Мойында, нах...

Әбіләкімнің  ауылы: Мойында, нах...
Менің тұзым жеңіл ғой. Тосын оқиғаларға тап болып жүремін. Ротаға жауапты болып қалғанмын. Таңертең солдаттармен қосылып жүгіріп келуге шықтым.Әйтүп-бүйтіп 40 минуттай уақыттан соң казармаға кірдік.Жүгірерде бушлатымды кубрикте (солдаттар жататын орын) қалдырып кетіппін. Этажда 4 рота бартын. Келе сала қалтамда ұмытып кеткен соткам есіме түсті.Ойлағанымдай алып кетіпті. Таптырмай кететінін сезсем де іздестірдім.Таба алмадым бәрібір. Уақыт өтіп жатты. Біраз уақыт басқа нөмірмен жүрдім де өз нөмірімді қайта жасатып алдым. Көктемге салым үйге екі адам іздеп келіпті. Қарындасым жұмыста деген соң әскери бөлімге келді. Құжаттарын көрсетті.Оперлар екен, бөлімдеріне баруымды өтінді.Мен комбаттан сұранып бардым. Жол бойы жақ ашпады. Ойша өзімнің соңғы кездердегі іс-әрекетімді тізіп келем.Қай жерден шикілік кетті деп.Мал ұрлаған жоқпын, қыз зорлаған жоқпын не болды екен?! Бөлімшеге келген соң,
— мына нөмір сенің нөмірің бе?-деп соткамның нөмірін көрсетті.
-Менікі
-Онда мына қызды қайдан танисың?
-Танымайм, бірінші рет көріп тұрмын.
-соткаң қайда?
-өзімде…
-Сони Ериксон К750-іңді айтып отырмын.
-Ондайды ұстамаппын
-сенімен басқаша сөйлесу керек пе?-сөйлесіп отырған каптиан (құжатында солай жазылған) жанындағы тырық біреуге иек қақты.Тіземнің қолтығынан дубинкамен салып өтті.Тізерлеп отыра қалдым… Ашып кетті…
-осы саған керек пе?
-ал, сіздерге не керек өзі?-
-Мойындағаның керек
-нені?
-мына қызды, өлтіргеніңді, соткасын алып өз симкаңды салып звандағаныңды.
Жауырынымнан суық тер бұрқ ете қалды. Кісі өлімі...Құрыған жерім осы болды. Сенетін көкемде жоқ.Қарындасыма смс жазып менттер екенін айтқанмын. Уайымдамасын деген ойым ғой, еш криминал жоқ дегендегім мынау.
-Сонымен…
-Мен емес, түсіндіріп айтыңызшы.
-Пәлен күні қайда болдың?
-Үйде болған шығармын… Көп уақыт өтіпті ғой.есімде жоқ.
-Онда есіңе сала отырайын, сен ол күні мынанша уақытта мына қызды тонап, пышақтадың. Телефонын алдың, онымен қоймай өз нөміріңді салып звандадың. «География связи» деген болады бала! 10 секундтан артық сөйлескендерді жазып ала береді.
Менің миыма соткамды жоғалтқаным, нөмірімді қайта жасатқаным түсті. Оқиға мен басқа нөмірде жүрген кезде болған екен.
-Мен соткамды жоғалтқан едім.Сенбесеңіздер Кейселл орталығына барайық. Қайтадан жасатарда өтініш жазғанмын…
Біздің полицияның тез қимылдағаны осы ма,әлде ана қыздың өліміне байланысты қылмыстың уақыты созылғанына байланысты ма білмеймін, мені салып алып аталған жерге тез жетті. Өтінішті тексерді. Қайтадан бөлімдеріне келіп, менің барлық «данныйымды» жазып алып босатып жіберді.Кейін белгілі болғандай, бір солдаттар сотканы «гражданкадағы» адамдарға сатқан екен. солай-солай қылмыс ашылып, мен аман қалдым.
Әрі қарай

Nefret feat Ceza. ISTANBUL



Стамбул! Шынымен әлемдік қала. Сүйікті қалаларымның бірі. Стамбул туралы ән көп. Бірақ мына Стамбулға арналған рэп ерекше әсер берді. Жұмыстан шаршаған кезде басты жақсы демалтады. Жоғары темпте рэп ұнататындарға. Клипі әлсіз, музыкасы, сөзі жақсы.
Әрі қарай

Бір минутта өзін таныта білген Еркеш..

