Соңғы вальс (Маржан Арапбаева)

Мені ұмыттың соншама зарықтырып,
Елемедің өзгемен сауық құрып.
Неге, неге суыттың сезімімді?
Өте ыстық деміме жанып тұрып?

Қайырмасы:

Соңғы вальс, мұңға баттым ойлана,
Соңғы вальс, шыр көбелек айнала…

Мұңды жүрек іздейді неге сені?
Махаббатым кінәлі емес еді.
Соңғы вальс жұмбақ қиын, шешуің жоқ,
Маған бәрі секілді елес енді…
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше