Латын қарпі: сарабдалдық қажет
Елбасы Қазақстан Халқына арнаған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» десе, Жаңа жыл қарсаңында отандық жетекші телеарналар өкілдерімен кездесу кезінде: «Латын қарпі бізге дүниежүзінің халқымен, әлемнің ғылым-білімімен қарым-қатынас үшін керек. Егер латын әліпбиін енгізуге ақылмен келе алсақ, біз компьютер тіліне көшеміз, балаларымызға және бізге экономикалық және ғылыми кеңістікке енуге оңайырақ болады. Бұдан қашып құтыла алмаймыз, бұл – келешектің талабы. Сондықтан біз осыған ұмтылуға тиіспіз. Бірақ бұл мақсатқа біз үлкен сарабдалдықпен, байыптылықпен келуіміз керек» деп атап өткен болатын. Осыған орай, бүгінгі таңда қазақ жазуының латынға көшетін уақыты белгіленіп, маңыздылығы арта түсуде. Ендігі мақсат қалай көшеміз, неден бастаймыз деген мәселе төңірегінде ойласу. Сондықтан аса жауапты істі қолға алмас бұрын бірқатар мәселенің басын ашып алу керектігі байқалады.
1-сұрақ. Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары қалай белгіленеді? Бұл ретте біз латын негізді қазақ әліпбиінде 28 қазақ тілінің төл фонемасын белгілейтін әріптердің үстіне 3 – <в>,<ф>, <Һ> дыбыстарын беретін v, f, h әріптерін қабылдап, барлығы 32 әріптен тұратын әліпби болғанын жөн көреміз.
Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарын әріп тіркесімен емес, әріпүсті және әріпасты диакритикасымен беру өзге түркі халықтарының әліпбилерімен бірдейлестіруге және жазу үнемділігіне мүмкіндік береді. Профессорлар Ә.Жүнісбек пен Н.Уәли дауысты дыбыстарды әріпүсті қос нүктемен беруді алғаш ұсынған ғалымдар: <ә>-ä, <ө>-ö, <і>-i, <ы>-ı, <ұ>-u, <ү>-ü. Бұл латын жазуын қабылдаған түрік, әзірбайжан тілдерімен бірдейлестіреді.
Ал қазақ тілінің өзіне тән дауыссыз дыбыстарын әріпүсті доға немесе әріпүсті сызықша арқылы беруге: <ғ>-ğ, <ң>-ň, сондай-ақ <ш> фонемасын әзірбайжан мен түрік тіліндегідей – ş таңбасымен, <қ> фонемасын әзірбайжан және өзбек алфавитіндегідей – q графемасымен таңбалауға болады. Мысалы, äyel, ädemі, kökpar, küna, kіnä, ıķılım, ğalım, maň, šana, Qasaqstan,qasaq, şıňğis, Resey.
2-сұрақ. Кірме әріптер алына ма? Профессор Ә.Жүнісбектің зерттеуі және зерттеу қорытындысы бойынша, жаңа әліпби жобасында қазақ тілінің фонологиялық құрамын көрсететін 28 фонеманың таңбасы әліпбидің негізгі «сүйегі» болады. Ал тілімізге кирил графикасына дейін де араб тілінен енген сөздерді түпнұсқа принципімен жазу үшін берілетін және 1938 жылы қазақ жазуына енгізілген өзгерістің бірі болған v, h, f әріптерін қазақ дыбыстық құрамында соңғы 100 жылдықта болып жатқан үдерістерді көрсететін және белгілейтін таңбалар деп табамыз.