Астаналық 8-шы сынып оқушысы Еркеш Хасен, Ресейдің «Минута славы» бағдарламасын шулатып қайтыпты… Александр Масляков, Мария Шукшина және Петр Толстой ең жоғарғы балды беріп, баланы мақтаған екен…


Әрі қарай

Қылмыс романын оқығандарың бар ма?

Алаш жұрты ауыр қазаға душар болды. Қытайдағы қазақ жазушысы, «қылмыскер» деп айыпталып, өмірінің қырық жылын тар қапаста, қалғанын үйқамақта өткізген Қажығұмар Шабданұлы 86 жасында бақиға аттанды.

Бір көңіл жұбатарлығы, ақсақал түрме ішінде жазған «Қылмыс» романының 6 кітап болып Қазақстанда жарық көргенін көріп кетті.
Әрі қарай

«Ұлттық ғашықтар күні» VS Валентиннің күні

«Әулие Валентин күні» деп католиктер 14 ақпанда атап өтетін ғашықтар күнін алматылықтар 15 сәуірге шегерді. Бұл туралы Алматы қалалық білім беру басқармасының жанындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің бастығы Қатипа Молдабаева мәлімдеді.

Қаңтар айында Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет, жастар саясаты мәселелері жөніндегі және баспасөз қызметі алда жасалатын шаралардың жоспарын бекітті. Осы құжаттың 7 бөліміне сәйкес, «Ұлттық ғашықтар күні» 15 сәуірде кең көлемде аталып өтілетін болды. Осы құжатқа және жасөспірімдерді бұрыс тәрбиеге бағыттайтын бұл мерекеге қарсылық білдірген ата-аналардан келіп түскен көптеген шағымдарға байланысты биыл Әулие Валентин күні қала мектептерінде ескерусіз қалды. Сонымен қатар «Болашақ» қозғалысы 11 ақпан күні «Валентин күні» атап өтуге қарсы шаралар ұйымдастырды.
Әрі қарай

Пірән-Суан Кафка. «Процесс»

«Шегетін дым жоқ» ©Ақзере

Зал лық толды. Сотты Опера және Балет Театрында ұйымдастырған бір-түрлі екен: ана жер, мына жерде балериндердің дамбалдары, кірлеген мәсілері шашылып жатты. Бірақ амал жоқ: шағымданушылар Әділет Үйінің залына сыймады. Қазірдің өзінде бес мыңдай адамның, сотты далада плазмалық панельден
Әрі қарай

Кәлимасын айтқызу

Қазақтарда (мұсылмандарда) ақтық демі үзілгелі жатқан адамның тілін кәлимаға келтірту бар. Бір жігіт ағасының жары аурудың салдарынан болар қайтыс болыпты. Үйіне келген молда,«тілін кәлимаға келтіріп кетті ме?»деп сұрапты.
-Молдеке, өзім айтқыздым кәлимасын-депті отағасы.
-Не айтқыздың?-деген молдекеңе,
-Кә-ли- ма-деп айтқыздым депті әлгі кісі.
Әрі қарай

Сөз сарасы (эссе)

