#QazzaqDepression. Кайен-Угар Таобаоев. Кресло

Әлі есінде. Шешесі жылаған. Әкесі мұртын ширатып, қопаңдап қалды. «Менің балам, менің балам, өзіме тартқан».

16 жасында мектепті, 22-де магистратураны бітіріп, шетелге кетті. 27-ге толмай жатып бөлім, орда бұзбай тұрып бүтіндей бір департамент бастығы атанды. Әлгі шешесінің жылайтын кезі де осы.

Басқарма мүшесі. Топ-менеджер. Басында пәтер, астында көлік, алдында ауыр, қымбат ағаштан қиып жасалған үстел. Ағайынға беделді, құрылтайшылар алдында абыройлы. Бірақ…

Бірақ соңғы кезде көңілі орнында емес. Себебін білмейді. Білгісі де келмей ме, қалай өзі… Әйтеуір, әрең жүргенін түсінеді. Көрінген сөз шамына тиеді. Қит етсе қыртия қалады.

Оны қойшы. Бір үй орнындай аумағы бар кабинетінде қымбат вискиді сыздықтата жұтып, жуандығы бас бармақ сигараны жапырағын сытырлатып, бір басын қиып тастап, сорғылап, қою түтінін төбеге үрлеп отырып, неше түрлі роликтерді қарайтынды шығарды. Донбастағы жарылған үйлер, жол апаттарын түсіріп алған регистратор жазбалары, ондаған адамды жатқызып қойып, бауыздап немесе калаштың оғын себелеп өлтірген радикалдар, қойшы, әйтеуір, осыларды көріп, жүйкесі тынышталып, жаны жай табатын болыпты.

Тіпті бірте-бірте іздеп жүріп тауып, қарай бастады. Жиналыста, таксиде, ұйқыға кетер алдында, не керек, атқан таң мен өшкен шамның арасында осы типтес ең болмаса бір-екі роликті көріп алмаса, бірдеңе жетіспейтіндей болып тұрады.

Бір күні бұл жұмысқа балға алып келді. Шығып бара жатып былғары сөмкесіне сала салған болатын. Неге өйткенін өзі де білмейді. Қызық көрді ме екен…

Кірген бетте «Саламатсыз ба, Дидар Келгенбекович» деп орнынан ұшып тұрған хатшы қыздың басынан бір салды. Шалқалай барып құлаған мүрдеге мән берген жоқ, жалт бұрылды да, қабылдау бөлмесінде отырған, бұған таңырқап қарап қалған бөлім бастығына балғаны жіберіп қалды. Шеге қағып үйреніп қалған сайман шыр айналып, ауыр басымен шықшытты күтірлете сындырып барып қадалды.

Ентігін басып, екі иығынан ауыр демалып, төбеге қарап, талтайып тұрып қалды. Жымиды.

* * *

Полицияға бірінші болып диспенсердегі суды ауыстыруға келген қара жұмысшылар қоңырау шалған болатын. Оқиға орнына ұшып жеткен күштік құрылым қызметкерлері күдіктіні кабинетінен тапты. Қарсыласпады. Алдында жартылай ішілген вискидің бөтелкесі. Қолына кісен салынып жатқанда қайта-қайта «бақыттымын, бақыттымын» дей берді.

Менде бір керемет сюжет бар...: #QazzaqDepression. Кайен-Угар Таобаоев. Кресло
Әрі қарай

Кірді жала, микробты сүй! (97+)

ЕСКЕРТУ! БҰЛ 97+ МАҚАЛА!
Менде бір керемет сюжет бар...: Кірді жала, микробты сүй! (97+)97-ДЕН АСҚАН ҚАРТТАР ҒАНА АТА-АНАЛАРЫНЫҢ РУХЫМЕН ОҚУҒА БОЛАТЫН МАҚАЛА!

Қадірлі ата-ана немесе бала тәрбиесіне жауапты кез келген тұлға (өгей әке, өгей шеше, интернат тәрбиешісі, балабақша директоры, аға, әпше, әжесс, т.б.)!
Әрі қарай

Ахуйн (Иосиф Бродскийдің туған күніне)

Менде бір керемет сюжет бар...: Ахуйн (Иосиф Бродскийдің туған күніне)

Ақынның, хершірерсіздер, ендігәрі — ахуйн десек дәлірек болар, ішкеніне үшінші апта. Әйелінің өтінішімен — онымен бірге ішіп, өмірге құштарлығын арттыруға кіріп шықпаққа әлгі жерімді будым.

