kariimге ашық сабақтар. #3. Қаззақ оқырманы (ертайы)

(Ертайы. Тасы — өткен жазбада)

Уа, шәкіртім тақуамулла, келесі сабақта мен сені — аспаннан алақанын жайып салбырап түспей, зайырлы қоғамда аз-мұз өмір сүрді деген болжамнан шығамын. Яки саған қаншалықты қолайсыз болса да, жалғандағы (мирское) өміріңнен аз-мұз эпизодтар еске түсіруге тура келеді. Бұл ертең сенің жазбаңды оқып отыратын монитордың ар жағындағы қаззақ оқырманның хайуан бейнесін аша түседі, ал жауды білу — жартылай жеңіс.

Ендеше, сақалсыз өміріңе оралсақ. Мынау даңғаза қу пәнидегі кезіңде мынадай сөздерді естіп көрген шығарсың: «күп-күшті!», «доп-домалақ», "қып-қызыл". Бұлар — қаззақта сөздің құнының ертеден-ақ жойылғанын көрсетеді. Себебі «күп-күшті» емес — «керемет»; «доп-домалақ» емес — жәй ,«домалақ»; "қып-қызыл" емес — «алқызыл» болады. Әсірелеу, кейде одағай арқылы әсірелеу («дәәәәәәәәәәәу!», «алыыыыыыыыыста!») — қаззақтарға өз кезегінде большевиктерден жұққан. Жазба мәдениетіне алдымен империялық, кейін советтік бюрократиялық жүйе әсер етіп, сөзден құн мен парық кеткен.

Мысалы, «Весьма срочно!» деген құжат директивасының өзі қанша нәрсе айтады! Яки бұрын жәй «срочный» шаруалар болған, кейін оларды игере алмай жатқасын «тіпті срочный» деп жазатын болған. Херине, жұмыс одан ешқашан тезірек бітпеген. Осы күні «срочноның» үйреншікті боп кеткені сондай, хуйлық кез-келген шаруа туралы солай айта береді. Әңгіменің ашетері — табысты жазба жазу үшін аз-мұз қосып айтуыңа тура келеді, құдайыңның өзі кешірсін. Бір мысал:

«Машина жолдан ұшып кетті» — қаззақ оқырманға бұл сөзден ешқандай трагедиялық әсер берілмейді. Қаззақ үшін бұл оқиға мультфильм ғұрлы жоқ. Ендеше әсірелеп — «Машина аңқып келді де, он айналып түсті білә!» деп жазсаң, қаззаққа сөзімді жеткіздім дей бер. Және бұл — сен қорқып, Аспан Әміршілерінен алдын-ала кешірім сұрап отырғандай — тіпті де өтірік болып есептелмейді. Сен бұл сөзбен тек машинаның жолдан ұшып кеткенін ғана жеткізе алдың. Себебі, дәл, баяндамалық сипаттағы мәліметке қаззақтың еті әлдеқашан өліп кеткен. Он дегеннің орнына жиырма, отыз, қырық айналып жазсаң да, қаззақ оқырманының санасы кадрмен есептеп отырмайды.
Экспрессия мен гротескті аяма очм жазғанда. "Қолымды кесіп кетті" деме, "қолымды ойып түсті нақ!" де. Леп белгісі — қаззақ оқырманының жүрегіне немесе басқа да органдарына болған жағдайды жеткізуге жалғыз жол. Құлаш-құлаш мылжың кітаптармен, құсық газеттермен қалыптасқан санасына тек осылай тесік сала аласың. Тесік дегенде — тесіп алып, санасын басжіверіп жүрме нақ! Нәпсіңді тый!
Келесі сабақтарда да мал оқырманның көңіл түкпіріндегі тіндерінде ойнауды жалғастырамыз. Ертең оқып, түсінігіңді айтып кел.

(Ертайы бар)
Бөлісу:

29 пікір

kariim
Уа, ұстаздықтан жалықпауға бел буып, алтын уақытын мүридтері үшін сарп етіп жүрген Сатеке! Кербаба ақсақал өзіңдей ұрпақтың ізгілігі себепті қабірінде жатып әр күні бір аунап түсетін шығар. Бұл шәкіртің тәп-тәуір тәлім алып жатқанында күмәнің болмасын. Алдыңғы «тасы» да, одан кейінгі «ертайлары» да баратын жеріне нақты барып жатыр.

