Ақыш Якинта. "Естірту"

Жоқ, жоқ, жоқ, тек қана «Ақыш Якинта неге Жазушылар (қ)Одағында мүше емес, „101 хуйламгеріміз“ антологиясына кірмеген, ең болмаса Қаламсерілер Пантеонында неге жерленбеген?» деп, мазамды ала көрмеңіздер! Себебі әлгіндей құрмет-әспет тек қана тұрақты түрде жазатын немесе ештеңе жазбайтын (маған сеніңіз: кейбіреулерді ештеңе жазбайтыны үшін ғана жазушыдан бетер сыйлауға болады) адамға ғана лайық шығар. Ал енді карьерасының басында алғашқы және соңғы шығармасын әкеліп тастаған адамды ұлықтау… Жақсы, одан да біз оның шашқиды қуындысын орнластырайық, ал сіз сосын — Ақыш Якинтаның қаламтербеу тарихындағы орнын өзіңіз үшін өзіңіз шеше жатарсыз. Шешесстің.



Ақыш Якинта. «Естірту»

Елден ерек гламурланған, азияремонттан көз ашпайтын бұрынғы бесқабатты хрущевка, қазіргі «Жынпайыр Істейд Билдиңде» таңғы сегіздегі қарбалас тіршілік әдеттегідей басталып кеткен еді. Ғимаратты толығымен сатып алған Қалқаман Хадсакердің сансыз қызметкерлері құмырсқа ирелеңге түсіп, бірі жоғарыға, жетеуі төменге; дәліздің ар жағына қырық, бер жағына елу адам қорап-қорап қағазбен; ноутбуктармен, арбамен, мөрмен, шәйнекпен, шелекпен, тортпен (таң атпай осы қатындардың тәбеті пензесс епті, нақтың!) топырлап жүрген. Кенет әдетте үнсіз тұратын радиокешен динамиктері саңқ етті:

— Херметті «Дешті қыпшақ Solutions» қызметкерлері! Кеше түнде басшымыз Қалқаман Хадсакер жасы жиырма бестен жиырма алыға қараған шағында көт жұмды.

Оң-ақ екен: ғимараттағы тіршілік тоқтан ажыратылған эскалатордай, әлде көмір тасымалдағыш лентодай қата қалды. Кейбіреулер тіпті баспалдаққа аяғын көтере бере, ал «Демалыс һәм псирелаксация бөлмесіндегі» VKM еңкейіп, маңдайын тізесіне тигізген күйі аңырып қалыпты. Қаралы хабар бесінші қабаттан жертөлеге дейін түрлі ойлар толқынымен шарпып өтті.

«Премияға қол қойып үлгерді ме екен?» — деді «Фотошопақта» жұмыс істеп отырған Сақтаған Кляйнрок Ctrl+X пернелерін қатар басқан күйі.

«Сөгісің секс боп кетті ме ақыры, қалай екен?» — деп шаттанды вице-президент Байтоқ Йодан.

«Вроде молодой был же?» — деді VKM оң қолтығының арасынан сол аяғының ұшын шығарып, оған иегін тигізген күйі.

«Білә...» — деді спичрайтер Гектор Әуезов, тіпті қағазға түсіріп жібере жаздады осы сөзін.

«Ах ты сучка, білем, сен нағыз жезөкшесің! Қолдарыңды хром арматурамен варить етіп қойып… ввухх!!!» — деді секси азғындықтың жолына біржола түсіп, бүгін-ертең кісі өлтіріп қалуы ықтимал дәнекерші Рза Каллахан, жарнамалық плакаттағы сусынды балғын да үрпиген еріндерімен мейірлене жұтып жатқан арудың төсін сипап. Плакатқа өліп-өшіп тұрған Рза Каллахан қаралы хабарды естімек түгілі, жұмыс уақытының басталғанын да білмейтін еді.

Тек еден жуушы татар қатын Фая, Фая ғана қаралы хабардан қолағашын сүйене жығылып, шүберегін шешіп алып, бетін басып жылады. "Қандай керемет жан еді, бұл не, шынымен бе өзі, ай Құдай-ай!" деп бақырып-жалбарынды ол, — «Кең жүрегі мен көл-көсір шапағатпен қалай ғана маңдайымызға сыйып жүр деп едім-ау өзім де, жалған-ай!». HR-менеджер Қадыр О'Делл Фаяға таңырқай қарады. «Резюмесінде қазақшам тек разговорный деп еді, мынауың тұнып тұр ғой қара сөзге, епті?» деп таң қалды ол.

… Бұл кезде көшеде осының барлығынан бейқам Ақнұр Бектеміс 2012 жылдың соңғы емтиханын тапсыруға аяңдап бара жатқан еді…
Бөлісу:

5 пікір

ruben

бүгінгі күнім болып қойды!
asaubota
мынаны кеше Фейсте оқып алдым, қорс-қорс жылап. Хард әдебиеттегі басқа да жаһуйттарды шығаруыңды өтінемін.
Nurgisa
Небiр «Карын» сыйлыгына лайк танылгандардыкiнен кем сокпайтын сиякты.
Барiмiз де аздап Хадсакермiз. Бiрак сол азы кай жерiмiз екенiн доп басып айту киын…
edige
Өмір деген осы… қысқа… бірақ түсінбегенім
VKM не істеп жүр мұнда
AL-ASTER
Тізесі шықты деп, сапасына қапаланбаңыздар. в тему кетсін: