#1 күн - Күлгін көзілдірік, қайдасың?
Айналам қоңыр түске (күзді айтам) боялып жатқанда әр құбылыстан позитив іздеуге көштім. Адамдардан, әр әрекеттен, тіпті орын алған сәтсіздіктің өзінен қуаныш күткім келеді, жақсылық көргім келеді.
Арылмас әдетке айналдырып алуға болатын мұндай қасиеттің қаныма сіңіп кеткенін қалаймын.
Маған сәттілік тілей отырып, күн сайын бірнеше позитивтен жеткізіп отыруға тырысатын 100 күнімде сіз де менімен бірге өзгеруге тырысарсыз… бәлкім…
Бүгінгі таң ерекше басталды. Әріптесім Данияр арқылы қолыма ерекше сыйлықты алдым. Ол сонааау Алматыдан келгенімен ғана емес, креативімен де қуантты. Ерекше ыдыс. Объективі бар, енді фотоаппаратын алу керек
Осы жаңа жобаны қолға алғанымды құптағандай жұмыс компьютерім де ауысты. Бәрі жап-жаңа. Үлкен монитордан бәрі басқаша көрінеді екен. Соның өзі кішігіріп оргазм сыйлады
Сосын… сосын… сосын бүкіл жердің суреттерін түрлі-түсті позитивке алмастырдым. Бәрі осыдан басталу керек сияқты болды.
Жаңа комптар толыққанды орнатылып біткенше үстелге қисайып мызғып алғаным — ұят емес, еркелік. Өзім солай шештім
Күннің соңы өз-өзіме сыйлық жасаумен аяқталды
Аурамды өзгерткім келеді. Ол үшін күніне 10 адамға комплимент айтуды әдет қылуым керек екен. Күнде сол адамдар болса да, комплимент қайталанбауы керек. Бұл адамның бойынан тек жақсылығын іздеуге үйретеді .
Тек… бүгін ешкімге комплимент айтпаппын
Жоғалған төлқұжатымды іздемеймін де! Өзі алдымнан шығар не орнына керрремет қуаныш келеді
Ертеңге дейін
14 пікір