Енді бірақ мына дәрістерден түсінгенімдей, бұдан былай «намазға дәрет алдым» деп айтудың орнына «намазға дәретімді сатып келдім наҚ!» деп тіліп айтуды ұсынып отырсың. Мұның дін уағыздау ісінде дұрыс бағыт екеніне шамалы күмәнданыңқырап отырмын дә.
Соңғы түзету:
burkitshi
kariim , мырза жалпы
аспан әміршілері
деген тіркеске көзқарасыңыз қалай? Алдыңғы тасында да осы тіркес бар еді. Ескертеме деп едім, ұстазыңыздың шыбығынан қорықтыңыз ба білмеймін ол жайла ештеме демедіңіз.
Aldeken
еркінірек демал, денені бос ұста… өзі біледі. Ол екеуінің қарым-қатынасының қыр-сырына бойлау саған бұйырмаған секілді.
burkitshi
Сізге сұрақ қоймадым және демалыс жолдарыма да ешбір шағымымым жоқ. Жалпы құйысқанның арасына қыстырылмай-ақ қойыңыз. Құйысқанның арасында не қыстырылып тұратынын білетін боларсыз? Жалпы, нақ біреуден жұлдыз жасағанды қойыңдаршы. Тіпті, еркін демал деп пензесс болдың ғой
Соңғы түзету:
AKY
ойыбаай, бензин әкеліңдер! ))))))))))))))))))
Aldeken
құйысқан туралы мысалыңды айтпас бұрын, ойлану керек, інім… жәйлап сөйле, қайтесің, нигіңді өзгерттің, адам қатарына қосылдың, жарайды, құтты болсын… а так, жұрттың демалып отырған жеріне келіп, кәйіпті бұзып, kariim браттың діни ұстанымдарына күмәнданып бастаған өзің, такышто құйысқан жақтағы әңгіменің бастауы менен емес, сенен шыққан болар. Әрі ойна, опшым…
Пы.сы. АКУ, не ғо, бензин керек емес, жас бала ғой, иіс тиіп уланып қалар…
kariim
Негізі, жекеше түрде «аспан Әміршісі» деп айтылса жөн болар еді, әрине. Бірақ енді бұл кісінің ақидасының "үштік сенімге" жақындау екенін ескерер болсақ, бұлай деп қолдануы бұрынғы «Шивасынан» гөрі дұрысырақ әрине.
burkitshi
Бұл кісіні авторитет тұтатындар көп қой. Сондықтан осы тіркесті бәрі болмаса да, біразы іліп әкетіп, ақидамыз бұзылып кетпесін деген уайымнан айтып едім. Онсызда шивасын қолданып жүргендер жеткілікті
Ispek92
қыстырыла кетейін не десеңіз де, айтарым Шивасын көп қолданады дедіңіз. Соның бірі мен едім, менің Шива дегенімнен сіздің ақидаңыз бұзылуы мүмкін бе мысалы???
kariim
Былай ғой, Ispek92 бауырым: «Кімде-кім бір жамандықты байқаса, оны күштеп тоқтатсын, шамасы келмесе тілімен тоқтатсын, оған да шамасы келмесе жүрегімен қарсы болсын, алайда бұл (яғни соңғысы) иманның әлсіздігінен» — деген ұғымда хадис білуші едім. Сондықтан мына burkitshi бауырдың әрекетін мен хош көріп отырмын.
burkitshi
әділеттілігіңізге разымын
Ispek92
Бүркітші ағасы сұрақты сізге қойдым, Кәрім аға жауап берді. Енд қара екеуіміздің айырмамызды, мен Кәрім ағамызға қыстырылу жайлы лекция оқымадым(ондайым жоқ, ашық пікірталастан қашпаймын) сіз АКҮ ханымға бензин әкелуге себепкер бола жаздадыңыз.
burkitshi
Кәрім ағам менен бұрын өте жақсы жауап беріп үлгеріпті, сондықтан дарияның қасынан инемен құдық қазғандай болмайын дедім. Ал Алдекең ағамызбен бірден шорт сөйлеспесек дауымыздың ұзаққа кетіп қалатынын өткен тәжірибемізден білеміз. Негізі бұл пікіріңізді сабырлылыққа шақыратын тілек деп біліп, сабақ алдым
Соңғы түзету:
Aldeken
пензесс болдың ғой
дегенде керексленгтегі «пензесс» сөзін қолдануыңыз ақидаңызға қаншалықты қайшы келмейді екен, а?
