Қазнеттен ерте кеткен феномен сайттар

  • KazNET
KazNET: Қазнеттен ерте кеткен феномен сайттар

Қазнет (қазақша интернет) қазір күшейіп келе жатыр. Қолданушы да, сайт саны да, жасаушы да, жасау технологиясы да көп. Бірақ Қазнет бұрын да болды ғой, бұрын да жақсы сайттар көп болды. Тек түрлі себептерге байланысты жабылып қалды. Домен, хостинг ақысы төленбей жабылғандар болды, техникалық қолдау болмай жабылғандар болды, контент жасаушы болмағандығынан жабылғандар болды. Себеп-салдар көп. Бірақ ол сайттар шынымен феномен сайттар еді. Қазіргі виртуал элита сол сайттарда тәрбиеленіп шықты. Бірге еске түсіріп көрейік.
Әрі қарай

Қазнеттен ерте кеткен тұлғалар

  • KazNET
15 жылдан асыпты интернет саласында жүргеніме. Бүгінге дейін біраз адам таныдым, таныстым, достастым, қастастым, кейін жаулармен де күшті дос болып кеттім. Қысқасы өмірімнің біраз бөлігі осы Қазнетте өтіп жатыр. Бүгін осы салада көрініп, кейін қол үзіп кеткен тұлғаларды еске алғым келеді. Бұл жігіттердің көп еңбектері болды. Бірақ түрлі себептермен қазір ІТ ортада емес. Мүмкін бір күні қайта оралатын шығар?..

KazNET: Қазнеттен ерте кеткен тұлғалар

Болатхан
Қазақша орта қалыптастырған алғашқы сайт Аколя (Akolya) деп аталатын. Қарапайым, пәлендей функциясы жоқ форум болатын. Алғашқы таныстықтар осы форумда басталды. Ол кезде әлі казах.ру форумы да жоқ болатын. Ешқашан ұмытпаймын бұл ұямызды. Мен үшін әлі ыстық. Қазір бұл ағамыздың қайда екенін білмеймін.
Әрі қарай

IT маманға күйеуге шықпау үшін 6 себеп

  • KazNET
KazNET: IT маманға күйеуге шықпау үшін 6 себеп
IT маман немесе қазақша айтқанда айтишниктер де қоғамның бір бөлшегі. 95 пайызы еркек жынысынан құралатын бұл санаттағы адамдар әлбетте басқа адамдар сияқты үйленеді, отбасы құрып балалы болады. Олар да адам екендерін еске алып тұрады. Бірақ әлі тұрмыс құрмаған қыздарға айтар кеңесім — бұл типтерге күйеуге шықпаңдар! Білместікпен айтишникпен тұрмыс құрып қойғандар енді ештеңе өзгерте алмайды, тағдырларына мойынсұнып жүре бермек. Адам 3 күннен кейін көрге де үйренеді дегендей олар да үйреніп кетеді. Дегенмен кейін «жігіт кезінде жақсы еді, жаман күйеу қайдан шықты?» деп жүрмес үшін оларға үйленбеудің мына себептерімен таныс болыңыздар:

1. Түнде ұйықтамайды

Түнімен ұйықтамай компьютер басында отырады да, ертеңіне түске дейін ұйықтайды. Таңертең үйге біреу келіп қалса залда қорылдап ұйықтап жатқан «аю» ыңғайсыздық танытуы мүмкін. Әлбетте түске дейін ешқайда да шыға алмайсыз, барлық жоспарлар тек түстен кейінге қалады.

2. Әңгімелеспейді
Айтишниктер жарытып әңгіме айтпайды, оларға одан да әлеуметтік желідегі соңғы коменттер қызығырақ. Сізді тыңдап отырғандай кейіп танытса да, ішінен «ана постыма анау пікір жазды ма екен?, мен оған қазір былай деп жауап беремін» деп ойлап отырады. Жалпы сөйлесу тақырыптары өте тар.

3. Өз өзіне қарамайды

Шаш, тырнақ сияқты нәрселерге тек аса маңызды жерлерге барар алдында ғана мән беріледі. Оған дейін жабайы адам кейпінде өмір сүре береді. Киім киісі де нашар. Тойға өзіңіз киіндіріп апармасаңыз футболка мен тізесі шыққан джинсы киіп келіп тұруы әбден мүмкін.