Ішімнен сыбап келе жатырмын. «Дарабоз ахуйнымыз!», «ауданымыздан шыққан жалғыз қасқа!» деген атақ пен ат-шапанға малданып, облыс орталығына көшті де кетті. Дос ретінде лібәдқа бірнеше рет ескерттім:
Әрі қарай

Дырдупедия. Челубей мен Пересветтің төбелесі

Менде бір керемет сюжет бар...: Дырдупедия. Челубей мен Пересветтің төбелесі

Челубей мен Пересветтің төбелесі — 1380 жылдың 8 қырхуегінде Куликово даласында болған ұлы шайқас. Бұл охуйға моңғол-татарларды — игосымен қоса наққа жіберіп, Ұлы Орыс мемлекетінің қалыптасуындағы тасты охуйғалардың бірі болды. Шешесстің.

Тувлесстің артқышарттары


Алтын Орда — орыс кінәздерінен алым-салық алып тұратын, және кейде қыздарын да құда түспей алып кетуді еш сөлекет көрмейтін. Жылнамашы Олъг Тощий мынадай мәліметтер келтіреді: «Царыца моя, да у бовсурманов она бвуә-ә-ә».
Бұдан әрі қарай — рухани күйзелісі мен ит-шошқа өміріне налитынын айтады, что как бэ — охуйрманға дымқызық. Нақтың.

Күндердің түнінде Мамай коганъ қазынада тиын азайып кеткенін байқайды. Алтын Орданың Жалпы Ішкі Өнімі күрт азайғаны — Мамайдың күндес бауырларының тасына маза бермейді. Тіпті көзінше сыбайлас жемқорлық туралы әнектер айтып, Мамайдың жеке баю жолына түсіп кеткеніне меңзейді. Ашулы Мамай салықтың неге күрт азайып кеткенін орыстардан сұрауға жорыққа аттанады.

Салық Инспекциясы — Куликово жазығында


1380 жылдың 8 қырхуегінде қазіргі Тула облысының маңындағы Куликово жазығына 60 мың аудиторы бар Мамай келеді. Оған жауап ретінде Орыс кінәздері атынан Дмитрий Донской 200 мыңдай әскермен шығады.
Жылнамалар Мамайдың о баста меймандос көңілмен келгенін айтады. Жылнамашы Софоний былай жейді:
«Да настр у коганъ не бъла погана, вот Димон какой то золъ».

Мамай Дмитрийге — камералды тексеру нәтижесі көңіл көншітпей тұрғанын, «Мәскеу Кінәздері» ЖШС 1380 жылдың III тоқсаны бойынша 55 993 теңге 12 тиын кері сальдомен шыққанын айтып (XXI ғ. курсымен — 12 млн БҚШ доллары), түсіндіруін өтінеді. Дмитрий өз кезегінде — ендігәрі ешқандай салық төлемейтінін, және дәл қазір наққа жіберуге келіп тұрғанын айтады.

Жылнамашылар осы оқиғаны сан-саққа жүгіртіп, діңкені құртады. Дегенмен барлық жылнамашылардың бір сипаты бар: Мамай ақтық шайқасқа емес, тек түсінік талап етіп келгені анық байқалады.

Тувлес

Үлкен қантөгіс болдырмай-ақ, соғысты жекпе-жек арқылы шешу — хертеден қалған дәстүр. Куликово жазығында да мәселені о баста осы әдіспен шешпек болады. Себебі жаухершілік заманда екі жақта да адам ресурстары қат еді.
Мамай жақтан Челубей батыр(жылнамалардағы вариациялар — Челеби, Шалабай, Шалбай Құлмаханов) шығарылады. Орыстар жағынан Пересвет батыр шығады.

