Мақсат күлдіру емес
Алдында Крис пен Олиден сұрағанбыз сіздер флудпен, троллингпен қалай күресіздер деп. Олар негізі сұрақты түсінбеді, яғни ондай мәселе жоқ деді олар. Оларда өйткені бір қолданушы этикасы бар, басқаны сыйлау, басқаның ойын сыйлау түсінігі бар. Ал бізде өкінішке орай бұл әлі мәселе болып келе жатыр. Мақсат басқаларды күлдіру сияқты болып тұрады. Күлу, күлдіру әрине жақсы, Құдайға шүкір күлдірткіш таланттардан кенде емес екенімізді де көріп жүрміз. Бірақ, осыны азайтсақ қайтеді? Күлкінің де реті бар ғой, күлдіруге, күлуге арналған посттар да жетіп жатыр. Салмақты тақырыптар, каменттерді де әрі қарай келеке, мазақ қылып кетпесек қайтеді? Одан да сол тақырыпта жақсы ойымызды жазып, басқаның ойына да құрметпен қарасақ жақсы емес пе? Бұл жерде бәрі бір ойда болуы мүмкін емес қой, пікір жазу, пікірталас та сол үшін емес пе адамдар салиқалы пікірталас жасаулары керек. Бұлай кете берсек сайтымыз арзан сайттардың бірі болып кетеді.
Bir qyzygy, kuldirudi maqsat etkender de plus qoiypty))
біліп те отырған шығар ауторы. ішім білсін алу ай деп.
/Саммита, сенің камментіңнің артына байқаусызда жазылып жатыр, айып болмасын я./
Айып болмасыншы
Оның әдептен тысқары жазбасы төлеу сөз еді. Былайынша қыздар арасында тым бейәдет кеткендерді байқамаппын:)
сосын, модер керек шығар контентін бақылап отыратын ;) мүмкін админ үлгере алмайтын шығар жалғыз өзі, модерлер сайланға әр қауымдастықты, жеке блогтарды бақылап отыратын.
Біздің бір кемшілігіміз қатты бауырмалдығымызда((( осы сайтта отырғандардың бәрі реалда бірін/бірі көріп, таныс етене арласқандар болғандықтан да, көңіліне келіп қалар деп ойлап, ешкімді/ешкім ескертіп жатқан жоқ :( сосын жеке басты қорлау, сөз айту мүлде жат тірлік, тақырыпқа бола айтар уәжің болса айт, болмаса өз жолыңмен кете бар!
белгіленген жерлерге назар салыңыз! қып/қызыл мойындамау ғой))) заман 21 ғасыр, қазір тіпті, бір/бірін сотқа беріп жатыр, пікірге бола инеттегі ;)
бұл гопниктерге арналмаған сайт! біз біреудің қорлағанына мәз болып, немесе, өзімізге тиген қатты* сөздерге қарап отыра бермеуіміз керек пе? ;) үйімде естімеген нәрсемді неге айдаладағы біреуден естуім керек?
Элитамын деп көкрек қағып тұрғаным жоқ, жай достық ой тек менікі!
Сосын инетке неғып келдім деген сұрақты қойып барып кіру керек деген Өрімталдың бір постысы есімде.
Балалық/жастық кімде болмайды, бәріміз кезінде инет деген осы екен деп бас салып, жаздық/сыздық, бірақ адамда бір өсу болу керек. басымыз 4-5 жыл, аяғымыз 2-3 жыл мысалы форумдарда жүргенімізге, бірақ со баяғы қалып.
Мейлі тегі, инеттен қыруар қаржы тауып, сымдық болып кетпесекте, жай нағыз мамандарға көмектесе алсақ болатын шығар. Ажь кейбірі тіптен, осындай әуждерден, компекс пайда болып, жариялауға, жасаған нәрсесін көрсетуге ұялып қалады. шыны керек, бұл инетке нағыз мамандардың қолы жетпей жүр :( солармен салыстырғанда біздікі тек ысырап!
келің, пайдалы іс істейік сол айтпағым :)
Так, ұзын сөздің қысқасы әр кім өзіне бір қарап шықсын ә? :) жазалану жағын өзімнен бастайын)))ох аямай жазаланайық))) жазаласын бізді!))) қай жерде дұрыс жазбадым пайдасыз постымды тап қазір алып тастайын? кешегі жұмыртқаны ап тастадым бағана… пайдасыз шығар шынымен :(
көп жазып кетсем, кешіріңіздер :)
айтпасан сөздің атасы өледі деуші ме еді.
жақсы сөз жарым ырыс!
