Wordpress.com Қазақстан үшін жабылды ма?

  • KazNET


Google оқиғасынан кейін Wordpress оқиғасы да басталып жатқан сияқты. Бүгіннен бастап wordpress.com платформасындағы блогтар ашылмай тұр. Себеп не болуы мүмкін? Себеп менің ойымша қазақстандық біраз блогтардың шетел серверінде орналасуында болуы мүмкін. Келесі кезек Ucoz-да болуы мүмкін. Біраз сайт сол платформада орналасқан.

Уақытша істемей тұрған шығар деп қателескім келеді…
Бөлісу:

87 пікір

omarbirat
Менде блогтардың барлығы дерлік ашылып тұр.
asaubota
провайдер қандай?
omarbirat
Оны білмедім. Нұрсат шығар.
urimtal
Атыраудамын. Блог ашылып тұр. Бір жазба орнатып та көрдім. Тексермекке. Техникалық қателік болуы мүмкін. Алдында да осындай оқиға болған.
asaubota
мүмкін Қазақтелеком емес басқа провайдердан кіріп жатқан шығарсыңдар?
urimtal
мүмкін. Осында отырғандар әртүрлі провайдерлерден тексеріп көріп, жауаптарын қалдырса, жақсы болар еді.
VKM
Ашылмайды менде.Мегалайн болса Қазақтелеком ғой?)
HaLiL
Қазақтелекомнан сұрастырдым. Олар ешқандай доменді жапқан жоқпыз дейді.

Егер де басқа провайдерлерде ашылып, тек Қазақтелекомда ашылмаса, 8-800-080-1010 телефонына (звонок тегін), немесе мегалайнерлер 160, 165 номерлеріне звондап заявка қалдырғандарың дұрыс болар.
Пікір түзетілген: 10 маусым 2011, 12:00
balzaminka
Қазақтелекомнан кіріп отырмын, ашылмайды
direct
менікі мегалайн, қозоқтелекомғой) сонда да бальзаминка блогы ашылып тұр))))
asaubota
Асхат «Techne Hotel» деген жерден Казтранском арқылы кіріп отыр, ал Омар сенікі Алматытелеком.

кім қандай немен кіріп отыр және ашылып тұр ма жазып отырыңдар.
Jacqabaies_Chirac
қозақтелекомнан кірмей тұр уордперсске танертен ғана кіргем казір кірмейд нақ, сулап та көрдім, сықпа май да жақтым кірмейд нақ
yerbol89
Министірліктегілер таза қуып қалған. Ия менде де ашылмай жатыр. Бұл өзі бір енді алға жылжып келе жатқан интернетті кері тарту болды ғой. Дебил Дядя Шал точна алжыған. Барлығының былықпайын шығарып жатыр. 70 пайыз сайтқа келетін трафик Гуглдан еді енді ол да жоқ. Өзім қолданбайтын Яндекстің жаны кіретін болды.
asaubota
шалдың ұсынысы ма? толығырақ айта кетсең.
qisyq
Ашылмайды. Таңертең ғана кіріп едім, қазір қарасам, жоқ.
Aikona
нақты білмейм. Менде ашпай тұр.
Пікір түзетілген: 10 маусым 2011, 10:58
Janasil
Ашылмайды. Инет туралы шыққан заң кімнің қолында бар екен? Оқығандарың бар ма?
meirzhan
Менде де ашылмайды. Мен универдан кіріп отырмын. Мыналардың бастары істейме-ей. Шенеунік-блогерлер не дейді екен.
omarbirat
Оппа! Менде де ашылмай қалды.
TOTY
Таңертең ғана жұмысқа келгенде оп-оңай ашылып тұрған, мына жазбаны оқығаннан кейін қарасам, енді ашылмай тұр блогтар, негізі қазақтелеком біздікі.
meirzhan
Демек Асаубота бізді сендіріп жіберген, ашылмайды деп.
asaubota
таңертең сендер сияқты келді де бастықтары жабыңдар дегесін шамамен 10-ға таман жауып тастаған ғой. сондықтан таңертеің ашылып тұрған. бізде мындай күні жабыңдар деген кезде мындай күн деген түнгі 00:00-ден бастап емес, жабушының жұмысқа келу уақытынан басталатынын ұмытпау керек.
Beytanis
Бұрындары «ойбай, майл.ру енді Қазақстан үшін жоқ!» деген байбалам шыққан еді, енді мыналар шығуда. Бәрі ми с*гу!
Aikona
білмейм мейл ру үшін қатты қайғырмас ем, бірақ көп достарыммен агент арқылы сөйлесіп тұрам. Сондықтан да Ерлан Оспан айтпақшы, өзіміздің мейл ру сияқты бәрін қамтыған жақсы әлеуметтік сайтымыз керек. Ойламда, гугульге, блогтарға тиіскенше неге сондай жақсы сайт жасауға жұмсамайды екен күштерін нақтар!
direct
гугульге, блогтарға тиіскенше неге сондай жақсы сайт жасауға жұмсамайды екен күштерін
«ашылып» қалатын жерлерін қайта жабу, жамап-жасқау тіпті мүмкін емес болғандықтан күштерін жақсы сайт ашуға жұмсай алмайды. Адамдардың болар болмас жәй бірдеңкемен алданып отырғанын қалайды.
asaubota
бостан босқа жаппайды ғой. демек гугл мен вордпресскомға жақсы альтернативалары болса керек. бізде үкімет халық үшін бәрін істейді.