Жалпы, әліпби ауыстыру мәселесі бір жағынан жазудың тілге тигізетін әсері мол болғандықтан көтерілгені белгілі. Ендеше қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес, бөгде тіл фонемаларын сол тілден ауысқан термин сөздерді жазу, яғни емленің цитаталық принципі үшін ғана әліпби құрамына алу дұрыс еместігі айқын. Алайда біз тілдің даму диалектісін естен шығармауымыз керек сияқты. Тілдің дыбыс жүйесінде ф, һ, в дыбыстары болмағанмен, тапса – таńса, сепсе – сеńсе, абай – абай, ебедейсіз – ебедейсіз сияқты сөздерді айтқанда аћ ұрды, үћілеу тәрізді одағайларды дыбыстағанда пайда болатын п, б, к фонемаларының [п], [б], [һ] – вариациялары, Файзолла, Фазыл, Сайфолла тәрізді кісі есімдеріндегі <ф> фонемасының саналы да, санасыз түрде де айтылуы тілдің дыбыстық құрамында өзгеріс, даму жүріп жатқанынан хабар береді.
Тіл-тілдің дыбыс жүйесі өзгермейтін құбылыс емес. Кез келген тілдің дыбыс жүйесінде дыбыс реңктерінің дифференциациясы, көрші тілдің, кірме сөздердің әсерінен болған дыбыстық өзгерістер орын алады. Мысалы, орыс тіліндегі [а], [э] дыбыстарынан сөз басталмайтын заңдылықты шет тілден енген анкета, эпоха, этаж сияқты сөздер бұзып келген. Сондай-ақ екі дауыстының қатар келуі де орыс тілі фонетикалық жүйесіне қайшы еді. Бірақ қазір орыс тіліндегі поэт, ореол, аут, театр сөздерінде екі дауысты қатар таңбалана береді. Сондай-ақ орыс тіліндегі [ф] әрпі тек кірме сөздерді таңбалау үшін қолданылады: форум, факт, фонарь, софа, фильм, афера, форма, афоризм, эфир, профиль. XVII ғасырға дейін орыс графикасында да, тілінде де ч, щ, ц, х, э дыбыстары болмағанын тек 1760 жылы кірме сөздерде айтылғаны үшін алынғанын ескерсек, кірме дыбыс мәселесі орыс тілінің өзін де әсері болғанын көреміз.
Қазіргі ақпараттар ағыны, жаңа технология тасқыны толастамайтын ғасырда тіл сөздердің жаңадан жасалуын күтіп отырмайды, өмірге енген денотат, реалий сол түпнұсқа тілдің номинативтерімен келіп жатыр. Бүгінде ғылым, техника, әскер, қаржы, банк, спорт саласына қатысты лексика халықаралық (ортақ) сипат алуға ұмтылып отыр. Ғылыми-техникалық прогреске, өркениетке деген ұмтылыс тілде де бейнесін таппай қоймайды. Ендеше өзге тілдің терминдік атауын алуға тарихи прогрестің өзі итермелейді. Сондықтан бөтен тіл элементтерінен қашу кей жағдайда пуризмге соқтырады.
Біздің ойымызша, егер әліпби ауыстырудағы бір мақсат түпнұсқа принципімен алынған орыс алфавитінің әріптерін әліпби құрамынан алу болса және оларды латын әріптерімен беру мүмкіндігі болмаса немесе аз болса, қосар әріп, диакритикалық таңбалармен бейнелеудің қажеттілігі жоқ. Сондықтан f, v, h әріптерін өз қызметінде жұмсап, [х], [ћ] дыбыстарын кірме сөздерде һ әрпімен, <ц>=>/s/ (sement, sirk, sellofan, sentner, sifr, ceh), <ч>/=>/ş/ (şarlston, şempion, matş), /э/=>/e/ (elektir, energetike), <щ>-/=>/ş/ (şors, şὄtke) әріптерімен беру керек деп санаймыз.
Өйткені қазіргі қазақ тілінің артикуляциялық базасы босаң, жуысыңқы дауыссыздарды айтуға икемделді (тепсе, ақша, абай). Әрі тілдің болашақтағы дамуы ұяң, үнді дыбыстардың басымдығымен сипатталуы мүмкін. Сондықтан мысалы, qyqaіa [қыйқайа], qaqarman [қақарман], jiqaz [жыйқаз], uqlew [уқлеу], poto [пото], pilolog [пыйлолог], pilm [пійлм] деп, <ф>, <в>, <ћ> дыбыстарын тұйық дыбыстағаннан босаң, жуысыңқы айту сөздің естілімін жағымды етеді деп ойлаймыз.
