Соңғы вальс (Маржан Арапбаева)

Мені ұмыттың соншама зарықтырып,
Елемедің өзгемен сауық құрып.
Неге, неге суыттың сезімімді?
Өте ыстық деміме жанып тұрып?

Қайырмасы:

Соңғы вальс, мұңға баттым ойлана,
Соңғы вальс, шыр көбелек айнала…
Әрі қарай

Есіл ағады (МузАрт)

Есіл ағады, Есіл ағады,
Ақбұйра толқын жарды ұрып.
Есіл аққанда, есіп ағады,
Жағада жартас жаңғырып.
Есіл ағады, Есіл ағады,
Мағжанның жүйрік жырындай.
Мені де бір қыз есіне алады,
Тарқатып өрген бұрымды…
Әрі қарай

Мен сені ойлайтынмын (Гаухар Қаспақова)


Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын,
Жастықтың базары деп.
Мен сені ойлайтынмын,
Таусылмас жыр-ән ғой деп.
Төменге қонбайтұғын,
Тәкаппар қыран ғой деп.
Жалынның барлығына,
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға,
Тимес деп ойлайтынмын.
Әрі қарай

Қазақ қызы (Жанар Айжанова)



Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.
Әрі қарай

Ойлай берме (Ринат Ғайсин)



Еске алып айлы түндерді,
Өкінбе сен өткен күндерге…
Өкпелеме, сөкпе мені.
Жанарыңнан мұңды аяулым,
Кездескенде көріп аядым…
Ойлай берме...Қасыңдамын.
Ойлай берме… мені! ойлай берме… жаным!
Ойлай берме… мені, ойлай берме…
Әрі қарай

Кінәлама (Мейрамбек Беспаев)



Сен неге мені айыптайсың, жарығым?
Келмеген еді қателікті танығым.
Пендеге нені бұйрық етсе тәңірім,
Қабыл алар тағдыр әмірін.
Тұйықталғаным жылдар жазған заң шығар,
Биікте арманым, оған да бір ән сыңар.
Сүйіп қалғаным жүрегімде жаншылар,
Қош айтысып көзге тамшылар.
Әрі қарай