Пірән-Суан Кафка. «Процесс»

«Шегетін дым жоқ» ©Ақзере

Зал лық толды. Сотты Опера және Балет Театрында ұйымдастырған бір-түрлі екен: ана жер, мына жерде балериндердің дамбалдары, кірлеген мәсілері шашылып жатты. Бірақ амал жоқ: шағымданушылар Әділет Үйінің залына сыймады. Қазірдің өзінде бес мыңдай адамның, сотты далада плазмалық панельден тамашалауына тура келіп тұр.
Залға айыпталушы – «Экскавация» АҚ трактористі енгізілген кезде, жұрт толқып кетті. «Дауылбай лібә!!!», «Мал епті!!!», «Тігем нақ!!!» деген қоқан-лоқы әр жерден айтылып, айыпталушыға лағнат қарша борады. Судья Джексон әрі-бері сабырға шақырып еді, болмады. Амалсыздан қалтасынан тапаншасын суырып алып, аспанға екі рет атқанда, зал сап тиылды.

Сонымен, барлығы – 8 734 шағым түсіпті айыпталушыға. Шағым аса көп болғандықтан, алдымен ең ірі зардап шеккендерден бастап қанағаттандырайық, келісесіңдер ме? – деді судья Джексон.

Залдың әр жерінен «дабай, дабай!», «керекинфо, керекинфо!» деген дауыстар саңқ-саңқ етті.

Онда бірінші сөз кезегін – 62 435 633 теңге 43 тиынға жапа шеккен Жұмамұрат Саймонға береміз!

Жұмамұрат Саймон тығыны ашылып сөйлеп кетті:

Әбіл десейш. Әкімшіліктегі малдарды суарып, кіретін жерлерінің барлығына кіріп жүріп, байланыс желісін тартуға тендер алдым. Үш ай бойы арамтер болып тартқан линиямызды мына малатаңә барыпты да, трактордың қалағын жерге бір салып, үзіп кетіпті!

— Екінші сөз кезегі «Күзенбай және немерелері» бау-бақша комплексінің директоры Күзенбайға берілед!

Күзенбай да аянып қалған жоқ:

— Уа жама’ат, осы уақытқа дейін ешкімнің ала жібін аттамаған адаммын. Дачы. Қартайғанда ермек болсын деп, өзен жағасынан жетпіс гектар жер алып, папайя егіп тастағам. Ертеңіне келсем: жерімнің әр жері шұрқ тесік! Есімнен танып қарап тұрсам, ар жақта мына пяншікатаңанә әлі қазып жатыр! Бұл не, ауру ма сондай?

Күзенбай сөзін бола бере, мектеп директоры Рысжан Фрекенбок сөйлеп кетті:

Қайда барсақ та – жер шұрқ тесік! Аурухана толы апанға абайсызда құлап майып болғандар! Қайда барсаң да...

Жә, жетер, жетер, эмоцияны қояйық, – деп кейіді судья Джексон, — одан да ақшаны қалай өндіріп аламыз, соны ойланайық. Бұ алқашатаңанәлеттің ақшасы түгілі, ауыстырып киетін дамбалы да жоқ. Өткенде тұтқынға алуға барғанда, бар дүниесі мынау қобыз екен. Қайтеміз?

Осы жерде айыпталушы тракторист елең ете қалды. «Тек қобызыма тимеңдер, тек қобызыма тимеңдер!» деді тракторист Қорқыт жыламсырап. Өкпеге қатты булығып, талықсып кетті. Ұйықтаса – өңі екен…
Бөлісу:

20 пікір

patick
сболыш, ішкі құрылысымызды аясаңшы :))))))))))))))))))))
Abilakim
Қайда барса Қорқыттың көрі)))))))))))
TERISKEI
Сатеке!!! Рыспек!!! Рыспек!!! Өлдім-ау өлдім, жұмыстағы жанымдағылар жындысың ба,өзіңнен өзің күле бересің,-деееп Каблукова адресін нұсқап жатыр...:D))))))))))))))))
sammita
өлдіммммм күлкідееен! Жарайсыыың!!! "Ұйықтаса — өңі екен..." ))))))))))))))))))))
Gulistan
Сатеке, жалғасын күтеміз:)
Jacqabaies_Chirac
Залдың әр жерінен «дабай, дабай!», «керекинфо, керекинфо!» деген дауыстар саңқ-саңқ етті
)))))))))))))))))))))))))))))) әбіл-ай нақ
Zilola
уахахахахххххххххххххх, жынД десе, ващще :)))))))))))))))))
konvict
Күлкіден шегім түйілді
kaztarih
ау Сатеке бәрі жақсы, бірақ Процесте «Адвокат құдаша» болушы еді, сол персонаж ұмыт қалыпты ИМХО…
satibaldi
Аты Иозеф Ка еді ғой деп, арқаңнан вешалка шығарсайш.
aza
ненің жырқылы? әнебір финлы болмаса ұйықтаса өңі кен деген, ептііі
Gastarbaiter
Касторкасыз кетті тағы))))
VKM
сатыпалдыға зачот;)))расшифровкаға біраз уақыт кетті
qisyq
Обал болған екен.
TERISKEY
Мынадай дүниелер боса, Сатекесі, тағы, тағы…
MakpalNurlybek
обалы неси кайта дурыс бопты они екен)))