Менде бір керемет сюжет бар...: Дырдупедия. Челубей мен Пересветтің төбелесі

Екеуі аттыкінің үстінде найзаласуды таңдайды (бір жылнамада — Пересветтің қолтығының астында «Дегтярев» автоматы қылаң беріп қалғанын айтылған). Хереже бойынша — аттыкінен бірінші ауып түскен немесе жақындап қалған кезде қаймығып, аттыкін кері бұрған жақ жеңіледі.

Челубей мен Пересвет бірі-біріне найзаларын кезеніп, шаба жөнеледі де, екі жақта найзасын сұғып үлгіреді. Шайқастан кейін Медеу аудандық сот-сараптамалық комиссиясы жүргізген тексеру бойынша, Челубей Пересветтің нақ тас тұсынан қадаса, Пересвет те Челбуейді шап тұсынан орып кеткен; бұл — Пересветтің де о баста тас тұсын көздегенін растайды. Соңғы сәтте найзасы қалқаннан тайып кеткен.
Жекпе-жек нәтижесінде екеуі де қаза болады. Сондықтан кім жеңгені белгісіз боп қалып, әскери қақтығыс басталып кетеді. Оның нәтижесінде Мамай жеңіледі.

Тарихи маңызы


Ұлы Орыс Халқынан тұратын Ұлы Орыс Мемлекеті қалыптасты.
Әрі қарай

Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет емес, сайт идеясы бар…

Бұл идеяны қазіргі интернет қолданушыларының өздері беріп отыр. Олардың орналастырған контенттеріне қарап сондай тұжырымға келіп отырмын.

Жедім.kz — тамақ суреттері, тамақ жеу видеолары, тамақтану гифкалары, қалай тамақ жегендері туралы хикаялар…

Сайт категориялары мынадай болар еді: Қазақша тамақтар, Азия, Еуропа, Латин, Тин, Араб, Жапон, Топтық тамақтану, Қарттармен тамақтану, Қырттармен тамақтану, Жігіт жігітпен, Қыз қызбен.

Видео бөлімінде Лайв камералар да болар еді. Видеосыз да тез ләззат алғысы келетіндерге гифкалар. Ал әдебиетсүйерлерге тамақты кіммен, қалай ішкендері туралы әңгімелер.

Жасаймыз ба? Идея қоса отырыңыздар.

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz
Әрі қарай

Ескендір Литвиновски. "Қастандық теориясы"

Хард-әдебиетімізде өзінің өлімі туралы бірінші жақтан жаза беретін хайуандар бар. Оларды қисын тікпейд. Ал: «Адам өліп қалғаннан кейін өзі туралы қалай жазад?» дейтін оқырмандар — олардың жаназығы деуге де болады. Олай деген оқырмандардың фотоларын әлеуметтік желілерден көшіріп алып, принтерден басып шығарып, бетіне бітіру — өзінің тұзы таусылған сәтін суреттеушілердің әлде хоббиі, бәлкім ауруы. Солардың бірі — Ескендір. Спам жәшігін тазартып жатқанда табылған, осыдан екі жыл бұрын жіберілген мынабір қуындысын жариялауды жүн көріп отырмыз. Шешесстің.



Ескендір Литвиновски. "Қастандық теориясы"
Әрі қарай

Балаларға арналған әскери лагерь

Әскери газетте жұмыс істейтін болғандықтан кейде Интернеттен осы тақырыпқа қатысты бірдеңе-шірдеңелерді іздеп отырамын. Содан адасып жүріп, мына бір ақпаратқа топ ете қалдым да, өзгелермен бөліскім келді. Қысқасы, аударып салдым.
2008 жылы Пекин қаласының маңында балаларға арналған әскери жаздық лагерь ашылыпты. Бүгінде лагерьге 2000-ға жуық балалар қабылданады. Лагерь жаз мезгілінде екі ай бойы жұмыс істейді. Онда көбіне бұрынғы әскери қызметшілердің, полицейлердің, өрт сөндірушілердің балалары барады яғни 70 пайызын құрайды. Мұнда 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар келеді. Бұл жақта әр отбасында бір ғана бала болғандықтан олар тым ерке, тіпті төсегін де жинай алмайды, осы лагерьге барса әскери өмірдің ащы дәмін татып, қатал тәртіпке үйренеді деп үміттенеді-міс ата-аналар. Лагерьдегі курс төрт аптаға созылатын көрінеді.
Менде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерь
Менде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерь
src=«kerekinfo.kz/uploads/images/00/06/62/2013/10/09/37dd13.jpg» alt="" />Менде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерьМенде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерьМенде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерьМенде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерьМенде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерьМенде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерь<img src=«kerekinfo.kz/uploads/images/00/06/62/2013/10/09/f0ca3a.jpg»