Тым қатты айтып жіберсем кеЧр :)
сайттың заты атына сай болсын деп жазғаным ғой, көп аадм келіп шошып кететін сияқты. қазір байқасаңыздар жаңадан қослыып, пайдалы нәрселер жазып жүргендер бар. соларды қолдап отырайық, сосын басқалар да қосыла бастайды.
Сосын ескерту айтып, бірдеңе десең, минустасаң, соңыңа прожектор алып түсетіндер де бар. Өз басымнан өткен жайт)) Кейін олармен салғыласып отыруға уақыт та, тілдің өткірлігі де жетпей жатады.
Ең дұрысы — игнор жасау. Плюстеме, минустама, пікір де жазба. Кейін өзі қояды. Ал бізде соны үрлеп әкетіп, қолпаштаушылар бар. Соның кесірі ғо бәрі.
Әбіләкім арзан, тақырыпқа сай емес бейәдеп сөздерін азайтсын.
Бірі анау шпагатқа отыратын мұғалім оқиғасында.Мойындаймын артықтау кеттім. Алып тастадым содан сооң…
Екіншісі, Киберчайхана жайындағы жазбада. Жұрттың бәрі Саммитаны көрдік деп жатыр екен. Тақырыптан қатты ауытқығаным жоқ. «Саммита көрінбейтін төстартқыш тағып алды деп кім айтты?» деп жаздым. Көрінбейтін шәпкі дегендей. Өмірде «көрінбей кеттің ғой» дегендерге, көрінбейтін дамбал киіп алғанмын деп айта берем мысалы
naqmet raq)
керекинфоның шеңберінде?Репрессия басталса, ешкім-ешкімнен артық емес, сатыпалды да түзелсін)
нақметрақмет)Ақырзаман белгісі біз сыйлаған Сатекең,
Алқаштықты тастаса.
Ақырзаман белгісі — ешкім флуд жазбаса.
«Мұртты мырза» өзі кеп,
Комменті біздің оқыса…
Кезек сенде
«мұртты мырза» комменттеріңді оқымайды деп,
Үш әріпті артыңа жібермейді деп.
Жақсы пікір үстіне флуд артылар! депқойсам ыххххх
Әзірге самомодерация нәтижесі мынандай болып жатыр.
— Оффтоп жазба.
— Өйбай, өзің жазбайтындай тіпті.
— Мен сенің жеке басыңа тиісіп жазбаймын зато.
— Ал мынау ше? " Бла бла бла, бұтақбас екенсің!"?
— Ия, енді арасында болады бірақ жалпы оффтопты сен менен көп жазасың!
— Жгіттер қойыңдаршы, бос сөз жазбай!
— «Жгіттер» сен алдымен қатесіз жазуды үйрен!
— Сенің боқтағаныңнан тәуір әйтеуір!
— Болды, бос сөзді көбейтпейік!
— Жарайд, аватарың құтты болсын, Мир!
— Қайтадан бастадың ба?
— Не болды сонша, мир деп тұрмын ғой.
-Флуд қой мынауың!
— Сен қойсай бірінші.
— Қойдым.
— Че то сенбей тұрмын.
— Болды ғой, мыжымасайш.
— Мыжысам ше? Админге шағымданасың ба?
— Ұялмайды екенсің.
— Ұятты болған түрің құрысын.
-т.с.с.
— Адамға «жасама», "істеме", "ұйқтама", «ешкім оқымасын» деген сөздердің әсері өте аз.
Өйткені біздің сана түбіндегі түйсігіміз болымсыз бұйрық райды болымды түрде қабылдайды. «Жасайық, „істейік“, „ұйқтайық“, „бәрі оқысын“ деп түсінеміз.
Флудты болдырмаудың жолы, флуд туралы әңгіменің орнына, пәтуалы әңгіме жазу. Әлгі шалдар шайтаннан құтылу үшін, оның атын атама деуші еді. Атын атаған сайын, аты аталған нәрсе еске түсіп, мәнді әңгіме туралы ойды ысырып тастайды.
Сондықтан, не істемеу керек деген сұрақтан көрі, не істеген дұрыс деген сұраққа жауаптар көбірек болғаны жақсы. Мұндағылардың көбі не жазарын білмейді. Блог жүргізуденгі контент таңдау, және қалай мардымды комент жазу керегі жайлы қызықты ақпараттар, кеңестер, нақты ұсыныстар, керекинфолар болса, мына жазбадан көрі эффективтірек болады. Адамға мың рет „бұзық болма“ дегеннен көрі, бір рет нақты кеңес, бір рет нақты бағыт-бағдар бергеннің әсері молырақ.
Маған сенсеңіздер.
кетпесін сайт құлдырап.