Мен сені ойлайтынмын (Гаухар Қаспақова)


Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын,
Жастықтың базары деп.
Мен сені ойлайтынмын,
Таусылмас жыр-ән ғой деп.
Төменге қонбайтұғын,
Тәкаппар қыран ғой деп.
Жалынның барлығына,
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға,
Тимес деп ойлайтынмын.

Тұрса да асқар алда,
Қайтпайтын қайсар деп ем.
Жан сырын басқаларға,
Айтпайтын байсалды деп ем.
Қос шектің естілмеген,
Үніндей қиялдадым.
Көңіліңді ешкімге мен,
Күлімдей қия алмадым.
Демедім көптің бірі,
Еш кінә таға алмаспын
Деп едім, өткірлігі
Жүзіндей ақ алмастың.

Іздедім таң нұрынан,
Бірі деп арайлардың.
Биіктің барлығынан,
Көрем деп қарайладым.
Жалынның барлығына,
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға,
Тимес деп ойлайтынмын.
Мен сені ойлайтынмын,
Таусылмас жыр-ән ғой деп.
Төменге қонбайтұғын,
Тәкаппар қыран ғой деп.

Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын…
Бөлісу:

40 пікір

satibaldi
Мен сені ойлайтынмын,
Жастықтың базары деп.


Осы Муза шешейдің шашынан жұлып, жылатып алатын шабыттың көк тиынға да тұрмайтынын көршіміз қазақтар қашан түсінеді? Слов нет, одни эмоции. Опошлили поэзию, опустили и опозорили. Завтра состоится выност тела демейін десем, қазақша қарғанып, қарғанып сөзім таусылған.
aktobe88
неге? сөздері жақсы сияқты ғо. маған ұйқасы жынды болса болды, мінсіз боп көрінеді өлең. автор шабыт шақырыппппп, қиналып отырып шығарды деуге ауыз бармайды.
satibaldi
Іздедім таң нұрынан,
Бірі деп арайлардың.

Бабасстың, арай көпше түрде болуы тіпті мүмкін емес.

Саусағы әр бұрымға
Тимес деп ойлайтынмын.

Әнші мисстің шаш қою үлгісінен аталмыш конструкцияны байқау қиындау бов тұр.
AKY
Поэзия қатып қалған ережеге бағынбайды.
satibaldi
Әрине, ұйқас жетпей жатса көптік жалғау пайдаланудың аудандық газеттерде, қазанамаларда еш сөлекеттігі болмаған.
AKY
Ақұштап пен аудандық кәзит? Бірақ бірдеңеден бастау керек қо.
satibaldi
Жуынбасам азанда.
Басым қышид кешкісін.
Сағат кешкі бестерде
Әжем сауад ешкісін.

Сіздіңше бұл да керемет өлең боп есептелуі тиіс.
AKY
азандаң мен бестердең ұйқаспайд.

Жуынбасам азанда.
Басым қышид кешкісін.
Кешкі азан-қазанда,
Әжем сауад ешкісін.

Міне, вот это другое дело!
satibaldi
Поэзия қатып қалған ережеге бағынбайд. Нақ.
AKY
Мен ереже дегенде ондай ережені айтқам жоқ, андай ережені айтқам.
satibaldi
Мамааа, қандай???..
TERISKEI
«азандаң мен бестердең ұйқаспайд» — AKY ханым қазақ өлеңінде шалыс ұйқас, кезекті ұйқас дегендердің барын естен шығарып алса керек;)
AKY
Кезекті ұйқас — второсортный жыраулардың ұйқасы.
satibaldi
Сен өлең шығарасың ба сонда?
Abilakim
«Второй»сорт,«первый» сорттар толып жатыр
«Первый сорт» кайдан тудың сенің өзің