Менде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерь
Менде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерьalt="" /><img
src=«kerekinfo.kz/uploads/images/00/06/62/2013/10/09/5d641e.jpg» alt=«Менде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерь» />Менде бір керемет сюжет бар...: Балаларға арналған әскери лагерьТолығырақ Мына жерде...
Әрі қарай

Уәйіс Хиленкиеттэр. «Центр Стратегических Разработок»

«Монументалды документализм». «Биодизайн дәуіріндегі ренессанс сеансы». Жоқ, христиан бауырлар, хуйламгеріміз Уәйіс Хиленкиеттердің еңбектеріне ешқашан мұндай ақылды сөзбен рецензия жазыла қоймас. Оның сүйегін қала орталығындағы Салтанатты Мазарға әкеліп қою туралы мәселе де ешкім көтере қоймас. Дегенмен, конспирология бағытында бірдеңе лоқсыған жазушы тек Уәйіс екенін мойындау керек. Марқұм өзі айтпақшы: «Комитет-300 не теңің: Жылтырайды көтенің?»....



Уәйіс Хиленкиеттэр. «Центр Стратегических Разработок»

«Орталық Азия және Қазақстан» бағытына жауапты Әбіләз Ротшильд әлі тұтығып тұрды. Жиналыс хатшысы, «Центр Стратегических Разработок» төрағасы Нығмет Ольшанскийдің шыдамы таусылып, дүрсе қоя берді:
Әрі қарай

Ақыш Якинта. "Естірту"

Жоқ, жоқ, жоқ, тек қана «Ақыш Якинта неге Жазушылар (қ)Одағында мүше емес, „101 хуйламгеріміз“ антологиясына кірмеген, ең болмаса Қаламсерілер Пантеонында неге жерленбеген?» деп, мазамды ала көрмеңіздер! Себебі әлгіндей құрмет-әспет тек қана тұрақты түрде жазатын немесе ештеңе жазбайтын (маған сеніңіз: кейбіреулерді ештеңе жазбайтыны үшін ғана жазушыдан бетер сыйлауға болады) адамға ғана лайық шығар. Ал енді карьерасының басында алғашқы және соңғы шығармасын әкеліп тастаған адамды ұлықтау… Жақсы, одан да біз оның шашқиды қуындысын орнластырайық, ал сіз сосын — Ақыш Якинтаның қаламтербеу тарихындағы орнын өзіңіз үшін өзіңіз шеше жатарсыз. Шешесстің.



Ақыш Якинта. «Естірту»

Елден ерек гламурланған, азияремонттан көз ашпайтын бұрынғы бесқабатты хрущевка, қазіргі «Жынпайыр Істейд Билдиңде» таңғы сегіздегі қарбалас тіршілік әдеттегідей басталып кеткен еді. Ғимаратты толығымен
Әрі қарай

Білім жүйесі. Акт #1 - Перпетуум мобиле.

«Менің әкем де, оның әкесі де, оның әкесі де, оның әкесі де самурайлар болған.» ©Самурай Фигуси.

1960 жылдар. ЖОО-лар. Елде шаруа тастан асып жатыр. Бірақ қыз-жігіттер сонда да, кешкісін оқыса да оқуларына үлгеріп жатыр. Кешке оқиды, сырттай оқиды, әйтеуір оқиды. Алқашқы техникалық толқыннан бірен-сараны болмаса, ұстаз жетіспегендіктен, көбісі бірден оқытушы болып, оқу орындарында қалдырылды.

1970 жылдар. ЖОО-лар. Көзі ашылмаған қаззақтың ең бақытты онжылдығы десем, ешкім тасымды шауып алмас. Көңіл — көтеріңкі, қалалық қаззақтар табы пайда болды. Епті, ең
Әрі қарай