Wordpress.com Қазақстан үшін жабылды ма?

  • KazNET


Google оқиғасынан кейін Wordpress оқиғасы да басталып жатқан сияқты. Бүгіннен бастап wordpress.com платформасындағы блогтар ашылмай тұр. Себеп не болуы мүмкін? Себеп менің ойымша қазақстандық біраз блогтардың шетел серверінде орналасуында болуы мүмкін. Келесі кезек Ucoz-да болуы мүмкін. Біраз сайт сол платформада орналасқан.

Уақытша істемей тұрған шығар деп қателескім келеді…
Әрі қарай

Орташа Есеппен Қазақ Журналисі

— Қазақша өте жақсы білемін деп ойлайды. Жалпы бар ойы – осы ғана. Бұдан басқа ойларын Инеттен көшіріп алады;
— Міндетті түрде ауылда туған болады (қалада туғандары — орыс редакциясында);
— Онымен сөйлескен адам: «журналистпен сөйлесіп тұрмын!» деп, өзін бақытты сезіну керек деп есептейді;
— Газетке, ТВ-ге біреуді шығару арқылы, оны бақытты қылдым деп есептейді, қарсылық білдірсе түсінбейді.
— Жауабы — сұрақтың ішінде тұрған сұрақтар қоюдан — әлем чемпионы. Мысалы, онсыз да дым айта алмай қор болып отырған менттің бастығына: «Қылмысты осылай алдын алып отырса, нұр үстіне нұр болмас па еді?» деген сұрақ қояды. Бірақ кейде менттер оның да жауабын ойланып отырады.
Әрі қарай

Google.KZ кетті Қазнеттен

  • KazNET

Бүгіннен бастап Google.kz домені өз қызметін тоқтатты. Тоқтатқанда қалай, істеп тұр ғой бірақ kz доменімен емес. Com-ға өтіп кетеді. Өйткені бізде жақында шыққан заңға байланысты KZ доменіндегі барлық сайттардың хостингі тек қана Қазақстан
Әрі қарай