лібә осы сөздеріме өзім сенбей отырмын )
direct
гуглға қандай альтернатива жасайтынын білмейм, бірақ уордпресстің альтернативасы «мәңгүртпресском» болса керек деп шырамытып отырмын.
HaLiL
;-) Сабыр түбі — сары алтын. Баж-балам салмай, ақырын күтейік, Вордпрестің проблемасы — техникалық ақаулар болуы да мүмкін. Асхат Вордпреске сауал жіберген секілді, ол жақтың да жауабын күтейік.
Ал гуглдің кеткені түсінікті. Министрліктің ойланбай істеген шараларының нәтижесі соған әкелді. Қазір МСИ тығырықтан қалай шығарын білмей әлек.:-)
asaubota
техникалық ақау болса басқа жерлерде де ашылмауы керек қой, егер Wordpress.com-ның өзінен болса деймін.
timurrr
Ереке, менің түсінбегенім, ол заңда нақты айтылған ғой, бұл заңға дейінгі тіркеліп қойған адамдарға осы ереже жүрмейді деп. Ал гуглдің кз доменін бір жылға алмағаны белгілі. Ендеше ол неге кетіп қалған не оны неге кетірген? Дәл сол гугл бір жылға домен алып, соны жыл сайын созып отыр дегенге сенгім келмейді…
konvict
Менікі де ашылмайды. Мегалайнмен отырғанмын.
konvict
wordpress.com ашылып тұр. Бірақ блогтар ашылмайды. Мұрат Әбеновтікі де ашылмайды.
meirzhan
Ол кісінің блогы ерекше ме еді. ол да юзер
konvict
Оныкі үшеулік емес, екеулік болғанына ашылатын шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем ол да біз секілді юзер екен ғой
Arhun
Ал шәй іш…
Бұл көпке бара ма? /ашылмай ма?/
19852407
қалғанын білмим,orkenegro.wordpress.com ашылмайт
asaubota
міне мына анонимайзер арқылы барлығы ашылып тұр cameleo.ru/

