9-класстағы оқиға

Ақыры бала кезді еске алған екенмін, тақырыпты жалғастыра кетсем.
Тоғызыншы сынып оқып жүрген кезім. Мектеп директоры шақыртып алып: — «Пәлен» қоры байқау ұйымдастырып жатыр, соған очерк жазу керек. Бас жүлдеге — телебизір, — деді. «Окой» деп кете бардым. Ұсақ-түйек мақалалар болмаса, очерк дегенді жазып көрмегем. Әйтсе де, шама-шарқымның келгенінше бірдеме жазып бердім.
Біраз уақыт өткен соң, "Әйгерім байқаудан бас жүлдені жеңіп алыпты" деген өсек гу ете қалды))) Расында да, көп ұзамай, «Ақтөбе» газетіне байқау нәтижелері жарияланды. Бірақ маған ешкім ештеңе демеді. Бір жиналыста әйтеуір құрғақ сөзбен құттықтап қойды. Әлгі байқаудың қалада болған марапаттау рәсіміне кім қатысқаны да белгісіз (телебизірді біреу алды ғой!).
Мен де «Ибай, менің телебизірім қайда?» деп шу шығара қоймадым (сірә, бірдеңені сезсем керек). Кейін білдім, әлгілер байқауға менің атымнан менің шатпағым емес, мектептегі бір мұғалиманың очеркісін жіберіпті. Ол мұғалима туралы айтарым "Лібә, жақсы жазып қоятын еді". Аудандық кәзиттерге өлеңдері де шығып тұратын.
Не керек, олардың шешімі бойынша маған «бас жүлдегер деген атақтың өзі жеткілікті» екен. Ойыма әлгі әйгілі эпитет қана келді)))
Арзанқол (солай екендігіне күмәнім жоқ) телебизірді алған адам да байып кетпеген болар, мені де жалған «атақтың» қарық қылғаны шамалы… Ал әділетсіз байқауға түскен қалған үміткерлердің тағдыры маған беймәлім…
Бөлісу:

7 пікір

TERISKEI
«Ойыма әлгі әйгілі эпитет қана келді)))» қаттым;)
Abilakim
Мен әскер қатарында жүргенде«Отан сақшысы» газеті «Менің Отаным-менің Қазақстаным» атты конкурс жариялады.Бірінші сындарынан өттім поэзия жанры бойынша, екінші туры 18-ші тамызда еді, осы күні қорытындысы шығып, жүлдені алғандар мараппаталатын. Не керек мен үйге қайтып кеттім, шамалы уақыттан соң әлгі конкурстан мен ұтып шығыппын.Дипломымда 100 долларымда жетпеді.Әскери бөлімнің тәрбие жөніндегі бөліміндегілер салып жібереміз деп еді. Қай-қайдағы еске тсіп кетті ғой.
edige
Айтпақшы откендегі частьтың кординатасын білдің ба?
Abilakim
Алматы 1 жақта «Камаз центр» дей ме сол маңайды бомбит ету керек секілді
edige
:) Капшагай гарнизоны емес па?
asaubota
басқа үміткерлер басқа мектептің мұғалімдері шығар :)
AKY
Онда байқау бәлендей әділетсіз болмапты ғой) А то мен переживайттап жүрсем.