kariimге ашық сабақтар. #3. Қаззақ оқырманы (ертайы)

(Ертайы. Тасы — өткен жазбада)

Уа, шәкіртім тақуамулла, келесі сабақта мен сені — аспаннан алақанын жайып салбырап түспей, зайырлы қоғамда аз-мұз өмір сүрді деген болжамнан шығамын. Яки саған қаншалықты қолайсыз болса да, жалғандағы (мирское) өміріңнен аз-мұз эпизодтар еске түсіруге тура келеді. Бұл ертең сенің жазбаңды оқып отыратын монитордың ар жағындағы қаззақ оқырманның хайуан бейнесін аша түседі, ал жауды білу — жартылай жеңіс.
Әрі қарай

kariimге ашық сабақтар. #2. Қаззақ оқырман

Алқашқы дәрісте қаззақ оқырманның қыңыр келбетіне жарық түсіргендей болатынбыз және kariim өзін адамзат жазбагерлік баспалдағының соңғы сатысындағы бейбақ екендігін қабылдаған болатын. Ендеше көрмегеніміз алда, уа муллакариим! Себебі екінші сабақта біздер — қаззақ оқырманның бетіне толықтай жарық түсіріп, оның нағыз айуан бейнесін көреміз. Сонымен, Орташа Есеппен Қаззақ Оқырманы мына жаңалықты қалай оқитынын бірге қарайық.

Менде бір керемет сюжет бар...: kariimге ашық сабақтар. #2. Қаззақ оқырман

Енді осыны қаззақ оқырманның не ойлап отырып оқитынын қарайық (ойлар — жақшаның ішінде асты сызылып жазылған):
Әрі қарай

kariimге ашық сабақтар. #1. Психологиялық баптаулар

Исекең(Ол ішкен ыдыс қайта тола берсін!) дүние есігін бақырып ашқаннан екі мың да он үш жылдың жүзі өтіп, мизанның он бірінші жұлдызының тал түсінде маған шәкірт болдың, kariim . Білмеймін: бағыңа ма, сорыңа ма; әйтеуір аузыңнан уағда шығып, виртуал медреседен ілім мүкәммалын* алып кетуге бел будың. Қош келдіңіз ендеше
Әрі қарай

Ауылдағы триллер. "Мола артындағы төбелес"

— Телефонда кіммен сөйлестің?
— Есімі «фак ю»
— Шынымен бе?
— Ия, ол қытайлық © satibaldi

_________________________________________________________________________________________________

Менде бір керемет сюжет бар...: Ауылдағы триллер. Мола артындағы төбелес
Ауыл деп отырғаным өзімнің туып өскен қалам, мен ауылым дегенді жақсы көрем. Георафиялық статусына қарайтын болсақ қала болып саналады екен. Шиваға шүкір 10 мыңнан аса тұрғынымыз бар, көбейтсек пе деген ойда бар. Сол ауылымыз негізінен 4 аймаққа бөлінеді, ешқандай әкімшілік тұрғыдан бөліну емес айтып тұрғаным, байырғы халық бұрыннан өздері-ақ әкім-жақыныңды күтпей бөліп тастаған. Әр аймақтың(бұдан әрі край) өз шекарасы, көшесі, ұраны бар. Әскері, қару-жарағы, басшысы бар деуге де болады негізі.
Әрі қарай

Стақандастарым. Тәрен

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Тәрен

«Марқұм Паниковскийді ардақты әке, аяулы жан болды деп айта аламыз ба? Әрине, айта алмаймыз!» ©«Алтын бұзау»

«Ақыр аяғы — Тәренмен ішіп жүр». Бұл сөз біздің ауылда — әлеуметтік баспалдақтың төменгі соңғы сатысына тігіліп түскеніңді білдіреді. Бұл үкімнен кейін сені ендігәрі тіпті қазан көтерісуге де шақырмайды. Өзіңді бір-түрлі, баррикаданың басқа жағына секіріп түскендей сезінесің.
Әрі қарай

Мүшейра! Жүлде - қолма-қол 10 000 теңге!