ешқандай ақау жоқ, біздікілер бан қойған болуы керек.
konvict
Ура, анау сілтемемен ашылды. Рысбек
Пікір түзетілген: 10 маусым 2011, 13:09
maqpal
менде «Нұрсат» таңертең бағана ашылған болатын, сосын сағат 11-лерге қарай ашылмай қалды
Nurzhol
GSM Kaz ашады, Қазақтелекомның мегалайнымен ашпай тұр. Сосын, қазақша гугл аман болсын. Бұйырса, www.google.tk ауысып жатса, нұр үстіне нұр)
Пікір түзетілген: 10 маусым 2011, 12:42
serjan
Гугылге не болды сонда мен ештеңе байқамадым.
Beytanis
гугл бар, кз-сіз.
serjan
Мен де ашылып тұр, тек қазақша сөздермен, Тор, кескін, топтар
Бір сәті түсер дегендей.
Beytanis
Бәрі домен, ақпараттық қауіпсіздік, т.т. байланысты түйткілдер.
maqpal
бұл құдды марат деген атыңызды тартып алып, майкл деп қойған сияқты
Erkekyz
Алма-тв, кірмейді.
19852407
"Қазақстанда Интернетке қолжетімділік жылдамдығы екi есе артады" деп салды…  
baq.kz/kaz/news/cat/1/4246
asaubota
сосын ол интернетпен қай сайттарды қараймыз?
daniyar
ru.wordpress.com/ саспаңдар орыс блогтары да ашпай тұр, бірге көреміз не болса да)))көппен көрген ұлы той!
asaubota
орыс емес жалпы вордпресс.ком астындағы барлық субдомендер ашылмайды.
daniyar
білемін, жалпақ тілмен айтқаным ғой)
izbasar
Е, сол орыстың қолтығына тығылу қашан арыламыз.s
satibaldi
Парламентке апаратын наразылық табытын жасаймын, қожайынмен арақ ішемін. e-mail: sheshes@inbox.ru
saken
менде де тек анонимайзермен ғана ашылып тұр.
Erbol
cameleo.ru арқылы ашылды, бірақ тек оқуға ғана болады. Админ беті ашылмады.
AKY
Естері дұрыс емес екен
asaubota
Министрліктегі бір досым мені кінәлады өтірікші деп. ашылып тұр ғой дейді. ойланып қалдым, неге оларда ашылып тұр ал бізде жоқ. әлде тек соларда ғана ашық па екен, мүмкін өздері кіріп тексеріп жатқан шығар әр қайсысын. әлде ода кэштан ашылып тұр ма екен деген де ой бар.
asaubota
кэштан ашқан болуы керек. продвинутыйлау біреуден сұрап көрдім, ашылмай тұр дейді.
Gamk
Ұялы телефонмен кіріп тұр барлық блогтарға.
Пы.сы. Уайымдап қалдым ғой.
talgatjez
Ұялы телефоннан менде де ашылды. Комптан кірмейді екен((
Erbol
Ашылды, жаңа ғана кіріп көрдім.
konvict
Менде әлі ашылмады
Erbol
Мегалайнмен Opera turbo арқылы ашылып тұр.Жәй Операмен ашылмайды.Қуып тұр.
Пікір түзетілген: 10 маусым 2011, 21:43
Serzha
reader арқылы кіріңдер
omarbirat
Үйде ашылып тұр. Күндіз бірнеше блог ашылмаған еді. Қазір бәрі ашылып жатыр.
talgatjez
мозилламен ашылмайды екен
urimtal
Opera Turbo-мен де ашылмай тұр. Блогтың өзі ашылғанымен Құрал-саймандарға өткізбейді. Сіздерде де солай ма? (Мегалайн)
konvict
Менде де солай болып тұр
Erbol
Менде Megaline, Opera Turbo-мен ашылып тұр. Құрал-саймандар да ашылды.Жазба да орнатылып тұр.
urimtal
Хммм. Opera 11.11 нұсқасын орнаттым. Сонда да ашылмайды. Opera браузерінің баптауларын өзгерту керек пе?
konvict
Қайдам! Менде ашылмады құрал-саймандар. Неліктен бұлай болып жатқандығыныа жауап беретін біреу бар ма екен?
Zilola
менде уопшым ашылмайды
Aikona
Не болды өзі? Мен үйден, Кселл конект арқылы да ашылмай тұр мүлдем.
saken
Билайнның ЮСБ модемімен отырмын. Ашылып тұр барлығы. Құрал саймандар да.
umirbek
WP ашылдыма ағайын...
asaubota
қандай жақсы анонимайзер бар Керекке кіріп, пікір жаза алатындай? sammita жаза алмай жатыр, жұмысында жауып тастапты біздің сайтты.
Abilakim
Керектен не зиян көрді екен олар,ә? Саммита ханым жұмысын тастап сайтта ғана отырған ғой
meirzhan
мен webpvn.org пайдаланам, өртпресс пен ЖЖ-ны ашу үшін.
Mansy_kz
Mozilla Firefox ашылып тур менде.
izbasar
Келесі кезек ucoz дейсіңбе Аршат. ойбай атай көрме