Бір минутта өзін таныта білген Еркеш..

Астаналық 8-шы сынып оқушысы Еркеш Хасен, Ресейдің «Минута славы» бағдарламасын шулатып қайтыпты… Александр Масляков, Мария Шукшина және Петр Толстой ең жоғарғы балды беріп, баланы мақтаған екен…



Артынан Авраам Руссо екеуі қосыла ән шырқаса керек..«Мен басында онымен бірге ән айтасың дегенде сенбедім, кейін оны көргенде аяқтарым дірілдеп кетті» деген екен Еркеш… Еркештің продюссері қазаққа танымал әнші Марат Омаров…

Бөлісу:

34 пікір

Zere
Бұл баланың арқасында «Минута славаң» бір байып қалайын деп тұр. ))
saken
Ріспект бұл балаға!!!
«Айгөлекті» жүргізетін бала ғой!
Abilakim
Айгөлектің жүргізушісі ғой
gunner
Баланың талантына күман келтіргенім емес, бірақ ресейлік каналдардың қазақстандық көрермендерді назарына тарту үшін тырысатын сияқты. «Битва экстрасенсов», «КВН»,«Минута слава» деген бағдарлмаларда қазақтар жүреді әйтеуір.
sammita
маған мынаны жіберіңдер дабай, қарай алмай отырмын((( Марат Омаровтың шәкірттері кілең осындай жас балалар, астаналық Рүстем Жүгінісов деген жас бала бар шәкірті. Мықты енді сөзім жоқ. Маладес, Мәке!
TERISKEI
Мына Еркешті әнеугүні тд-ден көріп мен де ырзаааааааааа боп қалдым че! «Айгөлектің» жүргізушісі екенін білетінмін. Сұмдық әнші екенінен хабарым жоқ екен. Не ғой, Саммита тілге тиек еткен Рүстем Жүгінісовті бұрын көп көрсетуші еді, соңғы сәт экраннан ғайып болды, қайда кетті екен, білетіндерің бар ма?
sammita
білмедім. Анасын танимын, театрда актриса болып жұмыс істейді. Кішкене кезінде ұжымдық тойларда ән айтатын. Қалалық шараларға, шетелдік байқауларға қатысып жүретін.
alisha
Керім жақсы өзі, тіл-көзден сақтасын!
saken
қазақшаға да өзге тілге де судай екен!!! тіфә-тіфә!!!
alisha
қасындағы серігі өзінен өткен… Мәдиналарды осылардың мастер-класстарынан өткізсе артық етпейді…
Huan
Риза болдым, жақсы екен!
Djina
Ия керемет айтты әнді… Ресейліктер қазақ баласының талантын мойындады… Ата-анасының мейрімінсіз, жетім өсіп жатқан бала деп таныстырып жатты жүргізушілер...Қазыларда, халықта Еркешке бір аяушылық көзбен қарап отырды… көздеріне жас ұялап… Асіресе Мария Шукшина…
alisha
не дейді… мына балаларды ата-аналары мақтан тұтатын шығар деп ойлайтын ем тд-дан көріп отырып…
saken
түсінбедім?

алдында осы Қазақстан арнасынан мамасы екеуін көрсеткен сияқты еді ғой…
Djina
Айтеуір жүргізушілер -«Несмотря на то что он сирота, растет без родителей он любить петь» деп айтты… Анык естідім…
monti
өзін еркін ұстайтын балақай екен. малдес!

негізі мықт бағдарлама :)
бірақ ана жолы аяқтары жоқ екі бала билеген кезде. жүрегім тоқтап қалд :(
Erkekyz
Бала үшін қуанып отырмын. :)
balenti
менім ойымша бұл деген басекелестік, баска елдің «Минута славасымен» потому что, осынын алдында интернетте бір осы балмен шамалас кыз Атып шыкты, Украинский Минута слава катысып, ол кыз кароче Бионсты даже перепела… а мынау соган альтернатив болып табылады! кароше, минута да ары карай багдарламага сенбеймін, типа Авраам мен айтат екі ай жатып дайындалды десе и то сенбеим кой 3 ай дайындалган шыгар деп!!!))) корерменге не керек ШОу керек, мя саган шоу!)))
bazuka
бұрын Мұрат Мынтұрғанов қарындасы екеуі шыққан кезде әкесі атақты цирк әртісі болып тұрсада, папам дворник деп айты артынан Аргументы и факты газетіне берген сұхбатында шоуды ұйымдастырушылар осылай айтындар деген. ана қатысушылар көбі әртістер екен. сізбен қосылам ол тек канал рейтингін көтеретін шоу ғана.
sammita
Мұтырғанов.
bazuka
қате жазғаныма кешірім сұраймын
sammita
:)) ештеңе етпейді, Құтырғанов дегенді де естігенбіз)
omarbirat
Сол Мұтырғанов Айгүл Иманбаеваға үйленіпті, әкесін де аула сыпырушы қылып жіберіпті… опшым, берген интервьюлеріне өтірікті қосып жіберіп, журналистерді, онымен қоса халықты алдауды өзіне хобби қылып алған біреу ғой деймін :)))
bazuka
сенбі күні ОРТдан көріп отырып «Жарайсын!» деп қойғам. өзін күшті ұстады.
sammita
мына Еркештің Абрааммен айтқан әнінен кейін Марат Омаров қандай ән айтты, жұрт қалай қабылдады? Видеосы болса қоя отырыңдар, не шоуды көргендер болса ТВ-дан жазыңдаршы.
Djina
Марат Омаров ән айтқан жоқ.Тек Еркеш өнер көрсетіп болған соң бірер ауыз сөз айтты.Сосын Авраам Руссоға композитор ретінде бір әнімді сыйға тартам деді.Бірақ Әбекен қуана қойған жоқ, жәй жымиып отыра берді.
sammita
ее мен ендеше сыйға тартам дегенін орындаған шығар сахнада деп ойладым. Ағамыздың ойы мықты екен ендеше:))
nurbergen_makym
)))))))))))))))))))))))))))))
Лібә, дархандық пен дарақылықты шатастырып жүрісін… ИЗО-ның 2-ші курс студентінің «Третьяков» галереясына мен бір туындымды сіздің музейге сыйға тартамын дегенімен бірдей ғой, нақ!
sammita
:))))))))) таппайтының жоқ)))
Abilakim
+1 аттым. Ризамын
asaubota
Еркештен гөрі ана қасындағы кішкентай бойлы бала мықты жүргізеді, ал ана қыз үлкен апалары сияқты қорқақ, опреатор, режиссерларға көп жалтақтайды, сөйлеп тұрған конкурсанттың не айтып жатқанын тыңдамайды.
asaubota
Алматыға бара жатып пойызда осы бала туралы оқыдым. менің жерлесім екен, Ақтөбенің Хромтау қаласынан. мамасы 1 жасында қайтыс болыпты, әкесі де жоқ ау деймін. бала нағашы әжесінің қолында өсіпті, кейін әжесі Астанадағы қызына әкеліп тастапты. кішкентайынан мектепте ән айтқан, сосын айгүлектің алғашқы маусымына қатысқан. дауысын Марат Омаров ұнатып қалып, осы балаға қазір ерекше көңіл бөліп жүр екен. жетім бала болса да, Марат Омаров сияқты қамқоршысы бар деп, оған да шүкір етуге болады. баланың көзіне қарасаңдар, бір мұң бар, қайтсын өмірі мұңмен басталған… арты жақсы болсын.