Сең қозғалды. Астанада алғашқы форум өтті.

Астана қаласындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінде алғаш рет ІТ форум өтті. Форумның қалай өткені маңызды емес дәл қазір. Бастысы бұл көптен бері айтылып жүрген нәрсенің сөзден іске көшуі. Алғаш рет жиналдық, жұртпен таныстық, бір нәрселер үйрендік, үйреттік, жаңа идеялар пайда болды. Жастардың белсенділігі ұнады, Талғат бастаған топ өз жұмыстарын беске атқарып шықты. Бәрі риза болып кетті деген ойдамын.

– Қуаныш, өзің блогосфераға қалай келіп жүрсің?

Бүгін Астана уақытымен СТВ каналына берген сұхбатым көрсетіледі. Әңгіме сол баяғы интернет қой :)
Басқосуда Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен ақпараттық саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі кеңесінде көтерілген проблемалар талқыланды. Ақпараттық саясаттағы жаңашылдықты мамандар интернет журналистикамен байланыстырды.