16 қыз өлеңінен
TERISKEI
… біле білсеңіз, Айнұр Тұрсынбаева мен Ринаттардың көп жырлары, негізі жалпы айтыс ақындары кезекті ұйқаспен айтысады (әрине, олар жырау емес, дегенмен...), сонда деймін-ау, екінші сорттар солар болса, бірінші сорттар қандай болады екен, AKY ханым?
AKY
Олар да импровизаторлар ғой. Әрине, импровизация кезінде әдемі ұйқас іздеп отыруға уақыт та, қабілет те жетпей жатады. Айтыстағы басты міндет — өзекті мәселелерді көтере отырып, қарсыласына жауап айтып, халыққа жағу. Ол ақындарымыздың асықпай отырып жазған өлеңдері мінсіз деп ойлаймын. Мәселен, сәлемдесуді олар все-таки үйден алдын-ала ойланып келетін шығар. Сондықтан сәлемдесу әрқашан да жинақы әрі әдемі шығады. Ал кейін импровизация, яғни кезекті ұйқас басталады))
satibaldi
Айтааақ, айтааақ, фьшть, фьшть, фьшть! Ақтөөөс, ссү, ссү, ссү! Ақтабан, үрит, үрит!
Уа ағайын, солғын тартып тұрған осы бір соғыс өртін тұтандырып, тамызық салып, көсеп қоймасақ, адамгершілігіміз қайда һәм адам болғанымыз қайсы? Айтаааақ, фьшть, фьшть, фьшть!!!
aktobe88
Жуынбасам азанда.
Басым қышид кешкісін.
Сағат кешкі бестерде
Әжем сауад ешкісін.
несі бар, шедевр!
satibaldi
Онда мынаны да жазып ал, Эфиопиялықтар мен басқа үндіқытайларға Қазақстан танысымында" оқып берерсіз:
Екі жүрек қосылса
«Махаббат» деген ән болад.
Қуыстағы комокта
кейде сібежий нан болад.
aktobe88
айттым ғой, не ддддддеген талант. ақын, болайын деп тұрған ақын!
AKY
Осы екі «шедевріңді» пихайттайсың да жүреді екенсің. Басқасын шығаратын уақытың болды ғой ужы.
satibaldi
Таптырмас мысал болғасын тастамаймын.
Лекторымыз Насролла Бендукидзе әлі күнге дейін анатомияны скелетпен оқытады: басқа сәтті мысал да болуы мүмкін емес оның сабағы үшін…
aktobe88
хехехе, соңғы дәлеліңіз жынды, дегенмен.
alisha
«Бүгінгі қазақ поэзиясының қасіреті — ұйқас қуушылық» деп еді универдегі ағайым. Пішінге мазмұн сай болғаны жақсы ғой!
AKY
Ұйқас қумай, мазмұн қуатындар проза жазсын. Ал поэзияның ең бірінші шарты — ұйқас, яғни «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы» дегенге сүйенемін.
Әрине, «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз, бишарасы» деген екінші жағы да бар, ұйқас қуам деп, «арайлар», «көңілдер», «саусағың дірілдеген» (тек қана бір-ақ саусақ) деген сияқтылар кетіп жатады, әйткенмен, бұлар — негізінен әнге лайықтап жазылған өлеңдер ғой. Сондықтан әуенімен қоса айтып айтып жатқан кезде құлаққа жағымды естіліп, андай-мындайы байқала қоймайды. Ал, әрі терең мағыналы, әрі сауатты да күрделі ұйқасқа құрылған өлең сөздеріне ән жазу қиын, сондықтан да сирек. Ондай әндерді тыңдау да ауыр. Мәселен, мен Абайдың «Сегіз аяғын» тыңдай алмайды екем. Тағы бір мысал ретінде бұрынғы гимніміздің өзін-ақ (жаралған намыстан) келтіруге болады. Оның қасында балабақшаның балалары айтып жүрген «алтын күн аспанының» әлдеқайда сүйсініп айтатынымыз белгілі.
satibaldi
Ашуланбаш нақ.
AKY
Шұлығымды жемещ.
satibaldi
Уа ағайын, мына кісі не деп отыр? Не деп отыр мына кісі?
Тағы бір мысал ретінде бұрынғы гимніміздің өзін-ақ (жаралған намыстан) келтіруге болады. Оның қасында балабақшаның балалары айтып жүрген «алтын күн аспанының» әлдеқайда сүйсініп айтатынымыз белгілі.
— депті ғой мына кісі? Сол сырбаз әнінұрайынның авторы ел силайтын Қадеке — Қадыр емес пе? Бұ заманда өткеннің жарасын қасудың не қажеті бар? Жақсы болсын, жаман болсын, аяғымызды бүйрегімізге қойып айттық емес пе ол ұранәнді де? Айтааақ, айтааақ!!! Қадырдың қадіріне жеткізейік мына кісіні, уа жама'ат! Фьшть, фьшть, фьшть!!!
aktobe88
Айгерім Ханым дұрыс айтады, алып қосарым жоқ.
ushkin
Сөзі — Ақұштап Бақтыгерееваныкі. Біздің жақтың, яки Жайықтың ақ шағаласы. Осы қазақша әндердің сөздері дегенге сазгерлердің де аты-жөнін жазып қойса дұрыс болар еді.
satibaldi
Иә, кейде жұмыртқаны кімге лақтырарыңды білмей дал боласың…
asaubota
лібә білмей қалдым оныкі екенін, негізі былай жақсы екен дешиш :)
sammita
«Гүлімдей қия алмадым»
"Күлімдей қия алмадым".
«Жалынның барлығына»
"Жалының барлығына"
AKY
Күлімдеймен келісем, бірақ Жалыныңмен келіспеймін)))
sammita
«Жалының (сенің) барлығына,
Күймес деп ойлайтынмын.»
бұл ән тыңдай-тыңдай жатталып қалған еді, бірақ өз еркің.