп, қорыққаным-ай. Жоқ, үйтіп-бүйтіп аман алып қалдық әйтеуір

Ешкімге ренжімеймін мен енді. Жүрегіме ауыр жүк арқалап қайтем

Әлеуметтік желілерде лайк басып, танысам да, танымасам да, жақсы пікір мен комплименттерді үйіп-төгуге тырысып жүрмін, бір адамды болса да жымитатын шығар

Ғарышқа ұшқым келедііііііііі


админ болғасын мына сұрақты жиі естимін: "*** деген кім?"
жыным келеді осы сұраққа. және сен бірінші рет сұраған жоқсың. мен қайдан білейін кімнің кім екенін? қызық та емес кімнің кім екенін қарау, тіпті білу мүмкін емес те. соған ашуланғаным ғой.
Архангельск аймағының валокардин зауыты ауласына кіре беріс жерде осы тіркесіңді баннер ғып іліп қойыпты деп естідім.