3-сұрақ. Кирилшедегі и, у таңбалары қалай беріледі? Ұсынылған әліпбидегі y – латыншада [wai], бірнеше мағынасы бар, яғни [ I ] дыбысын беретін (symbol, myster-құпия, symphony, any, ready, lady), сондай-ақ әсіресе сөз басында [ j ] дыбысын беретін (you, youth, yes) – әрпін, профессор Ә.Жүнісбектің ұсынуы бойынша, қазақ сөздеріндегі дауыссыз, үнді <й> фонемасын беруге әбден болады. Ал [ый], [ій] дыбыс тіркесін таңбалайтын «ұзын и», «дауысты и» деп әріп-фонема қатынасынан қате түсініліп жүрген и таңбасы жаңа графика бойынша қазақ сөздерінде жазылмайды. Ал халықаралық терминдер мен ел аттары і әрпімен жазылады. Мысалы, kino, institut, himie, tehnike, kibernetike, fizike, film. Бұл фонология тұрғысынан жүйелі. Яғни сый, тый сөздерінде ғана жазылып келген орфограмма енді барлық и таңбаланатын тұстарда жазылатын болады. Мысалы: сыйлық – sıylıq, сиыр – sıyır, ми – mıy, инелік – іynelіk,қияр – qıyar, тиын – tıyın.
Қалай жазылса, солай оқылу нормаға айналған бүгінгі қазақ жазба тілі мен ауызша тілінің арасындағы ажырағысыздықты жазба тіл арқылы реттемесе, енді бір 20 жылда қазақ тілі өзінің ұлттық орфоэпиялық ерекшелігінен айырылады. Қазіргі қазақ жастарының орфоэпиясында ерін үндестігі мүлде жоғалды деуге болады. Сөз тіркесіндегі ырғақтық топтарда, екі сөз жігіндегі ықпал да бірте-бірте көмескі тартуда. Сонда күту – кütüw, miy – ми, jiyǔw – жию делініп, дыбыс тіркесі ажыратыла таңбаланса, қалай жазылса, солай оқып дағдыланған түйсік біртіндеп сөздің дұрыс айту нормасын меңгере бастайды.
Сондай-ақ тағы бір мынадай сұрақ туады. У дыбысы ұу, үу болып тіркесе ме, әлде ыу, іу болып тіркесе ме?
<у> фонемасы өзге дауыссыздардан алдынан не соңынан [ұ] дыбысын қосып айтуымен ерекшеленеді (басқа дауыссыздар қысаң, жуан езулік [ы] дыбысын қосып айтады). Бір қызығы, ХХ ғасырдың басында – қазақ орфоэпиялық нормасына «сызат түспеген» дәуірде А.Байтұрсынұлы бұл позициядағы инвариант дыбысты <ы> деп тапқан. «Қазіргі тұжырымдардан, алуб десек, келіб демей, келүб десек, онда алұу, барұу деуге болады. Оның үстіне алыуды – алыс, барыуды – барыс, келіуді – келіс деген сөздермен алмастыруға болады. Ендеше у-дың алдына ұ, ү әріптерін салудың еш қисыны жоқ» (А.Байтұрсынұлы Емле туралы // Қазақстан Республикасы БжҒМ ҒА Хабарлары. 2000, №3.) дейді ғалым.
Қазақ тіліндегі кез келген дауыссыздың алдынан не соңынан қысаң езулік қосылып айтылады. А.Байтұрсынұлының сөзімен айтсақ, «жеке айтқандағы ауыздан шығуынша жазу түрін қолданып келген қазақ» (сонда) қысаң, жуан езуліктерді инвариант деп табады: [бы], [жы], [ыр], [қы]. Осы жүйе бойынша, [ый], [йы], [ыу], [уы] болуы керек. Бірақ <й> фонемасының айырым белгілері қысаң езуліктермен дыбыстатады. Ал еріндік дауыссыз болып табылатын <у> еріндіктермен дыбыстатады. Сонда «исключение» у фонемасында ғана. Ендеше [ұу], [үу] таңбалануға тиіс емес, фонетикалық вариант болып табылады. Егер біз жаңа орфографияда <у> фонемасын дыбыс тіркесіне ажыратып жазсақ, онда тауық, сауық, жауық, сеуіп, теуіп, кеуіп сияқты сөздерде ы орнына ұ, ү жазу керек. Өйткені дыбыстың алды мен соңы бірдей позицияда. Мұнда дыбыс инварианты фонема емес, дыбыс варианты таңбаланған болып шығады. Бұл орфограммалар, әрине, қазақ сөзінің дұрыс айтылу нормасын сақтауға көмектеседі. Қазақ тілінің дыбыстық құрамы жаңа сауаттанатын баланың санасына дұрыс бекиді.
