Мәселе сөз бостандығында ғана емес...

Netpresenter Digital Signage
Image via Wikipedia

Демалыс күндері ескі қағаздарымды ақтарып отырып, тауып алдым. Шамасы жаңа медиаға қатысты бір кітапты оқып отырғанда сол жақтан көшіріп алған болуым керек. Сілтемесін жазбаппын.
Бір түймені басу арқылы ақпарат тасқынының куәсі болу тарихта бұрын-соңды болмаған. Дүниенің әр түкпірінде отырғандар бір-бірімен мұншалықты оңай, әрі жылдам пікірлесе алмайтын. Бір қоғамның азаматтары бір мәселеге қатысты кең ауқымды пікірталас ұйымдастыра алмайтын.
***
Digital ақпараттың келуімен интернеттегі қауіпті мәліметтерден балаларды қорғау енді мемлекеттің емес ата-аналардың мойнына жүктелді.
***
Мәселе тек қана дәстүрлі ақпарат құралдарындағы сөз бостандығы турасында ғана емес, сонымен қатар кез-келген қарапайым азаматтың жеке сайт/блог арқылы өз көзқарасын еркін білдіре алатын құқығының болуында.

***
Интернетте еркін пікір білдіру интернетті реттеу, бақылауға алумен емес, сөз бостандығына кепіл болатын заң нормаларымен қорғалуы керек.
Ұқсас жазба


Мақала сілтемесі
Бөлісу:

2 пікір

patick
Оффтоп: Әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді қалдыру да қауіпті. Қара көзілдірік киген арнайы қызметтің адамдары есігіңді қағып тұрса, еш таңғалма.
edige
"құқығының болуында"
осы сөздің өзі ескірген сөзге айналып кетпесе игі