IT маманға күйеуге шықпау үшін 6 себеп
IT маман немесе қазақша айтқанда айтишниктер де қоғамның бір бөлшегі. 95 пайызы еркек жынысынан құралатын бұл санаттағы адамдар әлбетте басқа адамдар сияқты үйленеді, отбасы құрып балалы болады. Олар да адам екендерін еске алып тұрады. Бірақ әлі тұрмыс құрмаған қыздарға айтар кеңесім — бұл типтерге күйеуге шықпаңдар! Білместікпен айтишникпен тұрмыс құрып қойғандар енді ештеңе өзгерте алмайды, тағдырларына мойынсұнып жүре бермек. Адам 3 күннен кейін көрге де үйренеді дегендей олар да үйреніп кетеді. Дегенмен кейін «жігіт кезінде жақсы еді, жаман күйеу қайдан шықты?» деп жүрмес үшін оларға үйленбеудің мына себептерімен таныс болыңыздар:
1. Түнде ұйықтамайды
Түнімен ұйықтамай компьютер басында отырады да, ертеңіне түске дейін ұйықтайды. Таңертең үйге біреу келіп қалса залда қорылдап ұйықтап жатқан «аю» ыңғайсыздық танытуы мүмкін. Әлбетте түске дейін ешқайда да шыға алмайсыз, барлық жоспарлар тек түстен кейінге қалады.
2. Әңгімелеспейді
Айтишниктер жарытып әңгіме айтпайды, оларға одан да әлеуметтік желідегі соңғы коменттер қызығырақ. Сізді тыңдап отырғандай кейіп танытса да, ішінен «ана постыма анау пікір жазды ма екен?, мен оған қазір былай деп жауап беремін» деп ойлап отырады. Жалпы сөйлесу тақырыптары өте тар.
3. Өз өзіне қарамайды
Шаш, тырнақ сияқты нәрселерге тек аса маңызды жерлерге барар алдында ғана мән беріледі. Оған дейін жабайы адам кейпінде өмір сүре береді. Киім киісі де нашар. Тойға өзіңіз киіндіріп апармасаңыз футболка мен тізесі шыққан джинсы киіп келіп тұруы әбден мүмкін.
4. Салауатсыз өмір салтын ұстанады
Ішед, шегед. Спортпен әрине айналыспайды. Оған уақыт құртқанша бір сағат болса да комп басында өткізгенді тәуір көреді. Достары да сондай.
5. Балаларға қарамайды
Бала тәрбиесімен ұзақ уақыт айналысатын, олармен көп ойнайтын айтишник көрдіңіз бе? Егер көрген болсаңыз демек оның интернеті бітіп қалды деген сөз немесе техникаларында ақау бар. Сондай кезде адам екені естеріне түседі.
6. Дұрыс тамақ ішпейді
Жасаған тамағыңызға комплимент айтпауы мүмкін. Тамақ ол үшін тек қарын тойдыратын құрал ғана. Шәйді да 2 кеседен артық ішсе рахмет айтыңыз.
Әр нәрсенің плюсі мен минусы болады дегендей бұлардың да жақсы тұстары бар. Мысалы адалдық. Бұлар басқа әлемде өмір сүріп жүргендей болғанымен негізінде отбасыны асыраушы негізгі күш екенін түйсіктерімен сезеді. Пәлендей көп ақша таппаса да тапқанын отбасына жұмсайды. Полигамдық сезімдерден ада болғандықтан көңілдес те ұстамайды. Бір әйел жетеді оған. Демалыс күндері үйде отыратын болғасын балаларды және үйді сеніп тастап кетуіңізге әбден болады. Көп шығыны да жоқ, бар затын киіп жүре береді.
1-не келсек алдымен әйелін ұйықтатып барып отыратын шығар компта;
2) әйелдеріңіз көп сөзді емес деген сөз, мен сияқты біреу болса көңіл бөлмесіңе қоймас… Жай нәрседен сенсация жасап.
3) Ваннаға су жинап отырғызып, есігін сыртынан жауып кету керек, қасына тырнақ алғыш, сақыл қырғышы мен айнаны жақындатып…
4) қиын екен… бұны қалай шешуге болады екен?!
5) балаларын қасына отырғызып, мамасымен бірге біржаққа кетіп қалу керек… моншаға ма? базарға ма? амал жоқ үйренеді…
6) Біраз күн өте дәмсіз тамақ беру керек, сенің вниманиеңсіз өміз осындай дәмсіз деп!!! ары қарай екеуі де комплименттер айтып шығады өздері үшін… Қасына бокалға неше түрлі варение қосып шай апарып бере берсен шайға қатты үйренеді, ары қарай тек асханада ішуін талап ете бересін,,,
Жалпы олармен өмір сүру қызық сияқты ғой, қыздар, олар кездессе қуана беріңдер, главное адал жар болады екен…
Мынауларыңа сендік. Енді суреттегі басқа сегіз айтишниктің де пікірін күтейік
Досым осы мамандықты оқығысы келіп жүр, айттым не қыласың оны деп Енді оқып «желаниесі» кетіп қалды
Жазушыларда да жағдай осылай.
жауап жазындаршы.
1 кино бар ед! «Фантом» туралы. Кыскаша
сюжет былай, музейде Шынгыс ханнын аруагы
т! р! л! п алемд! Атом бомбасымен жармакшы
болады. Оган «Фантом» карсы турады. Шынгыс ханнын пышагынын басы т! р! Фантомнын
колын т! степ алады… Осы кинонын аты кандай?
Камеди клабта Павел Воля маска ки! п алган
стилист па или дизайнер ма б! реуге прикол
устайды. Анау-еркек, касында кызыда маскага
оранып отырады. Турлер! прикол енд!.. Сонын аты к! м?
біріншісі: түн жарымына дейін ұйықтамаймын, бірақ " Аю" сияқты ұйықтап жатайын десем әйелім қолына от алып жүреді, (Аю оттан қорқады, халық мақалы)
Екіншісі: комп алдында отырғанда ауызымнан сөз алу қиындау.
Үшіншісі:
Төртіншісі: Ішпеймін, шекпеймін, ал спортпен айналысу жағына келсем әрине зауқым болмаушы еді, мойыныма «Арал Тұз» дан арытық тұз жинала бастағасын соңғы кездері айналысып жүрмін.
Бесіншісі: әйелім бар, бірақ бала жоқ, әрине оған уақыт жоқ.
Алтыншысы: Тамақтың дәмділігін онша сезе бермеймін, ал үйде өзім жалғыз қалсам, әйелім қойған ыдыс сол орында еш қозғалыссыз тұрады.
Фейсбук және басқа желілерде отырады дегенді, бүгінгі итшник еместеге де қалыпты жағдай деуге болады.
Біздікі тивалғанда білмей қалған екен.
Аяқ-табағымыз дыбыссыз режимге қойып қойғандай, үнсіз сылдырлайды екен. Үлкен кісілермен бірге тұрғандықтан болар, агент арқылы ұрсысамыз, сәйкесінше күйдім, сүйдім деген сезімдер де сол агент арқылы.