Маған ұнаған ұзын әнек не қысқа әңгіме

Көктіреудің жерлеуі

«Ойбай, Көктіреу Әреңтұрғанов қайтыс болды!» — деп күрсінген елде есеп жоқ. Мәйітті жерлеуге алып жүрген көліктің артынан қара құрым қара мәшинеге сан жетпейді! Осынша қара көлік көктен түсті ме деп есің шығады. Сөйтсек, жерлеу кезінде көштен қалғысы келмегендер қызыл, сары, жасыл көңкелерін қараға сырлап, бояп үлгірмегені қара балшыққа көлігін бір аунатып алып қатарға қосылған екен. Қаралы митингте өксігін баса алмай, ардақты ағасына асыл сөзін арнаған ағайын сай сүйегімізді сырқыратты. Әсіресе, Көктіреу көкесінің арқасында адам болған Киізқазық Жергекіргеновтың, Майлыжер Жалағановтың, Көңілшек Көпбергенованың жүрек жарды жан айғайына егілмеген жан қалмады. Қаралы митингте қабырғасы қайысып, қайғыға батқандардың ішінде Кеңірдек Тоймағанов, Жалғанды Жалмағанов, Әділдік Көрмегенов, Әліпби Танымасов сынды еліміздің бетке ұстар белсенділері де болды. «Айналайын Көктіреу ағам-ай, енді көкті кім тірейді? Енді мені кім сүйрейді?!» — деп аңыраған Тіреусіз Жүреалмасовтың зарынан кейін, көрнекті ақын Арнаубек Одабайдың сөзіне жазылған Күйсыйлап Әнжазардың «Көшеде жатқан Көктіреу жоқ» атты патриоттық әнін елімізде ең көп сүйілген әнші Хошиіс Еміренгенова орындап бола бергенде, табытта жатқан Көктіреу көкеміз ризашылық өксігіне шыдамай шашалып, орнынан тұрып, өзі үшін өкіре жылаған көпке алғысын білдірді! Ақыры, ағасын қара жерге қимаған Майлыжер Жалағановты көкесінің орнына жерлеп, Көктіреу Әреңтұрғановты қолтықтап, қаралы қауым артқа қайтты. Бейіт басынан қайтқан ақ мәшинеде есеп жоқ! Жалт-жұлт етеді!

© Асқар Наймантаев
Бөлісу:

16 пікір

MERmukhanov
Стилі осындағы кей авторларға ұқсас па қалай?)))
zholantai
адам аттары бітіп кеткен,
MERmukhanov
фишкасы соған негізделген ау))
zholantai
онда айнып кеткен екен, жалпы қазір мұндай анықтауыштық, сипат беретін есімдерді пайдалану — қабылданбайд
MERmukhanov
білмим ғо. маған ұнады. Қазір деген не, модерн стильдер шығып па?
zholantai
стильдің ауылы аулақ бұл жерде, ал былай постмодерн шығып кеткен қазір))
Gastarbaiter
Байқамай минус қойылып кетті.
Меніңше фишка сюжеттен артық қойылуы тек первопроходецтерде алғаш өтеді.
Ал мұндай фишка атам заманнан бар. Шықбермес ШЫҒАЙБАЙЫңдысс, бірақ тіпті Алдар Көсе әңгімелерінде тасты назар сюжетке қойылад.
Ал «говорящая фамилияға» тұтастай негізделген әңгіме Гоголь заманында-ақ өзін өзі сарқып біткен сияқТ)
zholantai
иә, со ғо.
не қойғысы кеп бара жатса, кәдімгі есім беріп, мағыналы фамилияларды әдем етіп жасауға да болад ғо, жалпы осындай әдістке деген ынтызарлық боп жатса Чеховтан үйренсінШ, ))
torgai
Ескі «Тамашаның» стилі ғой. Аттарды быт-шыт қылу
asaubota
Үмбетбай Уайдиннің кейіпкерлерінің аттары күшті еді, мысалы Укай деген жігіт. ал мынандай аттар шынымен қызық емес уже. автор алдын ала дайындалатын сияқты сюжетім әлсіз болса да ең болмаса адам аттарына күлсін деп.
sigma
Сатыбалдының кейіпкерлері жынД
Adiletshu
Асқар Наймантаевтың әзілдері дым ұнамайды. Жыным келеді, тәлібтің
Sashok
 Күштi екен, тағы да жарияла.
Abilakim
Асқар Наймантаев "Қасықты" ғана удәшні алып шыққан болатын