Wordpress.com Қазақстан үшін жабылды ма?

  • KazNET


Google оқиғасынан кейін Wordpress оқиғасы да басталып жатқан сияқты. Бүгіннен бастап wordpress.com платформасындағы блогтар ашылмай тұр. Себеп не болуы мүмкін? Себеп менің ойымша қазақстандық біраз блогтардың шетел серверінде орналасуында болуы мүмкін. Келесі кезек Ucoz-да болуы мүмкін. Біраз сайт сол платформада орналасқан.

Уақытша істемей тұрған шығар деп қателескім келеді…
Әрі қарай

Мақсат күлдіру емес



Алдында Крис пен Олиден сұрағанбыз сіздер флудпен, троллингпен қалай күресіздер деп. Олар негізі сұрақты түсінбеді, яғни ондай мәселе жоқ деді олар. Оларда өйткені бір қолданушы этикасы бар, басқаны сыйлау, басқаның ойын сыйлау түсінігі бар. Ал бізде өкінішке орай бұл әлі мәселе болып келе жатыр. Мақсат басқаларды күлдіру сияқты болып тұрады. Күлу, күлдіру әрине жақсы, Құдайға шүкір күлдірткіш таланттардан кенде емес екенімізді де көріп жүрміз. Бірақ, осыны азайтсақ қайтеді? Күлкінің де реті бар ғой, күлдіруге, күлуге арналған посттар да жетіп жатыр. Салмақты тақырыптар, каменттерді де әрі қарай келеке, мазақ қылып кетпесек қайтеді? Одан да сол тақырыпта жақсы ойымызды жазып, басқаның ойына да құрметпен қарасақ жақсы емес пе? Бұл жерде бәрі бір ойда болуы мүмкін емес қой, пікір жазу, пікірталас та сол үшін емес пе адамдар салиқалы пікірталас жасаулары керек. Бұлай кете берсек сайтымыз арзан сайттардың бірі болып кетеді.
Әрі қарай