Қазақстан чемпионаты 1-тур

Фото: О.Лебедев
Фото: О.Лебедев

1-тур нәтижелері:

Шахтёр — Қайсар 2-0
Локомотив — Жетісу 0-2
Ордабасы — Тобыл 1-0
Восток — Кайрат 1-0
Ақтөбе — Атырау 2-0
Тараз — Ертіс 0-1

12 командадан тұратын чемпионатымыздың алғашқы туры алаң иелерінің басымдылығымен аяқталды. 4 ойында алаң иелері, 2 ойында қонақтар жеңіске жетті. Жетісу мен Ордабасының жеңістерін сенсация деп қабылдамау керек деп ойлаймын. Тобыл биыл өткен жылғы чемпиондық атағын қорғамайтыны анық, команданың мықты ойыншыларының барлығы маусым ортасында бұл командадан кетіп үлгерді. Ал астаналық Локомотив те құрамын жаңартты, чемпионатқа әлі толық дайын емес. Негізі биылғы чемпионат регламентіндегі өзгеріс осындай командаларға лайықталып істелінгендей, 2 этаптан тұратын турнирдің алғашқы этапынан кейін алтылыққа кірген командалардың ұпайлары 2-ге бөлінетіні белгілі. Яғни алтылықтың соңынан орын алған командалар 2-ші этапта көш басындағы командаларды қуып жетіп алуларына үлкен мүмкіндік бар. Сондықтан Тобыл мен Локомотив алғашқы ойындағы жеңіліске қайғыра қоймас, бар болғаны 1,5 ұпай ғана жоғалтты.
1-турдың интернеттен табылған видеолары:

Ордабасы — Тобыл матчының соңғы минуттары:


Ақтөбе — Атырау матчының голдары және қызық сәттері:
Бөлісу:

21 пікір

Nurgisa
Шымкенттегі матчта омондар алаңды толықтай қоршай орналасқанына қарағанда хулигандық әрекет күтті ме екен? Отыз мыңдық стадион лық толы емес, ары кетсе 7-9 мың жиналған шығар… Егер анық сол көп лап ете қалса, әлгі сақтық қорушылары жеткіліксіз боп қалады-ау деп ойлайсың.

Биылғы негізгі бақталастық Ақтөбе, Ертіс, Шахтер, Ордабасы командалары арасында өрбитін шығар деген жорамалым бар.
Khan
Атырау ше? Мұхиттың ар жағынан Атырау үшін жанымызды береміз деп келген бауырларымызды бағаламай отырған жоқпыз ба? Аякстан ұзатылып келген Киран Бехан дегенді де қосыңыз бұған. Осы маусым мен үшін қызықты болғалы тұрған секілді
Nurgisa
Атыраудың былтыр бағы ашылмады. Биылғы әуселесін көре жатармыз. Кезінде Атырауда да Ақтөбедегідей аншлаг болушы еді, футболға билет табылмай… Ол кезде команданың дүрілдеп тұрған кезі. Қазір көп қарасы саябырсыған секілді.
Khan
Атыраудың қорғаушылары жаурамай жүгіріп жүрулері үшін екі жүз граммнан тарттырып жіберу керек екен.

Ақтөбенің Орталық стадионы жақында жөнделіп болады ма?
asaubota
стадионды Еврожарыстарға дайындап жатыр. 2-3 айсыз дайын болмайды. қазір 4000 адамдық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің стадионында ойнап жатыр. бір қызығы өткен турда ең көп адам жиналған стадион осы стадионсымақ болды :)
Nurgisa
:))))) мынау қызық мәлімет екен :)
Тек қана Қазақстанда… немесе, Ақтөбеде :)))
Khan
Ақтөбе фанаттарының ұйымдасуы жақсы екенін көріп жүрміз. Мәскеудегідей әлдебіреулер арандату мақсатымен пайдаланып кетпесе болды-дағы. Негізі, бәрінің тыңдайтын адамдары болар, а?
asaubota
Негізі, бәрінің тыңдайтын адамдары болар, а?

түсінгенімше ол фанаттарды қолдап тұрған біреулер бар ма дейсің бе? ешкім жоқ, ешкімді тыңдамайды да, тіпті клубты да. нақты лидер жоқ, негізгі құрам бар, хардкор бар. ортақ шешім қабылданады әрқашан.
asaubota
Атыраудың биыл алтылыққа ілінуі қиын. Ақтөбенің басты қарсыласы лохомотив. тобыл да алтылыққа ілінетіндерден. қалған үш орынға Ертіс, Жетісу, Қайрат, Ордабасы таласады.
Nurgisa
Өзі 14-ақ команда… :)
asaubota
неге 14? 12 команда ғой, былтыр да солай болды.
Nurgisa
Тіпті 12… Олай болса бірінші айналымда хас мықтылар қатты тер төкпейтін сияқты. Ақыры одан кейін жинағандары екіге қақ айырылатын болса… Нағыз бәсті сол екінші айналымда тосу жөн.

«Локомотив» құраманың негізқұраушы дружинасы болғасын, былтырғыдай өргесүйреушілік элементтері де болады-ау. Әлде биыл әділ өткізуге күш салып көрер ме екен…
Khan
Осыншама сұрақтар мен қызығушылық қайдан пайда бола қалды деп таң қалмаңдар. Ставка қоямын ба деген есекдәме бар
Nurgisa
«Бәс тігу» де… Бұл ретте Аршаттың бөлісері мол болар.
Орайы келсе біз де эксперттік көзқарас білдіруде аянып қалмаспыз.
asaubota
біздің чемпионаттан жақсы көтеруге болады. алдағы турға болжам жазайық осында.
Khan
Локомотив – Ордабасы (Локомотив жеңеді)
Иртыш – Актобе (Ақтөбе ұтылмайды)
Атырау – Шахтер (Шахтер ұтылмайды)

Өмірі бәс тігіп көрмеппін. Осыны анау Х-тарға салғанда қалай белгілейді?
asaubota
өмірі бәс тікпеген болсаң ең дұрысы бұл ауруға жолама. және ережелерін білмей, түсініп алмай бәс тікпе.
saken
бәрін айтта, бірін айт, кәрөче Қайсар Чемпион!!! :))
Nurgisa
Мүмкін, мүмкін… Әзірге 0 ұпай жинапты, дегенмен… :)
gunner
Биыл Локомотив чемпион болады. Айсұлтан Назарбаев ойнайтын команда ұтпағанда кім ұтады ))). Байғұс судьяларға қиын болатын болды биыл))
Nurgisa
Әзірге негізгі құрамға іліктірілген жоқ, білуімше. Қосалқы құрамда. Бірақ негізгі онбірдің қатарына қосылары уақыт мәселесі ғой. Анық өтердей болса, иә, Локо биыл әупірімдеп чемпион қылдырылады…