kariim тақсыр, өз кезегіңізде burkitshi бауырыңыздың осы әрекетін хош көріп отырсыз ба, соны да түсіндіре кетсеңіз…
Пы.сы. иә, қызғанып отырмын.
Ispek92
жоға, тек бір пікірге шыдай алмасаңыз керектегі карьераңыз ұзаққа бармай қала ма дегенім ғой, сосын
сабақ алдым
дегенге ыңғайсызданып қалдым, өз ұстазым бар еді осында, сол кісіден сабақ алуды бастаймын жақында…
Ең соңғы ұстазым aikarakoz  жасасын
burkitshi
ол кісінікі пікірден гөрі қоқан-лоққыға, яки менсінбеушілікке келеді
еркінірек демал, денені бос ұста…
.
Ал мұныңыз қызық екен:
карьераңыз ұзаққа бармай қала ма
.
Ispek92
әрине, сіз не десеңіз де жөн. Тек Бүркітші браттың сөзін түсіне алар емеспін, ақидасы жөнінде…
Abilakim
Егер «Аспан әміршісі» десек онда Құдайдың билігі тек аспанға ғана әлде аспанда ғана жүреді деген сөз емес пе? Ал, біз жерде секілдіміз бе қалай өзі?
zholantai
Құлаш-құлаш мылжың кітаптармен, құсық газеттермен қалыптасқан санасына тек осылай тесік сала аласың.
мынау деген енді
Aya
«Машина жолдан ұшып кетті» — қаззақ оқырманға бұл сөзден ешқандай трагедиялық әсер берілмейді. Қаззақ үшін бұл оқиға мультфильм ғұрлы жоқ. Ендеше әсірелеп — «Машина аңқып келді де, он айналып түсті білә!» деп жазсаң, қаззаққа сөзімді жеткіздім дей бер. Және бұл — сен қорқып, Аспан Әміршілерінен алдын-ала кешірім сұрап отырғандай — тіпті де өтірік болып есептелмейді. Сен бұл сөзбен тек машинаның жолдан ұшып кеткенін ғана жеткізе алдың. Себебі, дәл, баяндамалық сипаттағы мәліметке қаззақтың еті әлдеқашан өліп кеткен. Он дегеннің орнына жиырма, отыз, қырық айналып жазсаң да, қаззақ оқырманының санасы кадрмен есептеп отырмайды.
Экспрессия мен гротескті аяма очм жазғанда. "Қолымды кесіп кетті" деме, "қолымды ойып түсті нақ!" де. Леп белгісі — қаззақ оқырманының жүрегіне немесе басқа да органдарына болған жағдайды жеткізуге жалғыз жол. Құлаш-құлаш мылжың кітаптармен, құсық газеттермен қалыптасқан санасына тек осылай тесік сала аласың. Тесік дегенде — тесіп алып, санасын басжіверіп жүрме нақ! Нәпсіңді тый!
Келесі сабақтарда да мал оқырманның көңіл түкпіріндегі тіндерінде ойнауды жалғастырамыз. Ертең оқып, түсінігіңді айтып кел.
Құлай берілдім
ken
елестетіп көрдім
ken
«Машина жолдан ұшып кетті» — қаззақ оқырманға бұл сөзден ешқандай трагедиялық әсер берілмейді. Қаззақ үшін бұл оқиға мультфильм ғұрлы жоқ. Ендеше әсірелеп — «Машина аңқып келді де, он айналып түсті білә!» деп жазсаң, қаззаққа сөзімді жеткіздім дей бер.
Қорытынды: "қаззақ" деп отырғаның — керекинфолық.
Ottegin
Керемет

Құлаш-құлаш мылжың кітаптармен, құсық газеттермен қалыптасқан санасына тек осылай тесік сала аласың.

Таңдаулыға кетті, өткірдің жүзі
Korkem
Болашақта Сатыбалдыны оқысам да, Кәрімді оқымаймын-ау деймін)))
Dzhuli
Құрметті Сәтеке, сізге шәкірт болғаныма қуаныштымын. Усе усекла демей-ақ қояйын, керегімді түйіп, қажетімді түртіп алдым. Біздің басеке Асауботамыз бірінші ринг-ке Шоу-Бизнес дегендей… қой, барып инфа жинап келейін…
kokbori
Тесік дегенде — тесіп алып, санасын басжіверіп жүрме нақ! Нәпсіңді тый!