Керекинфода Орыс тілі сағаты

  • KazNET
Көпшіліктің қалауымен ертең жұма күні Астана уақытымен 10:00 — 11:00 арасында еліміздің бас тілі Орыс тіліне құрмет ниетінде 1 сағат бойы жазбаларыңызды, пікірлеріңізді орыс тілінде жазуларыңыз сұралады. Қатысу ерікті түрде. Ешкімді қинамаймыз. Рахмет, нақты!
Әрі қарай

Бақыт Сыздықованы қолдаймын немесе Твиттердегі қазақ тілі күні туралы

  • KazNET


Кеше Твиттерде қазақ тілі күні өтті. Яғни барлығы қазақша жазулары керек болды. Тілді дамыту акциясы.

Өзімнің жеке пікірімді айтатын болсам: өте күлкілі акция бұл. Тілімізді төмен көру деп есептеймін. Осының арқасында шалақзақтар өздерінше қазақша сөйлеп, понт ұстап қалады.

Депутат Бақыт Сыздықова дұрыс айтады, еркіндік болуы керек.

Өзін қазақпын деп есептейтін әр қазақ онсыз да қазақша жазады. Күштеп адамды қазақ қылу керек емес.
Әрі қарай

Wordpress.com Қазақстан үшін жабылды ма?

  • KazNET


Google оқиғасынан кейін Wordpress оқиғасы да басталып жатқан сияқты. Бүгіннен бастап wordpress.com платформасындағы блогтар ашылмай тұр. Себеп не болуы мүмкін? Себеп менің ойымша қазақстандық біраз блогтардың шетел серверінде орналасуында болуы мүмкін. Келесі кезек Ucoz-да болуы мүмкін. Біраз сайт сол платформада орналасқан.

Уақытша істемей тұрған шығар деп қателескім келеді…
Әрі қарай

2012 жылдың соңғы сайты: KerekNews - Латын әліппесімен жаңалықтар сайты

  • KazNET


www.kereknews.kz

KerekNews — тек қана латын әліппесімен берілетін жаңалықтар сайты.

Мақсат латын әліппесіне қызықты жаңалықтар арқылы көз үйрету, латын әліппесін кеңінен насихаттау.

Әзірше ақпараттық қолдау ғана болғанымен алдағы уақытта сайтымызда басқа да көмекші құралдармен бөлісетін боламыз.

Бізбен бірге болыңыз!
Әрі қарай

Жаңа интернет жоба: Wi-fi 25

  • KazNET


Жаңа жоба басталды интернетте, аты Wi-fi 25

Жігіттердің идеясы ұнады. Жалпы осындай стеб ұнайды маған. Біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Бірақ, ең болмаса интернетте мұндай жобалар болуы тиіс. Болашақта бұдан да жақсы болып кетер деген оймен жігіттерге сәттілік тілеймін.
Әрі қарай

Google.KZ кетті Қазнеттен

  • KazNET

Бүгіннен бастап Google.kz домені өз қызметін тоқтатты. Тоқтатқанда қалай, істеп тұр ғой бірақ kz доменімен емес. Com-ға өтіп кетеді. Өйткені бізде жақында шыққан заңға байланысты KZ доменіндегі барлық сайттардың хостингі тек қана Қазақстан
Әрі қарай

Ең нашар газет сайттары

  • KazNET
сурет: Азаттық радиосы
сурет: Азаттық радиосы

Қазір қазақ сайттарының басым көпшілігі ақпараттық, яғни БАҚ өкілдері сайттары. Оның ішінде газет сайттары. Бүгін сол газет сайттарының ішіндегі ең жамандарынан бір жинақ жасап отырмын.
Әрі қарай

"Халық сөзі" халыққа жетіп жатыр ма?

  • KazNET


Маған соңғы кезде ұнап жүрген газеттердің бірі — Халық сөзі. Шыны керек сатып алмаймын, бізге жұмысқа әкеліп тастайды. Сондықтан алып, оқып жүрмін. Дизайны да, мазмұны да мықты газет. Ешқандай ұлтшылдық пафос жоқ. Әсіресе тек Айгүл Аханбаева үшін ғана алып оқуға болады. Іш пыстырмайтын газет.
Әрі қарай

Ерлан Оспан, IT маманы: Жаңалықты телеарнадан емес, микроблогтан ертерек білеміз

  • KazNET

— Ерлан, сарапшылар жыл ба­сында «2011 жылы қазақ интер­нетінің дүмпуі болады» деп болжап еді. Сіздің ойыңызша, қазақ ин­тернетінің өрістеу динамикасы көңіл көншітіп жатыр ма? Қазірше бұл сала көбіне тек өзіңіз сияқты энтузиастардың арқасында тілін қазақшаға бұрап жатқан жоқ па?
— «Сарапшылар» неменеге сүйе­ніп «дүмпу» болжағаны мен үшін жеті қат жердің астындағы құпия. Серпілістің қандай алғы­шарттарын көріп, «дүмпу» туралы қорытындыға келді екен? Ал қазақ интернетінің өрістеу қарқынына келетін болсақ, мұнда әділдіктің шыңы орнаған деп білемін: біз қандаймыз — интернетіміз де сондай.
Қазақтілді интернетті дамытуға құзырлылар да, құлықтылар да кей­де арты шаманизмге ұласатын әрекеттер жасайтын сияқты. Ақшамен көмкерілген дауылпазды сабалаған топ отты айналып жүгі­ріп жүр. Барлығы аласұрып, бір тылсым формула іздеуде.
Әрі қарай