4. Салауатсыз өмір салтын ұстанады
Ішед, шегед. Спортпен әрине айналыспайды. Оған уақыт құртқанша бір сағат болса да комп басында өткізгенді тәуір көреді. Достары да сондай.

5. Балаларға қарамайды
Бала тәрбиесімен ұзақ уақыт айналысатын, олармен көп ойнайтын айтишник көрдіңіз бе? Егер көрген болсаңыз демек оның интернеті бітіп қалды деген сөз немесе техникаларында ақау бар. Сондай кезде адам екені естеріне түседі.

6. Дұрыс тамақ ішпейді
Жасаған тамағыңызға комплимент айтпауы мүмкін. Тамақ ол үшін тек қарын тойдыратын құрал ғана. Шәйді да 2 кеседен артық ішсе рахмет айтыңыз.

Әр нәрсенің плюсі мен минусы болады дегендей бұлардың да жақсы тұстары бар. Мысалы адалдық. Бұлар басқа әлемде өмір сүріп жүргендей болғанымен негізінде отбасыны асыраушы негізгі күш екенін түйсіктерімен сезеді. Пәлендей көп ақша таппаса да тапқанын отбасына жұмсайды. Полигамдық сезімдерден ада болғандықтан көңілдес те ұстамайды. Бір әйел жетеді оған. Демалыс күндері үйде отыратын болғасын балаларды және үйді сеніп тастап кетуіңізге әбден болады. Көп шығыны да жоқ, бар затын киіп жүре береді.
Әрі қарай

Шымкент IT-Астана бола ала ма?

  • KazNET
KazNET: Шымкент IT-Астана бола ала ма?

Биыл Шымқалаға 2 рет бардым. Шымкенттік жігіттермен де биыл жақын таныса түстім деп ойлаймын. Соңғы рет TechX форумында айтқанмын «Шымкент — еліміздің IT-Астанасы» деп. Неге бұлай ойлайтынымды айта кетейін.

Ұйымдастырушы және тех күш
Шымкентте ІТ саласында еңбек етіп жүрген біраз жігіт бар.
Әрі қарай

Қазақстан азаматымен бір күн: Аршат Оразов (ВИДЕО)

  • KazNET


«Қазақстан азаматымен бір күн» айдарының қонағы белгілі IT маман, «КерекИнфо» блогтұғырнамасының әкімшісі Аршат Оразов.

Ол Қазақстандағы IT саласының жай-күйі, қазақ блогосферасы мен қазақ блогшылары және ҚазНеттің сапасы жайында айтып, алдағы 5 жылдықта ҚазНетті күтіп тұрған өзгерістер жайында әңгімелейді.
Әрі қарай

Ұстаздарға арналған әлеуметтік желі

  • KazNET


Аса құрметті Қазнет қолданушылары Қазақстандағы ең алғашқы ұстаздарға арналған әлеуметтік желі өздеріңізге жол тартты. Бұл сайтты жасаушы қарапайым мектеп мұғалімі, сайт жасауды арнайы оқыған жоқпын, өздігімнен үйрендім, сондықтан кейбір кемшіліктерді байқап жатсаңыз, баршаға жар салмай ақ жеке өзіме хат жіберуіңізді (segizseri@mail.ru) өтінемін.
Интернет кеңістігіне қарап отырсақ, ұстаздардың басын біріктіретін сайт басқа шетелдерде бар екен, олар жұмысын әлдеқашан бастаған әрі өз тиімділігін көрсетіп үлгеріпті, бұл туралы өздеріңіз ізденіп қарасаңыздар да болады. Қазір көпшілігіміз ресей елінің иелігіндегі mail.ru сайтына тіркеліп өз аккауынтымызды ашқанымыз жасырын емес, сол арқылы агентке шығамыз, бір-бірімізбен қарым-қатынасқа түсеміз, бірақ ол өте ауқымы кең орасан үлкен портал болғандықтан ол жерде ұстаздың мүүддесі көзделмеген, жалпыға арналған сайт болып табылады, ал бұл сайтта сол мой мирдің көптеген мүмкіндіктері қарастырылуы мен қатар басқада мұғалімдерге қажет функциялар қолданылды:

1. өз жеке профиліңіз болады, суреттеріңізді, видеоларыңызды қоса аласыз, профиліңіде обложкыңыз болады.