«Тоқитын жіп жоқ» ©Ақзере

Менде бір керемет сюжет бар...: Сөз сарасы (эссе) — Әлгі малатаңанә келді ме? – деп сұрады Жұмамұрат Саймон.
— Тап қазір келді, Сізді шатырда күтіп отыр! – деді оққағары тақылдап.
— Әбілдер...-деген ренішті Жұмамұрат Саймон, шатырға көтерілді.
Шатырда тапсырыс кеше берілсе де, бүгін келіп отырған «Кәрбоз Хеликоптердің» өкілі тікұшақтың есігін айқара ашып күтіп отыр екен. Жұмамұрат Саймон қалтасынан бір парақ қағаз шығарып, оққағарына берді де:
— Кешегі сызып қойған шеңбердің ортасына бекіте бер! – деді.
Өзі тікұшаққа отырып көтеріле берді. Сауырын қыздыру үшін бір-екі айналым жасап келген соң, оққағарынан рациямен:
— Бекіттің бе нақ?-деп сұрады.
— Бекіттім! Іске сәт, шеф! – деп саңқ ете қалды. Сол-ақ екен, Жұмамұрат Саймон пилотқа:
— 320 метрге көтеріліп, биіктікті сол қалпында ұстап тұр! – деп әмір берді.
… Шеңбер анық көрініп тұр екен. Бекітілген қағаз көрінбейді, бірақ шеңбердің қақ ортасы арқылы шырамытуға келеді. Жұмамұрат Саймон іштей: «ал, бастайын» деді де, жерге түкіріп жіберді. Сосын оққағарынан рациямен:
— Тиді ме? – деп сұрады.
— Жоқ. Менің бетіме тигеніне қарағанда, солтүстікке отыз метрдей жылжу керек сияқты! – деді оққағары…
… Түкіре-түкіре аузы құрғап кеткен Жұмамұрат Саймон, тілімен барлық бездерін жаланып, ақырғы тамшыны әрең жинады. Ауызының бұлшық еттерін әрең жиырып келіп, «тіфу!» деп түкіріп кеп жіберді. Сосын оққағарына қарады.
Әне оққағары шеңбердің ортасына жүгіріп барды. Әне қолына бектіліген қағазды алып жатқан сияқты. Әне, рацияны аузына апарды… Әне…
— Құттықтаймын шеф, дәл тиді! – деді бір кезде рация. Жұмамұрат Саймон бақыттан шаттанып кетті.

***
…-Мистер Жұмамұрат, есіңізде болса, біз өткен аптада ресми көзқарасымызды жазып, Сізге беріп жіберген болатынбыз. Оқып па едіңіз? Қандай қорытынды шығардыңыз?
— Білесіңдер ме, лібәдтар! Сендердің көзқарастарыңа үш жүз жиырма метр биіктіктен түкіргенім бар, түсіндіңдер ме! – деді Жұмамұрат Саймон. Соңғы сөзі бұрынғыдай емес, екпінмен, салмақпен, сәтті шыққандай болып көрінді оған…
Әрі қарай

Қанатта кетті қазақтан...

Әбіләкімнің  ауылы: Қанатта кетті қазақтан...
Самбодан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған Қанат Байшолақовты білмейтін қазақ кемде-кем. 80-90 жылдар аралығында дүниеге келген біраз Қанаттың есімі осы кісінің құрметіне қойылған болатын. Кейінгі жылдары дзюдодан еліміздің қыздар құрамасын жаттықтырып жүрген ағамыз, қазақ спортына өзіндік үлес қосқантын.
Өзі туған Жаңаарқа ауданына жол тартқан ағамыз жолда тоқтап тұрған жеңіл көлікке көмек көрсетпекші болып тоқтаған екен. Қарға көмілген көлікті “Камаз” көлігін тоқтатып шығармаққа ниеттенген ағамызды ақ түтек боранда жүргізуші аңғармай қалса керек. Ауыр соққы алған жігіт ағасының жүрегі Жаңаарқасына жете бере мәңгілікке соғуын тоқтатты. Қанат Байшолақов тірі болғанда биыл ердің жасы елуге толатын еді.
Әрі қарай