«Көзден кеттім» ©monti
"Құлақтан қайтып келдім" ©СаянҮш



Жер-мақанды басып жүргелі неше түрлі әнек естіп жүрміз. Бірақ айтушылар әдетте күлдіреміз деп алып, жылатып қояды. Немесе күлдіруге уәде беріп, өзі күледі. Бірақ "қазір күлесің нақ!" деп алып
Әрі қарай

Стақандастарым. Император Клавдий

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Император Клавдий

— Үш жүз сестерций — деді Клавдий астындағы жәлапты жәукемдеуін тоқтатпастан.
Шошып кеттім шешесс.

— Марстан қорықсаңшы, Клавдий! — дедім мен жалбарына, — қураған бұтағы да жоқ даладағы қуып кеткен халықтар үшін — үш жүз сестерций? Араның ашылайын депті!
Әрі қарай

Маған ұнаған ұзын әнек не қысқа әңгіме

Көктіреудің жерлеуі

«Ойбай, Көктіреу Әреңтұрғанов қайтыс болды!» — деп күрсінген елде есеп жоқ. Мәйітті жерлеуге алып жүрген көліктің артынан қара құрым қара мәшинеге сан жетпейді! Осынша қара көлік көктен түсті ме деп есің шығады. Сөйтсек, жерлеу кезінде көштен қалғысы келмегендер қызыл, сары, жасыл көңкелерін қараға сырлап, бояп үлгірмегені қара балшыққа көлігін бір аунатып алып қатарға қосылған екен. Қаралы митингте өксігін баса алмай, ардақты ағасына асыл сөзін арнаған ағайын сай сүйегімізді сырқыратты. Әсіресе, Көктіреу көкесінің арқасында адам болған Киізқазық Жергекіргеновтың, Майлыжер Жалағановтың, Көңілшек Көпбергенованың жүрек жарды жан айғайына егілмеген жан қалмады. Қаралы митингте қабырғасы қайысып, қайғыға батқандардың ішінде Кеңірдек Тоймағанов, Жалғанды Жалмағанов, Әділдік Көрмегенов, Әліпби Танымасов сынды еліміздің бетке ұстар белсенділері де болды. «Айналайын Көктіреу ағам-ай, енді көкті кім тірейді? Енді мені кім сүйрейді?!» — деп аңыраған Тіреусіз Жүреалмасовтың зарынан кейін, көрнекті ақын Арнаубек Одабайдың сөзіне жазылған Күйсыйлап Әнжазардың «Көшеде жатқан Көктіреу жоқ» атты патриоттық әнін елімізде ең көп сүйілген әнші Хошиіс Еміренгенова орындап бола бергенде, табытта жатқан Көктіреу көкеміз ризашылық өксігіне шыдамай шашалып, орнынан тұрып, өзі үшін өкіре жылаған көпке алғысын білдірді! Ақыры, ағасын қара жерге қимаған Майлыжер Жалағановты көкесінің орнына жерлеп, Көктіреу Әреңтұрғановты қолтықтап, қаралы қауым артқа қайтты. Бейіт басынан қайтқан ақ мәшинеде есеп жоқ! Жалт-жұлт етеді!

© Асқар Наймантаев
Әрі қарай

Стақандастарым. Ауылдың оташы-дәрігері Аққали Есембетович

Менде бір керемет сюжет бар...: Стақандастарым. Ауылдың оташы-дәрігері Аққали Есембетович

«Тасақтың рентгені өкпенікіне ұқсайды екен алыстан қарағанда»

— Satibaldi

… Ағып жатқан сумен аралас түсініксіз күбір-күңгір боп естілген дыбыстардың арасынан "… құтты болсын ал, әрі кетсе бір апта жатад. Бұрыңғыдай ырбаңдатпаймыз. Бізде бұл ағымдық операция ғо, " -деген сөздерді анық ажыраттым.
Ішімді біреу сипағандай болды.
Көзімнің әзер ашылған қиығынан бір қолында қайшы ұстап, бір қолымен тігісімді ұстап тұрған бір жас доқтырды көрдім. «Дегенмен әдемі тігіппін,» — деп міңгірледі ол.
Ультракүлгін прожектор сәулелерінің арасынан қолын сүлгіге сүртіп жатқан екінші сұлбаны да крахмалдан қақиған жарты метрлік ақ қалпағынан бірден таныдым — ауылдағы бас оташы Аққали Есембетович.
Әрі қарай