2. Күнделік — күнделік ретінде пайдалана аласыз, оған кез келген тақырыпта жаза аласыз, тіпті күнделікті өтілген сабағыңызды да жариялап тұрсаңыз нұр үстіне нұр болмақ, оған басқалар өз пікірін қалдырады, демек пікір алмасу үшін тамаша алаң болмақ.

3. Файлдар — бұл жерге өзіңіздің файлдарыңызды жүктеп қоя аласыз, мысалы күнтізбелік жоспар, сабақ жоспарлары, ашық сабақтың үлгілері.

4. Сілтемелер — бұл бөлімге күнделікті интернетті ақтару барысында өзіңізге ұнаған сайтты, мұғалімдерге қажет деген ресурстарға сілтеме жасап қоюыңызға болады.

5. Форум — бұл бөлімге өзіңізді толғандырған бір тақырып жазып талқылауға ұсына аласыз.

6. Чат — бұл бөлімде агенттегі сияқты, сайтта отырған қолданушымен жылдам хабар алмаса аласыз.

7. Ойындар — бұл бөлімде бірнеше түрлі ойындар қойылған, зеріккенде ойын ойнап көңіліңізді көтере аласыз.

8. Менің музыкаларым — бұл бөлімге өзіңізге ұнайтын музыканы жүктеп қоя аласыз және онлайн тыңдай аласыз.

Сонымен қатар ұстаз бұл сайттың қолданушысы бола отырып, басқалардың жазбасына пікір қалдыра алады, басқалар жүктеген файлдарды түсіріп ала алады, жаңа адамдармен танысып әріптестік қатынас орната алады.

Сайттың дамып үлкен порталға айналуы немесе құрып жоғалуы алдағы уақыттың еншісінде, ең бастысы осындай сайт болуы керек деп шештік те жұмысты бастап кеттік.

www.pedsovet.kz
Әрі қарай

Интернет журналистиканы дамыту керек!

  • KazNET
«Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының кезекті отырысында қазақ журналистикасына жаңа пәрмен беретін, қадамын ашатын интернет журналистиканы дамыту керектігі айтылды.

Басқосуда Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен ақпараттық саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі кеңесінде көтерілген проблемалар талқыланды. Ақпараттық саясаттағы жаңашылдықты мамандар интернет журналистикамен байланыстырды.
Әрі қарай

"Тәжин тізімі" блогшылар үшін қорқыныш па, қуаныш па?

  • KazNET
Интернет ортада өткен аптаның басты тақырыбы «Тәжин тізімі» болды. 22 ақпан күні мемлекеттiк ақпараттық саясаттың өзектi мәселелерi бойынша өткен жиында Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалатыны туралы айтқан еді ҚР Мемлекеттiк хатшысы Марат Тәжин:

«Еліміздегі қоғамдық-саяси өнімдерді шығарумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының біртұтас мәліметтер базасын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішінде аяқталу керек. Бізде мәліметтер базасы болуы керек, шамамен сәуір айынан бастап осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіспіз. Мен осыны талап етемін, алайда бірде-бір мемлекеттік органдарда ондай мәліметтер базасы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айналысатын адам керек»

Бұл сөздерді блогшылар әр түрлі формада қабылдап, түрлі-түрлі пікірлер айтыла бастады. «Тәжин тізімі» деген атау да қойылып үлгерді. Мемлекеттік хатшы сол жиында не айтты, қысқаша қарап көрейік.
Әрі қарай

Латын қарпі: сарабдалдық қажет

  • KazNET
Елбасы Қазақстан Халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» десе, Жаңа жыл қарсаңында отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесу кезінде: «Латын қарпі бізге дүниежүзінің халқымен, әлемнің ғылым-білімімен қарым-қатынас үшін керек. Егер латын әліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ,
Әрі қарай