Қиын сұрақ. Егер латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне ауысарда осы орфограмманы таңдасақ, тіліміздегі ерін үндестігінің қаншалықты басыңқы сипатта болатынына келісіп алуымыз керек.
– Құю – qǔyǔw, үю – üyüw, сою – soyǔw, күю – küyüw, осындай транскрипциялық жазуды қабылдауға тілұстармандардың (профессор Н.Уәли термині) санасы қаншалықты дайын?
– Сөз аяғында, соңғы буында ұ, ү еріндіктері жазылмайды деген ережені алып тастағанда үндесім турасында шекараны қалай айқындап аламыз?
Осы сауалдарды әбден ойланып шешкеніміз жөн. Әрине, біздер тілшілер қауымы жаңа графикада қазақ сөздерінде у, и әріптерінің дыбыстық құрамын ажыратып, ал халықаралық терминдерді, ел, халық атауларын жазуда «ұзын и», «ұзын у» әріптеріне і және u таңбасын алғанның негізі бар деп көреміз: Ukraina, Belorus, ministir, universitet, institut. Бұл мәселеге педагогтар, психологтар, жазармандар, экономистер не дейді? Ақылдасайық!
4-сұрақ. Кірме сөздер қалай жазылады? Жоғарыдағы 28 төл дыбыс, 3 кірме дыбыс таңбасымен халықаралық терминдерде де, әрине, үндесімге бағынып жазылады. Олай етпесе орыс орфографиясының нормасына жүгіну тағы басталады: химия – himie, физика – fizike, техника – tehnike, компьютер – kämpüyter, хоккей – käkkei болып жазылуы тиіс. Қазіргі терминдердегі жұрнақтардың көбі орыс тілі арқылы енген латын суффикстері екені белгілі. Мысалы, -ция – -sion/-tion деген латын жұрнағы, ол орыс тіліне presentation, construction, action деген сияқты сөздердің құрамында келген. -ist, -ism, -al жұрнақтары да pianist, physicist (физик), abstractionism (абстракционизм), central, formal сөздерімен енген. Ал жаңа қазақ жазуында түпнұсқа тілдегі жазылуы бойынша таңбаланғаны жөн. Ол түрік тіліндегі терминденуге де сәйкес келеді. Мысалы, түрік тілінде филологиялық терминдер я аударылады, я түпнұсқаға жақындатылып жазылады: мorfoloji, fonetik, fonem, grafikler, transkripsiyon. Сонда қазақ тіліндегі жұрнақтар -ция, -изм емес, -sion, -ism болып жазылу және айтылу керек.
Жалпы, ендігі қазақ жазуы латын графикасындағы өзге түркі тілдерімен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жеңілдету және бірегейлендіру бағытында болуы керек.
Бұл аяқталған, қорытынды тұжырым емес, ойласу үшін берілген пікір, сондықтан басы ашылмаған, әсіресе кірме сөздердің жазылуы, и, у әріптерінің таңбалануы сияқты мәселелер негізді, тұжырымды пікірлер күтеді.
Құралай Күдеринова,
Сүлейман Демирел университетінің
доценті, филология ғылымдарының докторы
дерек: anatili.kz/?p=11550

Ал жетпістегі әжеңізге латынша үйренудің керегі жоқ. Өйткені кириллица алғашқыда латынмен бірге қатар қолданыста қала береді екен, айтуларынша.