Кімнен (неден) қорықтың?
Басқа халықты қайдам біздің қазекең үйіндегі кішкене баланы қорқытып тыныштандыруға шебер ғой. Ойын баласы мазасыздана бастаса болды «Тыныш отыр!Әйтпесе Бөжекей алып кетеді» деген секілді әңгімелердің тиегін ағытады. Басқаларды білмеймін, мен үшін ең қорқынышты кейіпкер «Екі метр адам» еді.
Екі метр адамды елестете алмайтынмын. Әпкем мазасы болмай отырса осы сөзбен қорқытушы еді. Ал, сіздер неден, кімнен сескендіңіздер?
Бала болған соң құлайсың, кейде бір жеріңді сырып алып қанатып жатасың.Сондайда ағаларым "Қазір қан шығып жатқан жеріңнен ішек-қарның шығады" дейтін. Ондайда мен бақырып жылап жіберетінмін…
Сурет мына сайттан алынды.
Әрі қарай
Екі метр адамды елестете алмайтынмын. Әпкем мазасы болмай отырса осы сөзбен қорқытушы еді. Ал, сіздер неден, кімнен сескендіңіздер?Бала болған соң құлайсың, кейде бір жеріңді сырып алып қанатып жатасың.Сондайда ағаларым "Қазір қан шығып жатқан жеріңнен ішек-қарның шығады" дейтін. Ондайда мен бақырып жылап жіберетінмін…
Сурет мына сайттан алынды.



Мүйізатар дегеніміз Y іспетті ағаш бұтағына жіңішкелеп тіліп байланған белесебедтің камерасының және сол камераның екінші басына байланған былғары оқшантай. Қолы ұзындар медициналық жгуттан жасап алатын.Ондай қулардың атқан оғы алысқа кетуші еді.Оқшантайға былғары табудың өзі сор еді. Былғары сөмкеңнің ішкі жағынан кесіп аласың немесе бәтеңкенің тілі кетеді құрбандыққа. Ағаштан әдемі аша таба алмасақ қара сымнан сап жасап алып жүре беретінбіз. Әуелгіде бөтелке атып бастағанмен кейін келе торғайға оқ ататынды шығардық. Талай рет оқ тиген торғайдың жерде тыпырлап қиналғанын көріп жаным ашып кетуші еді. Бірақ балалық па ертеңіне тағы атасың торғай біткен үйіңдегі соңғы бидайыңды жеп кеткендей...Құдай күнаға жазбасын бұл балалығымызды. Одан іш пысқанда қойдың құмалағымен оқтап бір-бірімізбен атысамыз. Іштей ұнатпай жүрген біреуің болса кішкене тас салып атып жібересің, кейде сені де біреулер таспен атып кетеді…


